Монитор (дисплей) - текстік және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Монитор түрлі түсті және монохромды (қара-ақ ) болып бөлінеді. Монитор текстік және графикалық режимді қарстыратын видеоадаптер деген арнайы құрылғының басқаруымен жұмыс істейді.
Текстік режимде экран 80 символ не 250 символ сиятын 25 жолға бөлінеді. Бұл жолдардағы орынға кодтар таблицасындағы кез - келген символдарды енгізуге болады.
Графикалық режимде бейне не сурет телевизордағы сияқты белгілі бір түске боялған нүктелердің бірігуі арқылы құрылды. Қазіргі уақытта EGA видеоадаптері бар түрлі түсті монитор кең тараған (Enhanced Graphic Adapter –– жақсартылған графикалық адаптер)
Текстік режимде бұл мониторлардың экранында 16 түстің бірі фонға, жолға енгізілген символға сәйкес болады.
Графикалық режимде бейненің жақсы шығуы видеоадаптердің мүмкіндігіне және қабілетіне байланысты.
Бұл дегеніміз горизонталь және вертикаль бойынша шығарылатын нүктелер саны. Адаптердің мүмкіндігі немесе қабілеттілігі оның жұмыс істеу режиміне байланысты. Бейненің экрандағы ең кіші элементі (нүкте) пиксель деп аталады. Текстік режимде программалық – аппараттық құрылғылармен әр символ үшін пиксельдерден матрица құрылады, бұл матрица символ бейнесінде экранға жазылады. Суреттің, кескіннің экранға жақсы бейнеленуі манитордың физикалық берілгендеріне видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты. текстік режимде компьютер мониторларының бір – бірінен айырмасы сәл ғана, графикалық режимде видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты кескінніңде сапасы артады.
Тышқан
Қазіргі көптеген прогаммалармен жұмыс істеу үшін тышқан немесе оны ауыстыра алатын құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғыларды көрсеткіш (указатель ) құрылғылар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |