Лекция 2 Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК 1 Лекция 3



бет3/20
Дата18.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10317
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
. Жiпке зарядталған гильзаны iлiп, оған электрленген шыны таяқшаны жақындатайық. Олар бiр-бiрiне тiкелей тиіспесе де жiпке iлiнген гильза өзiнiң вертикаль қалпынан ауытқып, шыны таяқшаға тартылады Осыдан зарядталған денелер бiр-бiрiмен тiкелей тиiспесе де әсерлесетiнiн көремiз. Осы кезде бiр денеден екiншiсiне әсер қалай берiледi? Мүмкiн, бар мәселе олардың арасындағы ауада шығар? Мұны тәжiрибе жүзiнде анықтайық. Зарядталған электроскопты (шыны пластикалары алынған) ауа сорғыштың қалпағының астына қойып, одан ауаны сорып тастаймыз. Сонда бiз ауасыз кеңiстiкте де электрокоптың жапырақшалары бiр-бiрiнен тебiлетiндiгiн көремiз (14-сурет). Демек, электрлiк әсердiң берiлу процесiне ауа қатыспайды. Ондай болса, зарядталған денелердiң өзара әсерлесуi не арқылы жүзеге асады? Бұл сұрақтың жауабын ағылшын ғалымдары М.Фарадей (1791–1867) және Дж. Максвелл (1831–1879) өз еңбектерiнде бердi.

Фарадей мен Максвеллдiң еңбектерiне сүйенсек, зарядталған денелердi қоршап тұрған кеңiстiк, басқа денелердiң айналасындағы кеңiстiктен өзгеше. Зарядталған денелердiң айналасында электр өрiсi болады. Электрлiк әсерлесу осы өрiс арқылы жүзеге асады. Электр өрiсi – кез-келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан ерекше, материяның айырықша бiр түрi болып табылады. Оны көру немесе ұстау мүмкiн емес. Электр өрiсiнiң бар немесе жоқ екендiгiн, тек оның әсерi арқылы бiлуге болады.



Электр өрiсiнiң негiзгi қасиеттерi қарапайым тәжiрибелер арқылы анықталады.

1. Зарядталған дененiң электр өрiсi, осы өрiстегі кез-келген зарядталған денеге қандай да бiр күшпен әсер етедi.

Зарядталған денелердiң әсерлесуiн зерттеуге қойылған тәжiрибелер осыны көрсетедi. Мысалы, зарядталған гильза электрленген таяқшаның өрiсiнде тарту күшiнiң әсерiнен оған жақындайды



2. Зарядталған денеге жақын аралықта өрiс күштiрек, ал алыста әлсiздеу. Мұны тексеру үшiн тағы да зарядталған гильзамен жасалған тәжiрибенi қарастырайық (13-сурет). Гильзаны тiрегiмен бiрге зарядталған таяқшаға жақындата түсейiк. Бiз гильза таяқшаға жақындаған сайын жiптiң вертикальдан ауытқу бұрышы үйкейе беретiнiн көремiз (15-сурет). Бұрыштың үлкеюi, гильза электр өрiсiнiң көзiне (зарядталған таяқшаға) жақындаған сайын оған өрiс соғұрлым көбiрек күшпен әсер ететiндiгiн көрсетедi. Осыдан, зарядталған денеге жақындаған сайын оның өрiсiнің күшейетініне көз жеткiземiз.

Сонымен, зарядталған таяқша ғана өз өрiсiмен зарядталған гильзаға әсер етiп қоймай, гильза да өз өрiсiмен таяқшаға әсер етедi екен. Зарядталған денелердiң осындай бiр-бiрiне әсер етуiнен олардың өзара электрлiк әсерлесуi байқалады. Электр өрiсiнiң әсерiн диэлектриктермен жасалған тәжiрибелерде де байқауға болады. Диэлектрик электр өрiсiне енгiзiлгенде, осы өрiс әсерiнен оның молекулаларының оң зарядталған бөлiгi (атомдық ядролар) бiр жаққа, ал терiс зарядталған бөлiгi (электрондар) екiншi жаққа ығысады. Бұл құбылысты диэлектриктiң поляризациясы деп атайды. Электрленген денелердiң майда қиқымдарды тартуы, осы поляризациямен түсiндiрiледi. Бұл қиқымдар негiзiнен бейтарап. Бiрақ электрленген дене (мысалы, шыны таяқша) өрiсiнде олар поляризацияланады. Қиқымның таяқшаға жақын жағында таяқша зарядына таңбасы жағынан қарама-қарсы заряд пайда болады. Осы зарядпен әсерлесу электрленген денеге қағаз қиқымдарының тартылуына себеп болады. Электр өрiсiнiң зарядталған денеге (бөлшекке) әсер ету күшiн электрлiк күш деп атаймыз: Fэл —  электр күшi. Электр өрiсiне түскен бөлшек осы күштiң әсерiнен а-үдеуiн алады. Оны Ньютонның екiншi заңынан анықтауға болады:Электр өрiсiн графиктік кескiндеу үшiн Фарадей заманынан бастап күш сызықтары қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет