Лекция: 20 Семинар: 6 СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90 Аралық бақылау (АБ) 40 б



бет1/3
Дата05.11.2016
өлшемі1,93 Mb.
түріЛекция
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ




«Филология және психология» факультеті
«Тілдер» кафедрасы

«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінен
050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(силлабус)

Оқу түрі: сыртқы_____________________


Курс: III



Кредит саны: 2

Лекция: 20


Семинар: 6

СӨЖ: 64

Барлық сағат саны: 90



Аралық бақылау (АБ) 40 б

Қорытынды бақылау: 60 б


Жетісай, 2009

Силлабусты дайындаған: 1. Доцент Әбенова Л.У.



Силлабус Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі



3.08.276 - 2006 жылғы № 779 бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ 22.06.2006 жылғы №289 бұйрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.






Силлабус кафедраның мәжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Кафедра меңгерушісі ______________ _______________

қолы аты-жөні, ғылымти атығы


Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.

Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ғылыми атағы


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ғылыми атағы




МАЗМҰНЫ.




  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер…………………......................................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары.................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................

  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...........................................

  6. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........




  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу - әдістемелік кешені “ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыста неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарын құрайды. Білім беруде жартылай кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген., ПС – практикалық сабақтар.

СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әр бір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.



2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Әбенова Л.У.

Уақыты __________

Ауд №36



Уақыты _______

Ауд №6


Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________




3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты: Пәннің мақсаты – қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларын студенттерге терең жан-жақты меңгертуде жаңаша әдістемелік- технологиялық бағдарлама жүйесімен сәйкестендірудің күрделі міндеттері көзделеді:
Курстың міндеттері:

- пән материалдарының қазақтың ежелгі дәуірдегі, орта ғасырлардағы, қыпшақ кезеңіндегі, ислам мәдениеті мұраларымен біртұтас, табиғи сабақтастығын ғылыми-теориялық тұрғыда негіздей оқыту;

- ХІХ ғасыр әдебиеті шығармаларының өзіне дейінгі Қазақ хандығы кезіндегі ақын-жыраулар поэзиясымен дәстүрлі жалғастығын тереңдете игеру;

- ХІХ ғасыр ақын-жыраулары шығармашылығындағы шығыстық дәстүр сабақтастығына назар аудару;

- әдеби шығармалардағы көркемдік әдістерді: романтизм, реализм ұғындыру;

- Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын тереңдете оқыту.


4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні





  1. “Әдебиеттану ғылымына кіріспе”

  2. “Ежелгі дәуір әдебиеті ”

  3. “Халық ауыз әдебиеті”

  4. “Хандық дәуір әдебиеті”

  1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

  2. Қазіргі қазақ әдебиеті

«Тілдер» кафедрасы

№ 1 хаттама 20.08.09ж.


5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж




2

3

90

20




6







64

Емтихан


































6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.



Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы, реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

Кіріспе. ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай және қазақ әдебиеті.

1













3

2

Дулат Бабатайұлының (1802-1874) шығармашылығы және дастандары

1













3

3

Махамбет Өтемісұлы (1803-1840). Ақын шығармаларындағы өршіл рух және Исатай батыр бейнесі.

1




1







3

4

Шернияз Жарылғасұлы(1807-1867).

1













3

5

Шортанбай Қанайұлы(1818-1861).

1













4

6

Сүйінбай (1822-1895).мен Майлықожа (1835-1898)ақындар

1




1







4

7

Базар Оңдасұлы (1839-1911)

1













3

8

Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906).

1













3

9

Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы (1868-1905).

1













3

10

Біржан сал Қожағұлұлы(1834-1897).

1













3

11

Ақан сері Қорамсаұлы(1834-1913).

1




1







3

12

Сегіз сері Баhрамұлы Шақшақов (1818-1854)

1













3

13

Сара Тастанбекқызы(1818-1854).

1













3

14

Әсет Найманбайұлы (1887-1923).

1













3

15

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов(1835-1865).

Ғалымның жазушылық-публицистік еңбектері.



1




1







3

16

Ыбырай Алтынсарин(1841-1889), оның өлеңдері мен әңгімелері және аудармалары.

1




1







4

17

Абай Құнанбайұлы(1845-1904).

Ақынның өлеңдері, поэмалары және қара сөздері.



1




1







4

18

Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы.

1













3

19

Ақылбай Абайұлы (1861-1894).

Мағауия Абайұлының шығармашылық жолы.



1













3

20

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920).

1













3




Барлығы:

20




6







64



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


1- лекция. Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай және қазақ әдебиеті.

Жоспары: 1. Қазақстан жерін отарлау жұмыстары.

2. Осы кезеңдегі ұлт-азаттық күрес жырлары

3.ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшелігі

4. ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі және өкілдері
Лекция мақсаты:.ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тарихи жағдайы: тұрмыс тіршілігі, Қазақстан жерін отарлау жұмыстары оған қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің шығуы және оның әдебиеттен алатын орнын көрсету. ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшелігін, зар заман ақындары, оның әдеби дамудағы реалистік маңызын, әдебиет өкілдерін, әдебиеттің зерттелуі мен әдеби ағымдағы әдіс-тәсілдерді, жанрлық дамуды таныту. Әдебиеттану ғылымының қалыптасуы: әдеби мұраны жиып-теріп жариялау, бастыру істерінің өркендеуі.

Лекция мәтіні:

1. ХІХ ғасырда Қазақстан жерін отарлау жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізілді: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық (округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі т.б. Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары жасалды: “Сібір қазақтарының Уставы” (1822), “Орынбор қазақтарының Уставы” (1824).

ХҮІІІ ғ. аяғында Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ болды, ол ХҮІІІ – ХІХ ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұраларда көрініс тапты.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан /1797-1814/, Арынғазы сұлтан /1816-1821/, Исатай-Махамбет /1936-1838/ бастаған көтерілістер, олар әдебиет шығармаларда бейнеленді. Бұған дәлдел сол кезеңде шыққан тарихи жырлар.

2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс /1824-1847/ осы жылдар арасында жүргізілді,бұл қозғалыста әдебиеттекөрініс тапты. Кенесары, Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар дүниеге келді. Нысанбай жыраудың “Кенесары-Наурызбай”, Доскей Әлімбаевтің “Кенесары”, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының “Қисса Наурызбай төре” дастандары, Досқожа ақынның “Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны” өлеңі, “Кенесарының өлеңі”, “Кенесары жырының бірнеше ауызы” атты халық өлеңдері, т.б.

Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығының отаршылдығы ХІХ ғ. екінші жартысында күшейе түсті. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан хандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер туындады: Есет батыр /1853-1859/, Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867, 1868, 1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқының көтерілістері туралы тарихи жырлар дүниеге келді.

Күні бүгінгі шейін зар заман ақындары төңірегінде айтылып жатқан жайлар аз емес.1932жылы С.Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын екі дәуірге бөлді. 1. «Билер дәуірі», 2. «Орыс патшасына бағынған дәуір ». Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін « зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді. Былайғы уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты пікір айтқан Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдарымыздың да арнайы тоқтап, айрықша мән беріп өткен дәуірі болды.

Соңғы жылдары ғалым Мекемтас Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынды.

Мұхтар Әуезов 1927 жылға «Әдебиет тарихы» оқулығына енген «Зар заман ақындары» атты зерттеуінде зар заман ақыны кім, дәуірі қандай еді, көтерген мәселелері қандай дегенді нақты да дәлелді қозғаған-ды. Ол зар заман ақындары деген терминге бірнеше теориялық тұжырымды негіз етеді. М.Әуезов жүйелеуіндегі «зар заман әдеби ағымы» мынандай мәселелерді ажыратудан барып айғақталады:

Зар заман ақындары деп кімді айтамыз?

Бұл дәуірдің алғашқы ақындары кімдер?

Барлығының басын қосатын күй қайсы?

Көпшілігі қандай жайды тақырып еткен, нені толғаған?

Бұл еңбекте М.Әуезов заман сарына терең үңіледі. Барша ерекшелік, өзгешелігін қамти айтады. Біздің, зар заман ақындары дегенде, жалпы қазақтың атам заманнан бергі өмір тарихындағы зарды емес, дәл осы М.Әуезов атап беріп отырған, орыспен арадағы саяси ахуалға байланысты туған мұң мен зарды нысанада ұстауымыз қажет. Отаршылдық саясаттың зардаптары мен мақсаттары саяси жүйе ретінде, тарихтың белгілі бір беті ретінде көрінген тұсты бар сипат-өзгешелігімен тұтас қабылдап, оның әдебиетке түскен көлеңкесін көрсету.

Зар заман ағымына: М. Әуезов ХІХ ғасырда жасаған ақындардың бәрін кіргізеді:

«Бұқар жыраудан соң ХІХ ғасырдағы зар заман ақындарының басы-Махамбет. Одан кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буын Абаймен тұстас ақындар». Нарманбет, Шернияз, Досқожа, Күдері-қожа, Ығылмандардың заманы Абылай заманы емес, енді іс қана қалған, алыстан толғап, ойға тартамын деп отыруға болмай қалған заман екенін ұғындырады.М. Әуезов жүз жылдық әдебиетті үш кезеңге бөліп, әр уақыттың өзіндік ерекшелігін, ортақ сарын аясындағы өзгерістерін атап-атап көрсетіп отыр.



  1. Әлеуметшілдік, ойшылдық сарыны-Бұхар заманы.

  2. Ісшілдік- Махамбет.

  3. Дін мен мәдениет-Ыбырай.

Ресейдегі капиталистік қарым – қатынастардың дамуы Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалын тигізді. Сауда-саттық кеңінен дами түсті. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Қарқара, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелер ашылып, олар қазақ өнерінің кең танылуына өзіндік септігін тигізді.

3. ХІХ ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқанд, Хиуа, Ташкент, Қазан, Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандары ағартушылық қызмет жасады.

Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындары /4-5 кластық қалалық училищелер, орыс – қазақ мектептері, гимназиялар/ Омбыда, Семейде, Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде ашылды.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты болды: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.

Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектерінің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы бар.

Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, И.А.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.

Ел ескілігінің бір алуаны тарихи өлеңдер. Тарихи өлеңдер, ең алдымен, ел тірлігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады. Сол дәуірде арнаулы оқиғаның қақ ортасында болған атақты адамдардың басынан кешкен өмір, қолымен істелген істің жыры болады. Тарихи өлеңдердің ішіндегі адамдар жалпақ елге аты белгілі, жалпақ елге қадірлі сүйікті адамдар. Сол адамдардың істеген ісі, беттеген мақсаты, көптің өміріне қозғау салған әсері, көптің аузында неше алуан әңгіме болып қалады. Бұл әңгімелердің көбі сол оқиғалардың ішінде болған, көзі көргеннің әңгімесі.

Сондайлық тарихи оқиғалар өз тұсында көпке жайылған жанды әңгіме болып жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған оқиға, өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады. Бұл күнгі қазақ ескілігінен бізге қалып отырған тарихи өлеңдердің барлығы да, осы жолмен туып өскен. Нағыз тарихи өлеңдердің басталатын кезі Абылай заманынан бері қарай деп санасақ , қазірде Абылайдың өз жорығын баяндаған өлеңдер, онан соң Сырым қозғалысын айтатын өлеңдер біздің қолымызға тиген жоқ. Жалпы тарих өлеңдері, өз сынан қарағанда, ескі батырлар өлеңінен аз болмауға керек. Бірақ бұл күнде қолдағысы Кенесары, Бекет өлеңдері болғандықтан, тарих өлеңдері турасындағы жалпы сөзді осы айтылған екі-үш өлеңге қарай топшылаймыз.

Әуелі бұл өлеңдерді бас-басына қарастырудан бұрын, осыларды туғызған тарих, дәуір туралы біраз айтып кетпей болмайды. Себебі, бұл өлеңдерді туғызған ел тіршілігінің тарихы, тарихта орын алған ұлы оқиғалар. Сол себепті тарих өлеңдерін толық ұғу үшін алдымен солардың мезгілін, сол заманның шартын білу керек. Тарихта екі дәуірдің жапсары Әбілқайыр, Тәуке, Қайып, Абылай хандардың заманына келеді. Бұл дәуірдің басы 1723 жылғы ақтабан шұбырынды. Екінші сатысы шет жұртқа бағынуға айналып, елдің алдында «темір ноқта мен қайыс ноқтаның» таңдауы шыққан заман. Ақыры: орысқа бағынып, ноқтаға бас иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған уақыты болады.

4. Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір жағынан қалмақ сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта Азия халықтарының қысымшылығы; үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы.

Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасынан шығады. Абылай маңына жиналады. Себебі сол аласапыран дәуірде қалың елдің «қайраңдап жан қала ма» деген «Қазы құрттай» үміті, жалғыз ғана Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін, ту көтеріп бір араға жиған Абылай болатын. Бұлай болса кейінгі заманда туатын үлкен тарихи оқиғалар мен тарихи жырлары түгелімен Абылай заманынан суат алады. Қазақтың жат елге бағынбай өз елдігін сақтап қалып, іргесін бөлек салуы, Абылай заманынан бері қарай ХІХ ғасырдың ортасынан ауғанға шейін, жаңа саяси бет сияқты болады.

Тарихтың дәл суретімен толығырақ танысамын деген кісі болса, қазақ тілінде шыққан Халел Досмұхаметовтың «Исатай-Махамбет» жырының басына жазған баяншысы мен Қошмұхамбет Кемеңгеровтың «Қазақ тарихынан» деген еңбектерін қарастыру керек.

Түр жағынан қарағанда, тарихи өлеңдер, бұрынғы батырлар өлеңдерімен туыс. Мұнда да сондай елден асып туған ерлердің, ел қамы үшін аттанып, ел тілеген артынан ертіп қастасқан дұшпанға шабуыл жасаған жорықтары жырланады.


Бақылау сұрақтары:

1. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тарихи жағдайы: тұрмыс тіршілігі,

2.Қазақстан жерін отарлау жұмыстары оған қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің шығуы және оның әдебиеттен алатын орнын көрсету.

3. ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшелігі.

4. Зар заман ақындары, оның әдеби дамудағы реалистік маңызы.

5. ХІХ ғасыр әдебиетінің өкілдері.

6. Осы кезең әдебиеттің зерттелуі.

7. Әдеби ағымдағы әдіс-тәсілдер.

8. Әдебиетте жаңа жанрлардың тууы мен дамуы.

9. Әдебиеттану ғылымының қалыптасуы.

10. Әдеби мұраны жиып-теріп жариялау, бастыру істерінің өркендеуі.

2- лекция. Тақырыбы: Дулат Бабатайұлының (1802-1874) шығармашылығы және дастандары.

Жоспар: 1. Өмірі туралы мәлімет

2. Дулат шығармашылығының зерттелу жайы


  1. Ақын шығармаларының тақырыбы, жанры, көркемдік ерекшелігі

  2. Дулаттың дастандары


Лекция мақсаты:. Дулаттың «Зар заман» әдебиетінің өкілі екендігін, оның отарлау саясатына қарсы тұрған ақын екендігін таныту. Шығармаларының жанры мен тақырыбына, көркемдік ерекшелігіне, зерттелу жайына, көтерген мәселелеріне тоқталып, дастандары мен мысал өлеңдеріне талдау жасау, ондағы дидактикалық сарынды көрсету.
Лекция мәтіні: Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Россияның қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі.

1. Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақ елі бұрынғы дәстүрлі басшылықтан (хандық биліктен), ата-баба жайлаған жер-судан, ұлттық меншіктерден айрылып, салт-сана бұзылып, үйреншікті ғадет-ғұрып, наным-сенім өзгеріп жатқаны ауыр қасірет ретінде танылады. Қоғамның заңды өзгеруі жолынан тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым-қатынас, сауда-саттық, ақшалы алаяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты ұнамаса, ақынға да соншалық жат құбылыс ретінде көрінеді. Сондықтан да, Дулат - өзі жасаған заманға, отаршылар зорлығына, ол қауымға қызмет еткен әкімдерге , аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан, халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын.

Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол өз өлеңдерін кейініректе қолжазба кітап етіп тізіп жүрген.

Дулат-қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Ол өзі туған өлкеде тұрып қоймай, Шығыс, оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі ақындар үлгісінде тәрбиеленіп өскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан.

Дулаттың өмірі туралы деректер және оның өлеңдері Кеңес дәуірінде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші класына арналған С.Мұқанов пен К.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жасады.



2. Біраз жылдар зерттеушілердің Дулатты нағыз кертартпа әдебиет өкілі санап келгені мәлім. Өз заманына орай ақын көзқарасына тән тарихи шындық сырын таныттық.

Қазіргі уақытта ақын туралы ғылыми жаңа түсініктер орнығып келеді.

Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше мысал сөздер бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи шындығын қамтиды.

3. Дулат “Бірінші сөз” деп аталатын өлеңінде туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқы теңейді.

Дулат өзінің “Бесінші сөз” немесе “Ата қоныс Арқада” деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы.елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мадақтайды.

Дулат шығармасынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасында да жетім бала тағдырын сөз қылады. Дастан халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған.

4. Дастанның негізгі қаһарманы – жетім бала, Еспембет. Ол өз елінен жырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді. Ер жете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған Арқаға кері оралмақ болады. Қарасай оның басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп, ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет оны қостамайды, Қарасай ұсынған дүние-мүліктің бәрін де алмай, тек жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты әуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны не қылғаны деп Қарасай байды да кінәлай өсекке таңады. Бірақ Еспембет оның бәріне де мән бермейді. Ақбөртені баптап бағумен болады. Ақбөрте жақсы ат боп өседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбөрте бәйгеден жалғыз келеді. Бас бәйгеге келген жүз тайлақты Еспембет түгелімен бес арыс Сыбанға бөліп береді.

Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Аталмыш дастан өзінің құрылысы жағынан да ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақты, мазмұны тартымды.

Дастанда Еспембет бас кейіпкер ретінде, ерлік қимылдар үстінде танылады. Ол жауға аттанғанда тегін олжаға, опасыз дүние-мүлікке қызықпайды, елінің жауын жеңуді, дұшпанын мұқатуды армандайды. Сол асқақ арманына жетпей тынбайды:

Қалмақтың басы белінде,

Бақ құсы қонып басына,

Еспембет келді еліне.

Дулаттың «Еспембет» дастаны - өз кезіндегі әдебиетте елеулі орны бар, батырлар жыры үлгісіндегі патриоттық мәні зор шығарма.

