Лекция: 20 Семинар: 8 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ) 60



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#5143
түріЛекция
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ




«ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ТІЛДЕР» КАФЕДРАСЫ

«ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ» пәнінен
050117 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(силлабус)

Оқу түрі: Сыртқы

Курс: 1

Кредит саны: 2

Лекция: 20

Семинар: 8

СӨЖ: 62

Барлық сағат саны: 90



Аралыќ баќылау (АБ) 60

Қорытынды бақылау: 40


Жетісай 2009

Силлабусты дайындағандар: 1. Ф.ғ.к., доцент Әбенова Л.У.




Жұмыс бағдарламасы Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі



__23_ 12_ 2005_жылғы №_779__ бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне ЌР БЃМ_11. 05._ 2005_жылғы № 289___ бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген ҚРБҒМ 22. 06. 2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген пєнніњ типтік оќу баѓдарламасы негізінде дайындалған.

Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ _______________

қолы аты-жөні, ѓылымти атыѓы


Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.

Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы



МАЗМҰНЫ




  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер…………………......................................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары.................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................

  3. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі .............................................

  4. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................

  5. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................

  6. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...........................................

  7. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........



  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу - әдістемелік кешені “Халық ауыз әдебиеті” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыста неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарын құрайды. Білім беруде толық кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген., ПС – практкалық сабақтар.

СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториядан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке толық кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ, емтиханды алуға арналған.


2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Әбенова Л.У.

Уақыты

Ауд. 36



Уақыты

Ауд. 36


Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________




3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты: Халық ауыз әдебиет – жоғары оқу орындарында халықтың сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән. Халық әдебиетінің ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклор тану ғылымының бұрынғы – соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыдан жан – жақты талдана түсіндіріледі.

Халық ауыз әдебиеті көркемөнердің салаларымен, тарихымен, этнографиямен, философиямен, психологиямен, педагогикамен және т. б ғылымдар салаларымен тығыз байланысты. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту барысында пәнаралық байланыстарға да ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара ықпалдасуы, фольклордағы типологиялық тектестік мәселелері де қамтылады. Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер мен бағдарлама жүйесінің сабақтастығы да басты назарда болады.



Курстың міндеттері:

  • Фольклордың тарихы мен теориясы туралы танып білу.

  • Фольклодың көп қырлы бітімі мен синкреттілігін ажырата білу.

  • Фольклор мен жазба әдебиет.

  • Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктей білу.

  • Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдерін таныту.



4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра


Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні




  1. “Әдебиеттану ғылымына кіріспе”

  2. “Ежелгі дәуір әдебиеті ”




  1. “Хандық дәуір әдебиеті

  2. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

  3. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

  4. Қазіргі қазақ әдебиеті

«Тілдер» кафедрасы

№ 1 хаттама 20.08.09ж.



5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ





Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

АудиториялыҚ сабаҚтар

Аудиториядан тыс сабаҚтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ




2

1

90

20




8







62

Емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ - студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті


Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ

1
Кіріспе. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.

1













3

2

Фольклор және фольклор тану ғылымы туралы түсінік.

1













3

3

Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі, тарихи зерттеу принциптері.

1




1







3

4

Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.

1













3

5

Тұрмыс – салт жырлары.

1













4

6

Төрт түлік мал жайындағы шығармалар.

1




1







3

7

Отбасы салтына байланысты туған өлеңдер.

1













3

8

Мақалдар мен мәтелдер.


1




1







3

9

Жұмбақтар.

1













3

10

Шешендік сөздер.

1




1







3

11

Ертегілер.

1













3

12

Хайуанаттар жайындағы ертегілер.

1













3

13

Қиял – ғажайып ертегілері.

1













3

14

Тұрмыс –салт ертегілері.

1




1







3

15

Ертегіден тыс прозалық жанрлар.

1




1







3

16

Эпостық жырлар.

1




1







3

17

Лиро – эпостық жырлар.

1













3

18

Айтыс.

1




1







3

19

Фольклор мен әдебиет.

1













4

20

Қазақ фольклоры түрік халықтарының ауыз әдебиеті құрамында.

1



















Барлығы

20




8







62



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ




  1. лекция. Таќырыбы: Қазақ халқының ауыз әдебиеті


Жоспары:

  1. Кіріспе. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.

  2. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

  3. Фольклордағы типологиялық тектестік.


Лекция маќсаты: Студенттерге қазақ халқының ауыз әдебиетін ондағы қазақ халқының ауыз әдебиетінің басқа ғылым салаларымен байланысты екендігін ұқтыру. Фольклордағы типологиялық тектестік мәселесіне тоқталу.
Лекция мєтіні:

1. Дүние жүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тілде фольклор деп аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл күйін, тұрмыс салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша тараған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты – басты белгілері болады: а) әрбір шығарманың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады; ә) дағдылы тіркесте, бір - біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі; б) көркемөнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипаттары сақталынады.

Фольклор деген атауды тұңғыш рет жазба әдебиетте қолданған ағылшын ғалымы В. Томсен, ол 1846 жылы Лондонда шығатын «Атенеум» газетінде ауыз әдебиеті туралы мәлімет келтірген. Фольклорлық шығармалар әр дәуірде әр түрлі аталған: «халық поэзиясы», «халық творчествосы», «халықтың ауыз әдебиеті», «халықтың сөз өнері».

Қазақтың көркем әдебиеті тарихын зерттеген әдебиетшілердің айтуына қарағанда, көркем әдебиетіміз XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған. Өзінен бұрынғы дәуірмен саластырғанда XVIII ғасырдың екінші жартысы қазақ өмірінде елеулі кезең еді. Бұл кезде қазақ халқының көпшілігі (Кіші Жүз бен Орта Жүз) Россия мемлекетіне қосылып болған - ды. Мұның нәтижесінде қазақ халқының экономикасы, қоғамдық өмірі бұрынғы кезден әлдеқайда ілгерілеп дамыған, өскен еді.

Бұл жағдай қазақтың көркем әдебиетінің тууына үлкен әсер етеді. XVIII ғасырдың екінші жартысынан былайғы жерде аты - жөні белгілі авторлар шыға бастайды. Мұның өзі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің жігін ашатын негізгі белгінің бірі болады.

2. Рас, XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың ауыз әдебиеті есейген, жетілген еді. Бұл кезде ауыз әдебиетінің әр алуан түрлері (ертегі, аңыз, батырлар жыры, тұрмыс-салт өлеңдері т.б.) дамыған да болатын. Бірақ оларды шығарған авторлары белгісіз болады. Сондықтан ондай шығармалар жеке авторлардың емес, бүкіл халықтың шығармасы болып саналатын. Осыған байланысты, ауыз әдебиеті мен жазаба әдебиетінің айырмасы жөнінде В.Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді : “.....Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстірт аңғал өлең - жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді. Ал әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары – халық рухының әр алуан жақтарын өзінің ақыл - ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді”.

3. Белинский бұл пікірін “Әдебиеттің түрлері” және “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” туралы жазған еңбектерінде де айтады. Ұлы сыншының пікірінше “ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы экономиканың дамыған, қоғамдық ой – сананың ұлғайып өскен кезінде болады; экономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жұртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады”, - дейді.

Ұлы сыншы осы ойын дамыта келіп былай дейді: ауыз әдебиеті айтайын деген ойын әр түрлі тұспалдау, бейнелеу жолымен білдіреді, соларға әрдайым иек сүйеп отырады, ал көркем әдебиет айтайын деген ойын айқын етіп суреттейді, өз заманының рухын, идеясын ашып көрсетеді.

Осы тұрғыдан алғанда, XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін өз заманының рухын, шындық өмірін, идеясын айқын етіп суреттеген қазақтың ақын, жырау-жыршылары кім болғанын айта алмаймыз. XV – XVI ғасырларда өмір сүріпті деп жорамалмен айтылатын Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиреншелер жайында толық мәліметтер жоқ, тек аңыз-әңгімелер ғана бар.

Баќылау с±раќтары:

1. Қазақ халқының ауыз әдебиеті

2. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің басқа ғылым салаларымен байланысы

3. Фольклордағы типологиялық тектестік мәселесі

4. Фольклористика ғылымындағы жаңа зерттеулер

5. Фольклортану ғылымының бағдарлама жүйесіндегі сабақтастық.



2-лекция. Таќырыбы: Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік.
Жоспары:

  1. Фольклордың тарихы мен теориясы.

  2. Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі.

  3. Фольклор мен жазба әдебиет.


Лекция маќсаты: Фольклордың тарихы мен теориясына жан-жақты түсінік беру. Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігін жіті қарастыру. Фольклор мен жазба әдебиет арасындағы байланысы және ерекшелігі.
Лекция мәтіні:

1. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В.Г.Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: «Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашанда болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады». Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал, өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді.

Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайысысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман-мүддесін әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады. Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтың сипаты, ең алдымен, оның халық психологиясын, халықтың арман-мүддесін, тілегін қалай суреттеп көрсеткіндігіне байланысты деп түсінуіміз керек.



2. Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап-айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты-халықтың тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, олардың үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді.

Жазу, сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ халық өзінің тұрмыс тіршілігі қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетануға көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең жыр, ертегі, әңгіме, мақал-мәтел , аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған кімнің шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз.

Ауыз әдебиеті фольклор деп те аталады. Фольклор ағылшын сөзі, ол халық шығармасы ауызша тудырған, көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

3. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал, халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б.Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті халықтың ерте замандардағы ой-сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Белинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 - 60 жылдарында орыстың Ф. И. Буслаев, О.Ф.Миллер, А.Н.Афаньасев секілді ғалымдары талдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр-түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп айтады. Сөйтіп идеалистік көзқарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады.
Баќылау с±раќтары:


  1. Фольклордың тарихы мен теориясы.

  2. Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі.

  3. Фольклор мен жазба әдебиет.

  4. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны

  5. Ауызша сөз өнерінің типтік табиғаты.

  6. Ауызша айтудың дәстүрлілігі

  7. Ауызша айтудың формулалығы

  8. Ауызша айтудың стильдік кестесі



3-лекция. Таќырыбы: Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі, тарихи зерттеу

принциптері.



Жоспары :
1. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері.

2. Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер.

3. Тарихи поэтика.
Лекция маќсаты: Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлеріне тоқталу. Жанрлардың дамуындағы ортақ процестерге түсінік беру мәселесі. Қазақ фольклорындағы тарихи поэтика мәселесін қарастыра отырып жстуденттерге мәліметттер беру.
Лекция мәтіні:

1. Дүние жүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тілде фольклор деп аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл - күйін, тұрмыс - салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша тараған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты-басты белгілері болады :

а) фольклорлық үлгілер ауызша шағарылады, әрі ауызша тарайды;

ә) әрбір шығарманың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады ;

б) дағдылы тіркестер, бір - біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі;

в) көркемөнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипатты сақталынады.

Фольклор деген атауды тұңғыш рет жазба әдебиетте қолданған ағылшын ғалымы В.Томсон, ол 1846 жылы Лондонда шығатын “Атенеум” газетінде ауыз әдебиеті туралы мәлімет келтірген. Фольклорлық шығармалар әр дәуірде әр түрлі аталған : “халық поэзиясы”, “халық шығармашылығы”, “халық ауыз әдебиеті”, “халықтың сөз өнері”.

Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт - санасына, талғам - талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым - қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең - аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.



2. Шығарманы ә дегенде белгілі бір ақын, жыршы, жыраулар шығарған, содан соң аталған әдеби мұра бір елден екінші елге басқа біреулердің жаттауымен жетіп отырған. Заманы алыстаған сайын түп нұсқаның алғашқы авторлары ұмыт болып, ол біртіндеп бүкіл халықтық ортақ мұраға айналған. Мысалы : “Қозы Көрпеш- Баян сұлудың” отыздан астам варианттары сақталған. Бұл жырдың өмір тарихы сан ғасырмен өлшенеді. Сол орталықтағы оның бірінші жырлаушысының есімі ұмытылған, басты сюжеттік желісі әр алуан өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан фольклорлық әдебиеттің нақтылы авторы аталмайды. Ол шығарма қай ұлттың, қай халықтың көркем шығармасы еді деген сұрақ бірінші орында тұрады.

Ауыз әдебиеті үлгілерін кез келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілеті, бейімі бар адамдардың қатысы бар.

Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы. Халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жаба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті ерте замандағы ой - сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Билинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді.

3 . Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 - 60 жылдарында орыстың Буслаев, Миллер, А.Н. Афанасев секілді ғалымдары қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп қарады. Сөйтіп идеалистік көзқарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың II жартысында Батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл “ауысып алу” теориясы деп аталды. Оны Рессейде А.Н.Пыпын, В.В. Стасов, А.Н. Веселовский т.б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетінен басқа халықтың ауыз әдебиеті мен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айырықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса - ақ болғаны, оны олар бір - бірінен ауысып алған деп есептейді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым - қатынас, сауда - саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпын оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де көрсетеді. Ауыз әдебиетінің тууы, даму жайында “ауысып алу” теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді.
Баќылау с±раќтары:

1. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері.

2. Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер.

3. Тарихи поэтика.

4. Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар

5. Фольклордың идеялық-көркемдік ерекшеліктері

6. Фольклордың тегіне қарай бөлу принцптері

7. Ауыз әдебиетінің өмірлік негізі

8. Тарихи поэтика

9. Фольклорды зерттеудегі тарихилық принцпі

10. фольклордың пайда болуы туралы принцптер.

4-лекция. Таќырыбы: Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері
Жоспары :

1. Рулық қоғамдағы фольклор.

2. Феодализм дәуіріндегі фольклор.

3. Қазіргі дәуір фольклоры.


Лекция маќсаты: Студенттерге рулық қоғамдағы фольклордың алатын орнын, ерекшелігін көрсету және феодализм дәуіріндегі фольклордың дамуы. Қазіргі дәуір фольклоры жайлы мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:

1. Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман – мүддесін, әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады.

Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтық сипаты, ең алдымен, оның, “халық психологиясын”, “халықтың арман - мүддесін, тілегін” қалай суреттеп көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек.

Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Таптық қоғамда таптан тысқары, қоғам өмірінен, тап көрінісінен бөлек тұратын әдебиет болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, көзқарасын білдіреді.

Әдебиеттің таптық сипаты туралы классиктердің даналықпен айтқан пікірлерін ауыз әдебиетіне де қолданамыз. Өйткені ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың тілегін, мүддесін жырлайды және оған қызмет етеді.



2. Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап - айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты – халықтың тұрмыс - тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман - мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолдан халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама - қарсы қойып әңгімелейді.

3. Халық ауыз әдебиетінің өз кезінде, жастарға идеялық тәрбие беру ісінде, айырықша мәні болған еді. Ауыз әдебиеті жалпы әдебиет тарихынан да елеулі орын алады. Ол өзінен кейін туған көркем әдебиетке көп әсер етті. Сюжет құру, образ жасау, тіл байлығын пайдалана білу т.б. жөнінде ауыз әдебиеті көркем әдебиетке негіз салды. Бұл ретте де ауыз әдебиетінің мәні өте зор.

Еңбекші халықтың көп ғасыр бойына жасаған ауыз әдебиетін ғалымдар аса жоғары бағалаған. Олар ауыз әдебиет халықтың қоғамдық өміріне, тұрмысына, тарихи жағдайларына, таптық күресіне байланысты туатындығы жөнінде тамаша пікірлер айтты. Олар ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың құралы, таптық сананы білдіретіндігін және таптық тілектен тысқары ауыз әдебиеті болмайтындығын айтады.


Баќылау с±раќтары:

1. Рулық қоғамдағы фольклор.

2. Рулық қоғамдағы фольклордың тууы мен қалыптасуы

3. Ескі наным сенімдер мен түсініктер және олардың фолклорға әсері

4. Қазақ фольклорының көне жанрлары

5. Феодализм дәуіріндегі фольклор.

6. Түркі жаба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға қатысы

7. Ауыз әдебиетіндегі жаңа тақырыптар.

8. Қазіргі дәуір фольклоры

9. Кеңес дәуіруіндегі ауыз әдебиетінің үлгілері және оның мазмұны

10. Тәуеллсіздік кезеңдегі фольклордың жай-күйі

5-лекция. Таќырыбы: Тұрмыс - салт жырлары.
Жоспары :


  1. Еңбек кәсібіне байланысты өлең жырлар.

  2. Аңшылық жырлары.

  3. Наным – сенімдерге байланысты өлеңдер.


Лекция маќсаты: Еңбек кәсібіне байланысты өлең жырлар және де ашылық жырларына тоқталып олардың тақырыптарға бөліну жайын түсіндіру. Студенттерге наным – сенімдерге байланысты өлеңдердің тұрмыс-салт жырының бірі екендігін ұқтыру.
Лекция мәтіні:

1. Қай халықты алсақ та оның өзіне тән тұрмыс - тіршілігі күн - көрісі, әдет - ғұрпы салты болатындығын білеміз. Қоғамдық өмірдің экономикалық жағдайлардың ішкі дамуына байланысты халықтың тұрмыс - тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі дүниеге көзқарасы т. б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып бертін келе көп уақыт бойына қалыптасқан белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды, бұлардың орнына қоғамдық таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған шығармалардың бірнеше түрлері бар. Соның ішінде бастылар мыналар :

1.Төрт түлік мал, еңбек кәсіп жайында.

2.Үйлену салтына байланысты.

3.Діни ұғымға байланысты.

4.Көңіл күйін білдіретін шығармалар.

2. Қазақ халқы негізінде көшпелі жағдайда болып мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс - тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе - азық, кисе - киім, мінсе - көлік, көшпелі жағдайда өмір сүрген қазақ халқы үшін төрт түлік мал, тіршілік тірегі болды. Ауыз әдебиетінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері өте ерте заманда туа бастаған. Ш.Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы» деген еңбегінде Мұхтар Әуезовтің «Қазақ ертектері» туралы жазған зерттеуінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері осындай сенім- нанымдарға байланысты туған. Мұнда әрбір түліктің жаратушы құдайы бар деп білген. Мәселен қазақта «Қазғұрт» жайы деген әңгіме бар. Бұл жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндаған. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су басып кетеді, тек қана Қазығұрт тауы аман қалады және осы таудың ығында Нұқ әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түлік малдың әр қайсынан тұқым болады. Әр бір түліктен бір-бір тұқым қалады да кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы иелері болады. Жылқының иесі – жылқышы ата кейде қамбар ата деп те атайды, қойдың иесі – шопан ата, түйенің иесі – ойсыл қара, сиырдың иесі – заңгі баба, ешкінің атасы – сексек ата деп әр қайсына жекелей ат қойды. Бұл түліктердің иелері болғандығын солардың арқасында топан судан аман қалғанды Қазығұрт тауы дейтін әңгімені жұрт былай деп айтады.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсыл қара жануар содан қалған.

Халықтың төрт түлік мал жайындағы оның қалай өрбіп - өскендігі жайлы алғашқы көзқарасы, ұғым түсінігі осылай болып келген, төрт түліктің өз алдына иелері болуына әрқайсысына жекелей ат қоюына қарағанда біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде туған деуге болады.



3. Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер. Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым-кәдесі бар. Соның бірі қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен жөн. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған және соларды елестететін өлеңдердің бірнеше ұсақ түрлері бар. Олардың қайсысы болса да әр кездің жағдайына қарай өзгеріп дамып отырған. Той бастар, жар - жар, сыңсу, жұбату, бет ашар.

Діни ұғымға байланысты. Қазақ халқының ертеден келе жатқан діни ұғымдары ескі-наным сенімі болған. Мұндай ұғымдар қазақ арасында өте ертеде Шоқанның айтуынша Шамандық дәуірде көп құдайға сиынған кезде туған. Жаратылыс сыран түсіне алмаған ой - өрісі, дүние - танымы шама шарқы төменгі сатыда тұрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған. Сондықтан сол күштерге мысалы: ай мен күнге, от пен суға табынып, сыйынған. Жаратушы, жарылқаушы деп түсінген, мұнымен бірге М. Горькийдің айтуына қарағанда ертедегі адамдар тұрмыс - тіршілігі, күн-көрісі жолында кездескен қиыншылықтарды жұмыстың ауыртпалығын әр түрлі ырымдар жасап, жеңілдетпек болған. Олар өздері сыйынатын жаратылыстың алуан-құбылыстарына жалбарынып тіл қатқан, тілек тілеген, көмек, жәрдем сұраған. Ертедегі адамдардың әр түрлі жағдайда жасаған әрекеттері олардың ауыз әдебиетінен орын алған. Діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз еткенде біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүние-тану дәрежесі қандай екенін ауыз әдебиетінде қалай суреттелгенін көреміз. Бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазан.

Діни ұғымға байланысты. Қазақ халқының ертедегі тұрмыс - салтына байланысты шығарған шығармаларының енді бір түрі – адамның көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей тартар мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең-жырлары арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны жеңілдетуді көздеген.

Адамның тұрмыс-тіршілігінде, өмірінде шаттық, қуаныш, ойын-күлкі қандай елеулі болса, қайғы мұң-шер де сондай елеулі орын алған. Бұл екеуін де халық өзінің әдебиетіне қосып бейнелеген. Бірінші шаттық, қуаныш жырын төксе; екіншісінде қайғы - қасірет, күйініш шерін шерткен. Абайды :

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең, -

дейтіні осы жағдайды көргендіктен айтылған.

Адам баласы қайғы-қасірет, мұң-шер, күйініш-күйік т. б тудыратын жайларға әр түрлі жағдайда душар болған. Біреу баласынан, не жан сүйер жарынан, жар күйер жақынынан мезгілсіз айырылса, болмаса ата мекен қонысынан, кіндігін кесіп, кірін жуған жерінен еріксіз ауса, мұның бәрі адам көңіліне ауыр қайғы түсірген. Бұл аталғандар халықтың ауыз әдебиетінен орын алған, әр түрлі өлең-жырлар тудырған. Қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау.


Баќылау с±раќтары:

  1. Еңбек кәсібіне байланысты өлең жырлар.

  2. Олардың жанрлық түрлері

  3. Тұрмыс-салт жырларының ұжымдық және синкреттілік сипаты

  4. Аңшылық жырлары

  5. Ежелгі дәуірдегі аңшылық кәсіп пен бергі замандардағы қазақтың аңшылық және саятшылық дәстүрі.

  6. Наным – сенімдерге байланысты өлеңдер

  7. Сөздің магиялық қасиеті туралы ұғым.

  8. Арбау, жалбадрыну өлеңдері

  9. Жарапазан

  10. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдердің композициясы мен стильдік өрнегі.



6-лекция. Таќырыбы: Төрт түлік мал жайындағы шығармалар.
Жоспары :

1. Төрт түлік жырлары

2. Төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер

3. Төрт түлік жырларының зерттелу тарихы


Лекция маќсаты: Төрт түлік жырларында көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі. Төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер жайлы мәлімет беру. Төрт түлік жырларының зерттелу тарихынан деректер келтіру.
1. Негізінде қазақ халқы көшпелі жағдайда болды да, мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе – азық, кисе- киім, мінсе – көлік дегендей, көшпелі жағдайда болған, экономиканың басқа түрі дамыған қазақ халқы үшін төрт түлік мал тіршілік тірегі болды.

Өзінің тұрмыс – тіршілігенде осындай айырықша орын алған, пайдасы тиіп қызметі сіңген төрт түлік май жайында қазақ халқы ерет заманда - ақ неше түрлі әңгіме, жыр, өлеңдер шығарған. Бұлардың бәрінде мал шаруашылығымен кәсіп еткен адамның төрт түлік жайындағы көзқарасы, ой - арманы, тілек - мүддесі өрініп отырады.

Ауыз әдебиетінде төрт түлік май жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері ең ерте заманда, ертедегі адамдардың жаратылыс сырын түсіне алмаған кезінің өзінде - ақ туа бастаған. Шоқан Уәлиханов “Шамандықтың қазақтардағы қалдығы” дейтін еңбегінде төрт түлік мал жайында туған шығармалардың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардың ой - өрісі төмен сатыда тұрған кезінде шыққандығын айтады. Жаратылыс сырын түсіне алмаған ертедегі адамдар әлем дүниесіндегі әрбір құбылыстарды өзінше долбарлап жорыған, бұларда жаратушы күш бар деп сенген, соған табынған.

2. Төрт түлік мал жайында шығарылған шығармалардың алғашқы үлгілері осындай ескі сенім - нанымдарға байланысты туған. Онда әрбір түліктің жаратушы құдайы бар деп білген. Мәселен, қазақта “Қазығұрт тауы” деген әңгіме жыр бар. Осы жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі Діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндайды. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су қаптап кетеді. Тек қана Қазықұрт дейтін тауды су баспайды және осы таудың ығында Нұқ дейтін әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түліктің де тұқымы болады. Әрбір түліктен бір-бір тұқым аман қалады да, кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы, селері болады. Жылқының иесі – Жылқышы ата (кейде Қамбар ата деп. те аталады), қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі – Ойсыл қара, сиырдың иесі – Зеңгі-баба, ешкінің иесі – Сексек-ата деп. әрқайсына жекелей ат қояды. Әрбір түліктің осы секілді селері болғандығын, олардың арқасында топан-судан аман қалғандығын “Қазықұрт тауы” дейтін әңгіме-жыр былай суреттейді:

Қазщықұрттың басында кеме қалған.

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсыл қара жануар содан қалған. –

Бадан әрі қарай жыр басқа түліктер жайын сөз етеді. Әрбір түліктің қалай өрбігенін айтқанда, өлеңнің бастапқы екі жолын қайталап отырады.

Халықтың төрт түлік мал. жайындағы, оның қалай өрбіп - өскендігі жайындағы алғашқы көзқарасы, ұғым – түсінігі осылай болып келеді. Төрт түліктің өзалдарына селері болуына, әр қайсына жекелей ат қоюына қарағанда, біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда, яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде, туған деуге болады. Олай дейтін себебіміз мынадай.

3. Шоқан Уәлиханов ислам діні жайын айта келіп : “Қазақ арасына ислам Діні XIV ғасырда ене бастады”, - дейді. Академік В. В. Бертольд бұл жөнінде былай деп. жазды. “Сырдария бойында, Хорезммен көршілес отырған қыпшақтар XII ғасырдың аяғына дейін мұсылман емес еді, жалпы алғанда монғолдардың басқыншылық жорығына дейін ислам түріктердің көпшілігінің діні емес болатын”. Ал қазақ тарихын зерттеушілер де осы пікірді қолдай отырып, қазақ арасына ислам діні XIV ғасырда ене бастады деп., бірақ ол XVI ғасырға дейін бүкіл ел қолданған тұтас дін еместігін көрсетеді. Мұнымен қатар, тарихшылардың бәрі де XIV ғасырға дейін қазақтар көп құдайға табынып (шамандық кез) жүргенін айтады. Ол кездегі адамдар жаратылыс сырын түсіне алмағандықтан, ой-өрісі төменгі сатыда болғандықтан жоққа сенген, дүниедегі әр түрлі құбылыстарды күшті санап, құдай есебінде соған табынған. XVI ғасырдан бергі жерде де яғни қазақ арасына ислам діні молынан жайылған кезде де екі дін (шамандық пен ислам) қатарласа жүрген.

Төрт түлік мал. жайында шығарылған әңгіме, өлең, жырлардың алғашқы үлгілері ерте заманда туып, бертін келе дами береді. Тұрмыс – тіршілігі төрт түлікке байланысты болған шаруа адамы мал. баласын қадірлеп, ардақтай түседі. Сондықтан да ол төрт түліктің иелеріне жалынып, жалбарынып та жүреді. “Малға ауру, інде жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет” деп., төрт түліктің иелеріне тіл қатады, әрқайсына арнай тілек етеді.

Қазақ халқының ертедегі күн – көрісі, тұрмыс – тіршілігі, шаруашылығы төрт түлі малға байланысты болғандағы ауыз әдебиетінен белгілі орын алады.

Баќылау с±раќтары:

1. Төрт түлік жырлары

2. Көшпелі шаруашылықта төрт түлік мал жайында бейнеленуі

3. Төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер

4. Төрт түлік жырларының зерттелу тарихы

7- лекция. Таќырыбы: Отбасы салтына байланысты туған өлеңдер.
Жоспары:


  1. Той бастар әні.

  2. Жар – жар өлеңдері.

  3. Сыңсу мен бет ашар.


Лекция мақсаты: Студенттерге отбасы салтына байланысты туған өлеңдеге әр қайсысына жеке мәлімет беру және байланыстылығы мен ерекшелігіне тоқталу. Олар: той бастар әні, жар – жар өлеңдері, сыңсу мен бет ашар.
Лекция мәтіні:

1. Қай халықты алсақ та, оның ертеден ертеден келе жатқан әдет – салты, ырым – кәдесі бар. Соның бірі – қыз ұзату, келін түсіру, - жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр.

Қазақ халқы ерте кезде тұрмыс – тіршілігінде орын алған салтының қайсысын да болса да ойын – сауық етіп өткізуге тырысқан. Оның бәрін өзінің ән – күйімен, өлең – жырымен есте қалдырған. Мұны үйлену салты жайынан да көруге болады.

Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру – жастарды үйлендіру – салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын, сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен қажет. Өйткені мұндай өлеңдердің көпшілігі сол ескі әдет – салттың және оны шығарушылардың идеясын білдірген.

Арғы шыққан уақытын, нақтылы туған мезгілін және қай дәуірде қалай дамығандығын дәлдеп көрсете алмағанмен Қазан революциясына дейін қазақта үйлену салтының бірнеше түрі болғаны мәлім. Бұл ретте професор Б. Кенжебаев көңіл аударарлықтай біраз фактілер келтіреді. Оның айтуынша, қазақтардың ертедегі тұрмысында құда болу, қыз ұзату, келін түсіру әдет – салты халық ортасында туған, бұл салтты сол кездегі билік еткен үстем тап та пайдаланып, оны ақсақалдық – рушылдық жол – жоба, заңына айналдырған, өздерінің консервативтік идеясын қосқан. Мұндай әдет – салттың қазақта Қазақ революциясына дейін бастр үш түрлі болып келген. Біріншісі – бел құда немесе ежеқабыл деп. аталған. Бұл әдет – салт бойынша, жастардың ата – аналары балаларын тумай тұрып атастырып қойған; бірінен ұл, бірінен қыз туса, құда боламыз деп. уәделескен ; тумаған, әлі дүниеге келмеген балаларына құда түсіп, ырымдарын жасаған ; ол балалардың не өлі, не тірі боларын еске алмаған. Мұның мысалы “Қозы көрпеш – Баян сұлу” жырынан көрінеді. Екіншісі – бесід құда деп. аталған. Бұл әдет – салт бойынша, жастардың ата – аналары балаларын бесікте жатқан кезінде – ақ атастырып, құда болысқан. Алысатын, не берісетін қалың малдарын белгілесіп, оны төлей бстаған. Ал бесікте жатқан балалардың ер жетіп ес білген кезінде бір – бірін ұнататыны, не ұнатпайтынымен ата – аналар санаспаған. Үшіншісі – қарсы құда деп. аталған. Мұны қызы не қарындасы бар кісілер бірін – бірі қызын немесе қарындасын беретін болып құда болысқан. Екінші сөзбен айтқанда, өзара адам айырбасын жасаған.

Сөйтіп қазақтың ескі тұрмысында орын алған, арғы негізі халықтық ортада туған үйлену салтының кейбір бастыларын сол кезде үстемдік еткен билеуші тап қолданып, белгілі жол – жоба, заңға айналдырған. Мұндай заңдар жүзеге асырып тұрған заманда жастарға, әсіресе қыздарға, шексіз зорлық, көп қиянат жасалған. Бұған разы болмаған талай жастар өмірін өкінішпен, қайғы – қасірет тартып жылаумен өткізген, кейбіреулері мұндай халге шыдай алмай, өзін - өзі өлтіруге дейін барған. Жастар, әрине, ол кезде әділетсіздікке қарсы күрес жолын таба алмаған. Олардың осындай ауыр жағдайын көрген Абайдың :

“Етімді шал сипаған құрт жесін деп.,

Жартастан қыз құлапты терең суға”, -

Дейтіні осыдан. Бұл сол кездегі әділетсіздікке, қалың малға, зорлық жасап жастарды жылатушылыққа қарсы білдірілген халық наразылығының бір көрінісі еді.

Той бастар.

Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің ұсақ бір түрін тоц бастар деп атайды. Мұның өлеңін шығарушы, әдетте ақындар болған. Бірақ, той сайын той бастар өлеңін ақындар ғана айта беруі шарт емес. Кейде, ондай той ішінде ақындар болмауы да мүмкін. Сондықтан, әуелде ақындар шығарған, кейіннен елге тараған, жұрт жаттап алған той бастар өлеңін сөзге ебі бар, жылпос жігіттер де айтып жүрген.

Той бастардың негізгі мақсаты – ұзатылатын қызына той жасап отырған үйге “құтты болсын” айту, жақсы тілек білдіру, тойға жиналған адамдарды көңілдендіру. Сонымен қатар, күйеуге бара жатқан, ел – жұртын, ата – анасын, туған – туыстарын тастап кетуді қимай, қиналып отырған қызға демеу беру, көңілін аулау, “ата – ананың жолы осы” деп көрсету. Осы мақсаттан туған той бастар өлеңінің бір үлгісі мынадай болып келеді ;

Бағылан серке, марқасқа қой бастайды,

Қой алдында жануар ойқастайды.

Құтты тойға кез болғанжолды жігіт,

Бұрынғының жолымен той бастайды.

Құнан қойын шайлатып сойдырған үй,

Табақ – табақ ет беріп тойдырған үй,

Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз,

Құтты болсын, тойыңыз, той қылған үй.

Немесе :


Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,

Той қылдың жұрт жиналған мерекелі.

Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз,

Тойыңыз тойға ұлассын берекелі. –

Той бастар өлеңін осылай басталатын үлгілерінің қайсысын алсақ та, мазмұны жағынан бір – біріне ұқсас келеді. “Сәрсенбінің сәтті күні той жасаған” адамға “құтты болсын” айтудан басталған той бастар өлеңдері өз кезіндегі әдет – ғұрып, салт бойынша, әңгімені ұзатылатын қыз жағына қарай да ауыстырады. Қызға да айтары: “ата – ананың жолы осы”, соған көн, көңіліңе қайғы алмай аттан деу. Той бастар өлеңдерінің бәрінде кездесетін және мадақтап, мақтау түрінде айтылатын негізгі идея осылай болып отырады. Мұнымен қатар, той бастар өлеңдерінің кейбіреулерінде той иесінің сән – салтанатын, ойын – сауығын, байлық – бақытын жер- көкке сыйғызбай мақтаушылық, ол адамды бүкіл ел – жұртты жарылқаушы есебінде көрсетушілік те кездеседі. Мұндай дәріптеулер, асыра мақтаулар байлардың тілегінен туған. Сондықтан оларды той бастар өлеңінің халыққа жат түрі деп білу керек.

Той бастаушының екінші бір міндеті – “жаршылық” қызметін атқару. Мұны той бастар өлеңін айтушымен қатар, кейде, арнаулы “жаршылар” да айтқан. Олар “жарандар – ау, жарандар, құлағыңды бері сал...” деп тойдың тәртібін, ендігі жерде қандай ойын – сауық, қызықтар болатындығын, той иесінің немесе басқалардың жариялайтын қандай сөздері барлығын хабарлап отырған.

Той бастардың өлеңдері төрт жолды, он бір буынды, тілі халыққа түсінікті, біреуден біреудің жаттап алып айтып жүруіне әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді.

2. Жар – жар. Той бастардан кейін, ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір түрі – жар – жар. Мұны ойынға жиналғандар екі жақ болып, айтыс түрінде орындайды. Бір жағы қыздар, екінші жағы жігіттер немесе қыз алушы және қыз беруші құдалар жағы болып екіге бөлініп айтысқа түседі. Сөзді тойға келген ақындар, болмаса “жар - жардың” жұртқа мәлім, жаттап алынған өлеңін білетін жігіттер бастайды. Айтыстың басты тақырыбы, мазмұны ұзатылғалы отырған,, жарына қосылатын қыз туралы, оның жаңа жерге, жат жұртқа бара жатқандығы жайында болып келеді. Мұнымен қатар, қыздың көңілін аулай отырып, оның жаңа жерде жақсы тұрмыс құруы, балалы – шағалы, ауқатты болуы туралы сөз қозғалады, жақсы тілек айтылады. Бәрінен де қымбатты қыздың жары екендігі баса айтылып, өлеңнің әрбір жолы “жар - жар” деп қайырылады, “жар” деген сөз қыздың құлағына құйыла береді. Әрқашан да “жар - жарды” бастаушы жігіт болады. Ол өзінің сөзін ұзатылғалы отырған қыздлың көңілін аулаудан, секемді болмаудан бастайды. Мәселен :

Жігіт :


Алып келген базардан

Қара насыр, жар – жар – ау,

Қара мақпал сәукеле

Шашың басар, жар – жар - ау

Мұнда әкем қалды деп,

Қам жемеңіз, жар – жар – ау,

Жақсы болса қайын атаң,

Орнын басар, жар – жар – ау.

Қыз :

Есік алды қара су



Майдан болсын, жар – жар – ау,

Ақ жүзімді көргендей,

Айнам болсын, жар – жар – ау,

Қайын атасы бар дейді –

Осы қазақ, жар – жар –ау,

Айналайын әкемдей

Қайдан болсын, жар – жар – ау. –
Осы ретпен басталған “жар - жар” айтысы, бұдан әрі қарай созыла береді. Сонда жігіт ұзатылғалы отырған қыздың әке – шешесін, туған – туысын, аға –інісін, апа – сіңлісін, құрбы – құрдасын, жеңгелерін өлеңге қосып тізіп шығады. Бұл аталған адамдардың орнын қыздың барғалы отырған қайын жұртындағы ағайын – туыстар басатынын айтады, шешең орнына қайын енең бар, інің орнына қайын інің бар деп дәлелдейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз кезекпен жауап қайырып, олардың бірде – бірі өз туыстарындай еместігіне мұңаяды, жылап жыр етеді, көңіліндегі қайғы қасіретін шертеді ; туып өскен жер, ағайын – туыс, еркін жүрген кезін айтып қоштасады.

Айтысқа түскен құдалар тобы да қыздың көңілін аулай бірқатар сөздер айтады. Жат жерге кеттім деп жыламы, қатарыңнан қалмайсың, құрбы – құрдасыңнан кем болмайсың дей отырып, болашық өмірінің қызықты болатындағын, жар сүйіп, бала көретіндігін айтып жұбатады. Қыз көңілін әзіл – оспақпен көтеруге тырысады.

Бұл айтылған жұбату сөздердің бәріне жауап ретінде ұзатылғалы отырған қыз жиналған көпшілікке өзінің аянышты халін, көңіліндегі қайғы-қасіретін шағып зар етеді. Буыны бекіп, бұғанасы қатпағандығын, жастық, қызық дәуірінен айрылғанын, малға сатылып, еріксіз күйеуге кетіп бара жатқанын білдіреді. Мәселен;

Әке менен шешенің мейірі қатты,

Өз баласын қазағып малға сатты.

Байлап беріп жат елге танымаған,

Жетім балаға ұқсатып жаутаңдатты.-

Немесе;


Уылжыған ақша бет, қуарсайшы,

Мөлдіреген екі көз, суалсайшы.

Бір жаманға қор болып кеткеніңше,

Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы,-


дейтін өлеңдерден өткендегі қазақ қыздарының ауыр қайғысы, ащы зары естіледі. Сүйгеніне бара алмай, теңіне қосыла алмай, арманда кеткен, мал орнына сатылған қыздар “жар-жар” өлеңі арқылы да қытымыр заманның әділетсіз әдет-заңына қарсылық білдіріп, оған қарғыс айтады. Бұл секілді халық өлеңдері өткен кезде үстемдікеткен таптың, ақсақалдық-рушылдық қауым қолданған әдет-ғұрып заңның жағымсыз кескінін әшкерлеиді, оған халықтың жиренішті көзқарасын суреттейді. Осы тұрғыдан қарағанда 2”жар-жар” өлеңдері әлеуметтік мәні бар мәселелерді көтерген, әсіресе әйелдердің хал-жайын, ерлермен тең праволыболмағандығын айқын көрсеткен деуге болады.

Жар-жар өлеңдері тек ұзатылған қыздың тойында ғана айтылып қойған жоқ, сонымен бірге ол жастардың бас қосқан ойын-сауық кештеріндеде қолданылған және өзінің әнәде болған. Мұндай жағдайда бас қосқан жастар, “жар-жардың” өлең-әнін, әзіл-оспағын көңіл көтеру, махаббат сырын шерту, ойнап-күлісу үшін пайдаланған.

Жар-жар өлеңдерінің мәні мұнымен ғана бітпейді. Оның басты ерекшелігінің бірі – қазақтың ауыз әдебиетінде “айтыс” түрінің шығуына негіз салуында (бұл жөнінде “айтыс” бөлімін қараңыз). Екіншіден, жар-жар айтуда театрлық элементтер бар. Ерте кезде қазақтың театры болған жоқ. Бірақ оның элементтері болды. Соның бірі осы “жар-жар”. Оның жиналған көпшіліктің алдында айтыс түрінде шығуы, өлең, ән, домбыра араласуы, жұртты қызықтыруы жағынан алғанда, “жар-жардың” орындалуы ерте кездегі қазақтар үшін театр сахнасы есебінде болған.

Жар-жардың өлең құрылысы жеті-сегіз буынды жыр, кейде он бір буынды қара өлең негізінде келеді. Мұнда жұртқа белгілі, қалыптасқан ұйқастар, траферетке айналған, көпшіліктің жаттап алып бірден-бірге таратып айтуына ыңғайлы сөздер көп ұшырасады. Өлеңі әзіл-оспақ, жеңіл қалжың түрінде де кездесіп отырады.



3. Сыңсу,

Ұзатылатын қыздың тойында жасалған ойын-сауықтың біразы аяқталған кезде, қыздың аттанар шағы жеткен шақта сыңсу айтылады. Бұл – ұзатылатын қыздың аттанар алдында ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрдасымен, туып-өскен жерімен, жастық-балалық өмірімен қоштасу ретінде айтылатын өлеңі. Мұнда ұзатылатын қыз өзінің құрбы-құрдас, жолдастарымен ауыл-үйді аралай жүріп, белгілі әнге сала сыңсуын айтады. (Сыңсудың өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған болады.)

Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу өлеңдері арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады. “Мен еліме өкпелі” деп басталатын сыңсу өлеңінде;
Заманым өтті басымнан,

Дәуренім кетті басымнан.

Бұл не деген іс болды,

Көңілінен кеткен құс болдым.

Бұлғақтап жүрген заманым,

Қандайда жерге тұс болдым.

Ата-анам еді дәулетім,

Мен жұртыма жаума едім,

Жат-жұрттық болып кеткен соң,

Кетер-ау бастан сәулетім.

Айналайын, ел-жұртым,

Не болар менің заманым!

Дәуренім менің өткен соң,

Бұралқы иттей кеткен соң,

Естіле жүрер дейсізбе,

Не болып жүрген хабарым.

Заманым қиын болар-ау,

Көкірекке қайғы толар-ау,

Ел-жұртым сенен , айрылып.

Сана мен жүзім солар-ау...-

деп, ұзатылып бара жатқан қыз көңіл шерін толғайды. Бұд зар қаншама ащы, аянышты болғанмен де, ескі әдет-ғұрып, әділетсіз заңға сүйенген заманда, әйел мұңы ескерілмеген, аяққа басылған. Солай бола тұрса да, сыңсу өлеңдері ерте кездегі әйелдердің хал – жайын суреттейтін ескілік жол – жобаға қарғыс айтқан, қарсылық білдірген шығармалар болып табылады.

Сыңсу аяқталғаннан кейін, ұзатылып бара жатқан қызға ақыл - өсиет айтылған. Мұны жұбату деп атайды. Жұбатуды, әдетте, ауыл ағасы, беделді адамдар айтқан. Жұбату өлеңдері, бір жағынан, ұзатылып бара жатқан қыздың көңіліндегі қайғы – зарды жуып – шайу мақсатын көздесе; екіншіден, қыздың жаңа жерге барғанда атқаратын міндеті, мінез – құлқы қандай болу керектігін насихаттаған, жол – жоба көрсеткен. Мәселен жұбату өлеңдерінің бір түрі :

Жылама, бекем, жылама,

Көзіңнің жасын бұлама,

Ұл боп тусаң әуелден,

Сені мұндай қыла ма !

Көзді жаспен бояма.

Біз бермейік десек те,

Мал бергенің қоя ма? –

деп басталады да, “ата – ананың жолын”, ескі әдет – ғұрыпты ақтауңа тырысады. Содан кейін, ұзатылғалы отырған қыздың болашағын, ендігі өмірі қалай болу жайын үгіт ретінде айтып шығады. Жарыңа қосыласың, мал – малданып,жан – жанданып жеке үй боласың, әлдилеп бала сүйесің деген секілді көңіл жұбататын өсиеттер айтылады :

Тілеулі, құтты тойыңда,

Көп жылауды қойыңыз...

Жыламай құлақ салыңыз.

Бұл сөзіме наныңыз,

Мен айтамын өсиет –

Тыңдап ұғып алыңыз.

Мұнан көшіп кетіңіз,

Шын еліңе жетесің,

Тең құрбың шықса алдыңнан.

Ойын – күлкі етерсің.

Құрбы келсе, күлгейсің,

Әдеппенен жүргейсің,

Салмақпенен сөз сөйлей,

Жақсы жауап бергейсің, -

деп күледі де, бұдан ары қарай ақыл - өсиет созыла береді. Онда айтатыны: үй ішін, ата – анаңмен, ағайын арасымен тату – тәтті, әдепті, үлкенді сыйла, салдыр - сылақ болма, мал – мүлкіңді шашпа, тазалық сақта, оқыс мінез көрсетпе, өтірік өсек айтпа, жарлыларға көз – қиығыңды салып жүр, сараң болма!

Белгілі дәстүрге айналған жұбату, ақыл - өсиеттерде айтылатын негізгі әңгімелер осы тәрізді болып келеді. Әрине, бұл өлеңдердің халықтық сипаты барлығын, халықтың мінез – құлық жайындағы ойын, көзқарасын білдіретіндігін жоққа шығаруға болмайды. Ұзатылып бара жатқан қызға “жақсы бол” деп ақыл айту, өмір соқпағын көрсету болашағында не істеу керектігін түсіндіру – халық ұғымына қиғаш келмейді. Бұдан, әрине, жұбату өлеңдерінің қайшылығы жоқ деген ұғым тумайды. Ескі әдет – ғұрыпты, “ата – ана жолын” ақтауға тырысуы, әйелдердің әлеуметтік дәрежесмі ерлер мен бірдей емес деп көрсетуі жұбату өлеңдерінің халық қабылдамайтын, халықтың көзқарасына, ой – тілегін қарама – қарсы келетін ұғымдар болып табылады. Мұндай жат ұғымдарды үстем таптың қоспасы деп түсіне керек.

Бет ашар.

Жаңа түскен келіншектің тойында айтылатын өлеңнің бір түрін бет ашар деп айтады. Бұл өлеңнің мақсаты – жас келіншекті жаңа ағайын – жұртына, қайын ата мен қайын енесіне жаңа қауымға таныстыру, кімнің қандай екендігін айту; мұнымен қатар, жаңағы ағайын – жұртқа жас келіншек жайын түсіндіру, жатсынбай баурап ал, ол осы қауымның бір мүшесі болды деп көрсету.

Осындай екі жақты бір – бірімен таныстыруды бет ашар деп атаған. Мұның өзіне арнап шығарылған өлеңі болған. Ол өлеңді, той үстінде көбінесе, ақындар айтқан. Ертедегі салт бойынша, бұл өлеңді айту реті былай: жас келіншектің түсетіне үйіне жұрт жиналады. Олардың үстіне келіншекті енгізгенде жеңіл желекпен бүркеп әкеледі. Ш. Уәлихановтың (жоғарыда аталған еңбегінде) айтуына қарағанда, жас келін үйдің босағасын алғаш рет аттап енгенде, отқа май құйып ырым жасайды. “Мұндай ырым, дейді Шоқан - , ертедегі шамандық дәуірінен қалған, ол кездегі адамдардың отты жарылқаушы күш есебінде туған”.

Жаңағындай ырымдары жасалу үстінде жаршы – ақын бет ашардың өлеңін айтуға кіріседі. “Келін, келін, келіп тұр” деп бастайды да жианалған жұртқа келінді таныстырады, келін атынан сәлем береді. Сәлем соңында, келіннің айтайын деген сөзі деп әркімге арнаулы тілек білдіреді ; көрімдікке, еншіге деп мал сұрайды.

Нар берсеңіз, мая бер,

Үстіне кілем жая бер...

Жылқы берсең – биеден,

Кем болмасын түйеден...

Сиыр берсең, қызылдан,

Шұбалаң құйрық ұзыннан....

Қой берсең, үлкене ағынан,

Егіз болсын қозысы,

Болмасын жылқы дағынан...-

деп, түйеден бастан ешкі – лаққа дейін төрт түліккті атап шығады. Сөз арасында жаршы – ақын төрт түліктің қайсысында қандай қасиет барлығын да, қайсысына келіннің көңілі толатындығын да әзілмен ескертіп қояды.

Бұдан ары қарай бет ашар өлеңнің екінші бөлігі “айт келін” басталады. Бұл жаңа түскен жаңа келінге арналаған үгіт - өсиет сөздер болып келеді. Онда келіннің үй шаруасындағы міндеті, атқаратын қызметі, құлық – мінезі, жүріс – тұрысы, қандай болу керектігі айтылады; патриархалдық тұрмыстың, ескі әдет – ғұрыптың салттарын бұлжытпай орындау шарт екендігін ескертеді.

“Айт келін” өлеңдерінде халықтық пікірлер (еңбек ет, әдепті бол, өтірік өсек айтпа, салдыр – салақ болма) болумен қатар, халық тілегіне жат, концервативтік және феодалдық қауымның көзқарысн білдіретін жақтары да бар. Әсіресе, әйелдердің правосын төмендетуі ерлер мен тең емес деп көрсетуі, үй ішінің барлық ауыр салмағын әйелдерге жүктеуі феодалдық қауым тілегінен, соның көзқарысынан, әдет – салтынан туған. Сондықтан біз бұларды “айт келін” өлеңдерінің қайшылық, кертарпалық жақтары барлығын түсіну үшін сөз етеміз.


Баќылау с±раќтары:

  1. Той бастар әні.

  2. Жар – жар өлеңдері.

  3. Сыңсу мен бет ашар.

  4. Жұбату

  5. Қыз ұзату

  6. Келін түсіру

  7. Той тартар

  8. Орындаушылар мен айтылу мезгілі.

  9. Естірту

  10. Көңіл айту

  11. Жоқтау

  12. Өлген кісіге байланысты айтылатын өлеңдердің салтпен байланысты



8- лекция. Таќырыбы: Мақалдар мен мәтелдер.
Жоспары :
1.Мақал – мәтелдердің жанрлық белгілері.

2.Классификациялаудың принциптері.

3.Мәтелдің мақалдан айырмашылығы.
Лекция мақсаты: Мақал – мәтелдердің жанрлық белгілеріне тоқталу. Классификациялаудың принциптеріне жан-жақты мәліметтер беру. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы және бір-бірімен байланыстылығы.
Лекция мәтіні:

1. Халық мақалдарының тақырыбы өте көп солардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайына арналған.

Еңбек адамды мақсат – мұратқа жеткізіп абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді. Еңбегі бардың өнбегі бар, Еңбек түбі мереке деп халық адал еңбекті ардақтады. Еңбек етпеген адамды жатып ішер жалқауды халық өзінің мақалы арқылы сынап шенейді. Бұған еңбегі аздың өнбегі аз, еріншектің ертеңі таусылмас деген мақалдар келтіруге болады. Еңбек мақалының тақырыбына арналған қай – қайсысы болса да, ақыл өсиет түрінде айтылады. Бейнетсіз рахат жоқ, Әрекет болмай берекет бол. Түлік төлден өседі дей отырып сол түліктерді өсіру үшін қажырлы еңбек керектігін ескертеді. Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал жуымас, Ат шаппайды, бап шабады. Мал жисаң қоныс тап, Бақпасаң мал кетеді деп ақыл айтады. Адал еңбекті сүйген халық мал басын өсіру үшін аянбай жұмыс істе, ерінбей еңбек ет, сонда ғана мал құралады дейді. Ал еңбек етпей, ұрлық немесе барымта жолымен мал жинап баюды көздеуші адамды халық қатты сынға алады, шенейді, Ұрыға мал қатаймас, ұрлық түбі –қорлық, деп сипаттайды. Халық мақалараның қоғамдық мәні бар тақырыптарын 1- ші оқу білім, тазалық тәрбие, мінез құлық, әдет ғұрып жайлары бұлар жөнінде халықтың ой, көз қарасы, шығарар қортындысы, айтар ақылы қандай екені байқалады. Жақсы нәрсені үлгі ету жаманнан жиеркеніш тауып бездіру, аталған тақырыптағы басты мәселесі оқу білім, ғылым жайын сөз қылғанда халық мақалыың, адам баласына тигізетін пайдасы көп екендігінен басталады. Қазақ мақалдарына жоғарыда жасалған қысқаша шолу ауыз әдебиетінің бұл түрі мазмұны жағынан болсын тақырыбы жағынан болсын орасан көп дүние екендігін көрсетеді.



2. Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарынын өзіне тән негізгі бірінші ерекшелігі аз сөзбен көп мағына беретінінде аз сөз алтын- көп сөз көмір - дей отырып халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің тобықтай түйінін береді. Ой пікірін көз қарасын әрі терең әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы, олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинала келеді. Ішкі құрылысы жағынан алғанда мақалдар екі түрлі біріншісі айтайын деген ойын ашық етіп, бірден турасынан білдіреді. Жауды алған жаралы қалады, Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ, т.б.

Екіншісі негізгі ойды астарлап айтады. Ғибрат білдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біразы осы соңғы түрге енеді. Бұған мысалы: жығылсаң нардан жығыл, Сырын білмеген аттың артынан жүрме деген мақалдарды жатқызуға болады. Жығылсаң нардан жығыл дегенде, нардан жығылып құлауды айтып тұрған жоқ, нардан үлкенге ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. Сырын білмегеннен аттың сыртынан жүрме дегенде тура маған болумен қатар, астарлап айтылған жанама мағана бар. Ол сырлас болмаған сырын білмеген адаммен бір ден ашша-жай болудың қолайсыз жағдайға душар еткенін аңғартады.



3. Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ бұлардың өзара айырмашылығы бар. Басты айырмашылық бұлардың мазмұнында. Мақалды алсақ оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға , әңгімелер жатады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей жанама түрінде , әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөзді тыңдаушы өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекешелігі болып табылады.
Баќылау с±раќтары:

1. Мақал – мәтелдердің жанрлық белгілері.

2. Классификациялаудың принциптері.

3. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы.

4. Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер

5. Мақал-мәтелдердің ауызекі сөйлеу тілімен байланысы.

6. Қанатты сөздер

7. Афоризм дер

8. Фразеологиялық тіркестер

9. Құрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері

10. Троптардың атқаратын қызметі.

9-лекция. Таќырыбы: Жұмбақтар.

Жоспары :

1.Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.

2.Жанрлық белгілері.

3.Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері.


Лекция мақсаты: Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихына тоқталу. Жанрлық белгілері жайлы мәліметтер беру. Студенттерге жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдерін түсіндіру, мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі - жұмбақтар. Ол барлық елдің ауыз әдебиетін е ортақ жанр. Жұмбақ түрін зерттеген ғылымдардың айтуынша, жұмбақ ертедегі адамдардың бүкіл коллективтің , еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілігі құру тәжірбиесінен туған. Жұмбақ заттың өзін айтпай оның түр-түсін , сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Ойға алған нәрсенең өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз. Жұмбақ айту әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М. Әуезов қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп былай деген: Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кете тіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған. Бұл тарихи шындыққа негізделген пікір. Қазақтың көптеген ертегілерінде мазмұн болғанда немесе ондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болғанын білеміз. Бұған “Қарттың ұлына айтқан өсиеті”, “Қарт пен тапқыр жігіт”. Ерте заманда күйеу таңдаған қыздар : жұмбағымды шешкен жігітке ғана тиемін, - деп жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің ақыл – ойын сынау ретінде қолданған. Жұмбақ оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі.

2. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүнеиесі, табиғат жайы, еңбік-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер – білім, техника т. б жұмбақтардың басты тақырыбы болуы мен қатар мазмұны да болады. Мысалы: білім техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз. “Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді” (хат). “Өзі жаңа, өзі тесік” (елгезер). Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен өлеңнің сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Мысалы : “Төсек астында төрт бауырсақ” (сиырдың емшегі). “Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шепшек терді” (түйенің өркеші, ерні).

3. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері болады. Ең алдымен жұмбақтар тақырыпқа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиіс. Ол сонда жұмбақ болады. Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді, алыстаған бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді. Мысалы : жұмбаққа сиырды енгізгенде оның өзін айтумен бірге, мүйізін де, емшегін де, етін де бөлек жұмбақ етеді. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды пар лап, қосарлап айтуында. Ай мен күн, жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т. б жұбымен алысып жұмбаққа қосылады. Қазақтың жұмбақтары өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Сонымен бірге, жұмбақтарда дыбыс үндестігі, дыбыс қайталанушылық сонымен айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. “Жаралғанда жабысқан” (адамның не заттың аты), “Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді” (адамның есімі) осы сияқты жұмбақтардан көреміз.
Баќылау с±раќтары:

1. Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.

2. Жанрлық белгілері.

3. Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері.

4. Жұмбақтардың тақырыбы жәъне ондағы қазақ тұрмысының көрінісі

5. Жұмбақтың ертегілермен, айтыстармен және марал-мәмелдермен байланысы

6. Жұмбақтардың айтылу формасы

7. Жұмбақтардың көркемдік тәсілдері



10-лекция. Таќырыбы: Шешендік сөздер.

Жоспары :

  1. Қызметі мен қоғамдық мәні.

  2. Жиналу, зерттелу тарихы.

  3. Жанрлық түрлері.


Лекция мақсаты: Студенттерге шешендік сөздердің қызметі мен қоғамдық мәнін түсіндіру. Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихынан мәлімет беру. Олардың жанрлық түрлеріне тоқталу.
Лекция мәтіні:

1. Осы уақытта дейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық шешендік өнері, яғни би- шешендер мұрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік – қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Еллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты.

Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар: 1) шеншендер; 2) философтар; 3) ақындар; 4) тарихшылар.

Риторика немесе шешендік өнер ғылымы “өнердің падишасы” ретінде саналған. Ол поэтиканың, логиканың, стилистиканың және грамматиканың өркендеуіне үлкен әсер етті.

Риторика ғылымы төрт бөліктен түзіледі : а) ойлап табу, ойдан шығару, шығарымпаздық ; ә) әшекейлеу ; б) орналастыру ; в) орындау не айта білу.

Сон дай-ақ қазақтың шешендік өнері ұлттық прозаның дамуында, әсіресе, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің өмірнамасында айқын көрініс тапты. Сондықтан да шешендік өнер мен прозаның біртұтастығына да айырықша зейін аударылды.

2. Ең бастысы, қазақ мемлекетінің нығаюына, шарықтап түлеуіне ерекше еңбек еткен әйгілі би-шешендер, көреген көсемдер, көріпкел-абыздар Асан Қайғы мен Жиренше, Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек, Алшын Әйтеке би мен Сырым Датұлы, Бөгенбай батырдың ұрпақтары Бапан мен Саққұлақ, Абылай ханның бас биі Қарауыл данай мен Ақтайлақ шешен, Байдалы мен Бөлтірік, Жанқұтты сынды дүлдүл ділмарлардың өнерпаздық келбеті кеңінен әңгімеленеді.

Ұлы ойшыл – ақын Абайдың билік-кесімдері, 1885 жылы Қарамолада жазылған ережесі, таңғажайып тапқырлыққа толы асқан шешендігі туралы да сөз болады.

Бір айта кететін жәйт, қазақтың би-шешендерінің дауысы, түр-тұлғасы, өң-әлпеті, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы турасында жазылған ешқандай жазба деректер жоқтың қасы. Иә, ұлттық шешендік өнер өте биік дәрежеде дамығанмен, оның ғылымы кенжелеп қалғыны шындық. Солай болса да, Шығыстың ұлы ойшылы, отырарлық Әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов, Алексей Левшин, Адольф Янушкевич, Васили Васильович Радлов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Әмина Мәметова, Балтабай Адамбаев сынды көптеген шешендік өнердің жұлдыздары бар.

Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б. з. д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды.

Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер стаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор – латынша сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.

“Риторика” терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді білдіреді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады.



3. Көне дәуірде шешендік өнердің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б. з. д. V – IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт ерткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б. з. д. бір інші ғасыр немесе Цицерон заманы.

Ерте заманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары – риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы – ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.

Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:

Саяси тақырыпта сөйлеу.

Салтанатты маслихатта сөйлеу.

Сотта сөйлеу.

Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылды. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысында тегеурінді күш, соңғысында әсемдік тән.

Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады.

Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте, “Шығыстың Аристотелі” атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр Әл-Фарабиден басталады. Ол “Риторика” атты күрделі трактатында ғылыми – теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс – мақсаттан