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын болып саналады. Оның бізге жеткен қызғылықты төрт, бес мысалы бар. Бұл жағынан оны әдебиетке жаңа бір форма әкелуші, жаңалық енгізуші деп қараған жөн.

Дулаттың мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Онда кіші пейілділік, бірлік, әділеттік жақталып, мақтаншақтық, мен-мендік, бейшаралық, орынсыз пысықтық саналады.

Нысапсыз патша туралы шығарған «Бір патшаның бір кезде» деп басталатын аңыз мысал өлеңінде ақын дүниеқор, баққұмар патшаның пайдақорлық жолында өз түбіне жеткенін мысқылдайды.

Дулаттың «Шымшық пен бөдене» туралы өлеңі де осындай мысал сөз ретіндегі шығарма. Ақын мұнда орынсыз мақтан, желбауыздыққа қарсы шығады. Кішіпейіл, адал болуға баулиды.

Мысал стилінде жазылған тағы бір шығармасы – «Шаштараз». Бұл да қысқаша сюжетке құрылған өнегелі, өрнекті туынды. Оның да оқушысына тәлім берерлік

мәні бар. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең тараған Ескендір патша туралы бір аңыз негіз болған.

Аңыз бойынша Ескендірдің басында қос мүйізі болыпты – мыс. Патша оны жасырып жүріпті. Шашын қиып, тарап, күтіп тұру үшін сыр шашпайтын, аузына берік шаштараз таптырып, одан ант алып, сұрағанын беріп, шашын алдырып жүреді. Шаштараз уәдесін біраз күн ұстап жүргенмен күндердің күнінде уәдені бұзып алады. Қанша айтпайын деп жүрсе де, ол ішін кернеген сырды жасыра алмай, ақыры далаға оңаша шығып, жерге етпеттеп жатып: «Патшаның басында мүйізі бар» - деп қалады. Аузынан құпияның шығуы мұң екен, жел естіп, желден ел естіп тарап кетеді. Бейшара шаштараз аузына ие бола алмай басынан айрылады.

Ақынның бұл мысалы да адамгершілік тәлім береді. Уағдаға берік, ұстамды болуға үндейді. Бұл тұста Дулаттың аталмыш шығармасына ұқсас Мағжан Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» - атты мысал өлеңі бар екенін ескертеміз. Бұлардың екеуі сарындас. Сондықтан бұрынғы түсінік үстем кезінде біз аталмыш шығарма туралы аузымызды аша алмадық. Мағжанның қадірлі есімін атауға жағдай туған соң ғана біз «Шаштаразды» сөз ете бастадық.

Осылайша, Дулат өзінің мысал өлеңдерімен де халықты жұғымды мінезге тәрбиелеп, ақыл-кеңестер берген. Мысал жанрының алғашқы үлгісін жазып, қазақ әдебиетінде бұл жанрдың қалыптасуына септігін тигізген.


Бақылау сұрақтары:

1. Дулат - «Зар заман» әдебиетінің өкілі

2. Ол - отарлау саясатына қарсы тұрған ақын

3. Шығармаларының жанры мен тақырыбы

4. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі

5. Дулат шығармашылығының зерттелу жайы

6. Ақын шығармаларында көтерілген мәселелер

7.Ақынның дастандары

8. Дулаттың мысал өлеңдері

9. Дулат дастандарындағы дидактикалық сарын

10. Ақынның әдебиет тарихынан алатын орны

3-лекция. Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы (1803-1840). Ақын шығармаларындағы өршіл рух және Исатай батыр бейнесі.

Жоспары:

1. Өмірі туралы мәлімет.

2. Ақын шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары.

3. Ақын өлеңдерінде Исатай батыр бейнесінің жырлануы.

4. Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны.

Лекция мақсаты: Махамбеттің өмірі мен күрескерлік жолын таныту. Ақынның Исатайдың қосшысы, жорықшы жырауы екендігін көрсету. Шығармаларының жариялану, зерттелу жолына тоқталу. Махамбеттің қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, өршіл рухтағы толғау ақыны екендігін өлеңдері арқылы айқындау. Ақын өлеңдеріндегі өзіндік «мені» мен Исатай батыр бейнесінің сомдалуы.
Лекция мәтіні: Бұқарашылдық идеясын айқын танытып, қазақ қауымындағы таптық қайшылықтың шиеленіскен кезін, хан-феодалдар мен еңбекші халық арасындағы кескілескен күресті нағыз шындық тұрғысында жырлап өткен ақын Махамбет еді.Ол-езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын, Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері.

1. Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Бірақ бір ағасы-Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындылары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгеннен бастап Махамбет өмірдің жай-жапсарына ой жіберіп, сын көзімен болжай білген озық ойлы албырт жас ретінде көзге түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара халықтың зары мен мұңын жақсы білді, жігіт шағында хан ордасы маңында болып, өзгеше өктем ортаға кездесіп, ондағы сән-салтанат, байлықтың сырын терең түсінді. Байлық пен салтанатқа, сарайдың жалтырауық сыртқы сәніне қызыққан жоқ. Махамбет халық қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартыста шынығып, әдебиет майданына келген өршіл идеяны алып күшті, өрен ақыны болатын.

2. Махамбет ұл болып туған жастың масаты:”Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу, алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн көріп, ашаршылық шөл көріп” жүріп, жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай білу деп түсінеді. Махамбет XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы, насихатшысы болды. Махамбет ел тарыққан заманда одан шығар жолда батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды.

1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған “Исатай-Махамбет” атты кітаптағы пікірлер бойынша, “Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда – ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен...”-делінген.

Сондай-ақ Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы деректі материалдар бар екені мәлім. Олардың бірі тарихшы А.Ф.Рязанов тауып мәлімдеген Махамбеттің 1939 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты; екіншісі , 1845 жылғы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып жолдаған арызы.

Махамбет өз кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, білімді адамы болған.Хан сарайы айналасында жүрген Махамбет жас кезінен оқуға мүмкіндік алған.



3. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы туралы соңғы жылдары жаңа деректер табылып, олар баспа бетін көре бастады.Сол деректердің ең ұстамдысы деп біз Никита Савичев (1821-1855) қалдырған еңбекті атамақпыз. Никита Федорович Савичев XIX ғасырдың екінші жартысында Орал қаласында әскеи қызмет атқарған, тарихшы-этнограф, архив ісімен шұғылданушы, сурет өнерімен, жазушылықпен әуес, жан-жақты талапкер адам болған.Исатай мен Махамбет көтерілісі туралы алғаш тарихи шынайы пікір түйіндеген прогресшіл зерттеуші.

Исатай қозғалысын біз бұрын батыр өлген 1838 жылмен аяқтап жүрдік. Ал Савичев материалдары бойынша көтерілістің жалғасы 1842 жылы Аббас Кучиев және Муса Айбулатовтар басшылығымен хан Жәңгірдің қатал жауыздығына қарсы болыпты.Бірақ сәтсіз аяқталған.

Савичевтің мәліметі бойынша, Исатай Тайманов 1838 жылы 12 шілде күні Ақбұлақты оқиға үстінде “өз ерлігінің құрбаны ретінде қаза тапты” деп, Исатай Таймановты ол аққан жұлдызға (метеорға) балайды, “Дауылпаз батыр” санайды.

Н.Савичев Исатайдың серіктері ішінде Махамбетті ерекше еске алады. Ол көп жерде екеуін қатар атап, нағыз пікірлес, мақсаттас, қайтпас қайсар батырлар санайды.”Көтеріліс тәмамдалғаннан соң,-дейді Савичев, -Исатай нөкерінің аман қалған қазақтары Қиылға қарай жол тартты. Бұлардың ішінде Таймановтың бірден-бір жанашыр жолдасы, әрі жолын қуушы шәкірті ретіндегі ақын інісі Махамбет Өтемісов те бар еді”. Исатай қазасынан кейін Махамбеттің жауына берілмей, батыр ісін қайта бастап, көтеріліс туын жықпау жолында жан аямай күресіп, ат арқасынан түспегенін, ақыры қатыгез жаулары оны да құтқармағанына аяныш білдіреді.”Ықылас бастаған Б.Айшуақовтың жендеттері оны 1846 жылы 16 қазан күні (Қаройда) сатқындықпен өлтіреді”,-деп батырдың өлімін де өкінішпен аяқтайды.



4. Махамбет-суырып салма ақпа ақын. Өлеңдері ауызша тарап келген. Сөйтсе де ақынның кейбір өлеңдері өзінің мазмұны жағынан да, түр өзгешелігі жағынан да бұрынғы ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары, жазба әдебиетке біртабан жақын тұр.

Махамбет өлеңдері баспа бетін кейін көрді.Кейбір өлеңдері XX ғасыр басында, Қазан төңкерілісі алдында шыққан қазақ ақындарының жинақтарына енеді. 1908 жылы қазанда басылып шыққан “Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны” деген жинаққа Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы енген.Бұл басылымдағы өлең “Борайда-борай қар жауса” деп басталады. “Беріш батырының сұлтанға айтқаны” деген атпен қазір бөлек басылып жүрген бірнеше өлеңі осы жинақта біріктіріліп беріледі.Бұлардың Мұрат ақынның айтуы бойынша басылғаны ескертіледі. Жалпы мазмұнында ерекше өзгешелік жоқ... Тек кейбір жолдары ғана қазіргі басылуынан біраз бөлегірек.

Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан “Шайыр” жинағында да басылған.Осы жинақта “Исатайдың әндесі Махамбет жыраудың сөзі” деген атпен ақынның “Ереуіл атқа ер салмай”, “Мен, мен едім, мен едім” толғаулары берілген.

Махамбет өлеңдерінің тиянақты жиналып бастырылуы, оның өмірі мен шщығармашылығын зерттеу революциядан кейін ғана құнттап қолға алынды.Атап айтсақ , Халел Досмұхамбетұлы құрастырған “Исатай, Махамбет” кітабында 1925 жылы, “Аламан” жинақтарында 1926 жылы Ташкентте басылды және осы тұста жарық көрген “Жаңа мектеп” , “Сәуле” журналдарында Махамбет өлеңдері түгелге жақын жарияланып, Исатай көтерілісі туралы мәліметтер, Ғылман ақын поэмасы және басқалары шықты.

1927 жылы шыққан М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” атты еңбегінде Махамбет шығармасына бірінші рет талдау жасалды. Кейінірек, Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына М.О.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев,И .Жолдыбаевтар оқулықтарында да (1933-1934) біршама орын берілді.

Жазушы С.Мұқанов Махамбет творчествосын өзінің “XVIII-XIX ғ. әдебиет тарихының очеркінде” кең талдады.

1939 жылы Махамбет өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып басылды.

Махамбет заман шындығынан бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын болды. Оның шыншылдығын әрбір өлеңінен көреміз. Халық бақыты, ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулақ болуы мүмкін де емес еді.

Ақын өзі бастаған қозғалысты бастан аяқ жырлау арқылы сол тарихи оқиғаның шындық көрінісін түп-түгел көз алдыңнан өткізеді. Мысалы, өзінің “Соғыс” деген өлеңінде ақын Бекетай құмына ту тіккен көтерілісшілердің дүбірін, алғаш бас қосып, жауға қарсы аттанған сәттерін жырлайды.

Әскер жиып аттандық, Жау қарасы көрінді,

Бекетай еді тұрағым. Жиылған әскер бүлінді.

Айқайлап жауға тигенде, Исатай-басшы,мен-қосшы...

“Ағатай беріш” ұраным...
Махамбет-қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қозғалысын батыл да ашық айтқан ақын. Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді.

Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді.”Мінген ер”,”Тарланым”,”Тайманның ұлы Исатай”,”Біз неткен ер”,”Ұл туса”,”Туған ұлдан не пайда”,”Исатай деген ағам бар”,т.б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады.

Махамбет өлеңдері жігерлі де асқақ романтикаға толы. Ақын қиялы алыс қияға самғап, өмір өрін кезеді. Оның халықтық беті де айқын. Ол – халық үшін бар өмірін сарп еткен, ел үшін туған ер ақын. Махамбат поэзиясының реализмі оның халықтығымен ұштасып жатады.Оның поэзиясы-нағыз халықтық-реалистік поэзия.

Махамбет-ақындық мақсатын ел мүддесімен ұщтастыра білген азамат ақын.Халық қамы үшін атқа мініп, жауға қарсы өзінің жалынды сөзін жай оғымен қатар жұмсады.Ақынның өжет сөздері батырдың беліндегі ақ семсер , алмас қылыштай қиып түсер өткір қарудан кем емес еді.

Махамбет өлеңдеріне, оның жыр үлгілеріне Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, Нұрым,Қашаған, Ғылман сияқты ақындар еліктеген , оның творчествосын жақсы біліп, әдеби үлгі алған.

Махамбет поэзиясы-хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, ол озық идеялы, халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты.Өз кезіндегі және кейінгі дәуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты ықпал етті, өміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті.

Махамбет поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа леп пен тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды.

Махамбет поэзиясына тән өжеттік, өрлік, өткір сын әр кезде де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлғасы, ісі, сөзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық.

Махамбет – тілге шебер ақын. Ол - өзіне дейінгі ақындар шешендігін, халық даналығын игерген, тұспалдап сөз айтуға мейлінше ұста. Әрбір өлеңі оқушысының көкейіне бірден-ақ қона кетеді. Термелеп сөз қатып, өміршең жыр толғайды. Өмір, табиғат, қоғам өзгеріс-құбылыстары, табиғи заңдылықтары туралы тұспалды шумақтар туғызады. Бұндай жолдары ақынның тек жалаң үгітші емес, терең ойдың, зор парасаттың адамы екенін танытады. Асылы, Махамбет заманының озық ойлы, терең сырлы табиғи таланты болған. Оның әрбір шығармалары осы бір тұжырымымызды растайды. Халық даналығы мен ақын парасаты ұштасады.

Ермін деген жігітті, Келмейтұғын нәрсеге,

Кеңшілікте сынама. Жаныңды қинап жылама...
Немесе:

Тоқсан тарау су ақса, Жайық үшін жандастық,

Дария болар сағасы. Қиғаш үшін қырылдық,

Исатайдың барында Теңдікті, малды бермедік,

Қара қазан, сарбала Теңдіксіз малға көнбедік.

Қамы үшін қылыш сермедік.


Ақын Исатайды суреттеген толғауларында неше алуан теңеу, эпитет, метафоралар қолданады. Исатайды небір халықтың асыл сөздерімен суреттеп, батыр тұлғасын танытар айқын теңеулер табады. Мысалға ақынның «Тарланым» деген өлеңін алайық. Осы өлеңнің өзінде-ақ Исатай өз бойының барлық көрінісімен көз алдыңа елестейді. Батырдың сырт тұлғасы ғана емес, ішкі сыры, қайтпас қайсар мінезі, жайдары жарқын жүзі, ақылы мен өнері, жауға деген айбары, ашуы, ел ішіндегі беделі – барлық жағынан өте сүйкімді сипатта бейнеледі

Кермиығым, кербезім, Хиуадай базарлым,

Келіскендей шандозым, Теңіздей терең ақылдым,

Құландай ащы дауыстым, Тебіренбес ауыр мінездім...

Қырмызыдай ажарлым, Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен...

Бақылау сұрақтары:

1. Махамбеттің өмірі мен күрескерлік жолы.

2. Ақын Исатайдың қосшысы, жорықшы жырауы

3. Ақын шығармаларының жариялану, зерттелу жайы

4. Махамбет - қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, өршіл рухтағы толғау ақыны

5. Ақын өлеңдеріндегі өзіндік «мені»

6.Ақын шығармаларында Исатай батыр бейнесінің сомдалуы.

7. Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, жанры

8. Махамбеттің өзінен кейінгі әдебиетке әсері

9. Махамбеттің көркем әдебиеттегі бейнесі

10. Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерешелігі

4- лекция. Тақырыбы: Шернияз Жарылғасұлы(1807-1867).

Жоспары:

1. Өмірі туралы мәлімет.

2. Ақын шығармашылығының негізі-суырып салма ақындық.

3. Ақынның толғау-термелеріндегі өмір қайшылықтары.

4. Шернияз – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы.
Лекция мақсаты: Шернияздың өмірі мен күрескерлік жолына мәлімет беру. Ақын шығармашылығының негізі-суырып салма ақындық екендігін таныту, толғау-термелеріндегі өмір қайшылықтарын көрсету. Шернияздың Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы екендігін өлеңдері арқылы дәлелдеу.

Лекция мәтіні: Махамбет рухында жыр толғап,шаруалар көтерілісіне үн қосқан, халықтың қайнаған шерін өлеңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі - Шернияз.

1. Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете елінен.Ол жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Ақын көтеріліс басталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті өзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Бөкей хандығына келіп Исатайға қосылады, ұзамай оның ең жақын достарының біріне айналады.

Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың Шығыс бетіне өтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетке еріп Хиуаға да барады, бірақ көтерілісті қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады. Баймағамбеттің ел кезген жендеттері Шернияздың барарға жерін, басарға тауын қалдырмайды. Ұсталатынына көзі жеткен ақын өзі ханға келіп, өнер асырып, оның кешірімін қабылдайды. Бірақ ол ешқашан өзінің Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, басына түскен жағдайға сай, сақтана жүріп қызмет етеді.



2. Шернияз он бес жасынан –ақ кішкене ділмар шері атанады. Ол адайдың атақты ақыны Абылмен кездеседі.Абылға еріп ел аралап, одан ақындық өнер үйреніп, Абылдың батасын алады. Кезінде Қашаған ақынмен де кездесіп, тіл қағыстырады.

Менің атым Қашаған, Шынтуайтқа келгенде

Денемді артық жасаған. Үш сиықты баса алам,-

деген Қашағанға Шернияз:

Қашаған болсаң қияға, Ұзын құйрық, жүйрік ат,

Бар күшіңді аяма. Қашқанменен қоя ма?-

деп бір ауыз сөзбен жауап айтқан екен.

Шернияз айтыпты дейтін сөздер, терме, толғаулар көп, ел аузындағы сөздің бірі “Шернияз батасы” деп аталады.

Қонса қоныс бермейді сай дегенің,

Мінсе мініс бермейді тай дегенің.

Үйіне қонақ қондырмас бай дегенің,

Ішсе тамақ болмайды шай дегенің.

Осы шайды шығарған қай дегенің,

Тыңдап отыр сөзімді бай дегенім,

Құрып қап па осы үйде май дегенің?

Бата берем қолыңды жай дегенім,

Бұндай бата бере алмас баз дегенің.

Осы батам сендерге саз дегенім.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет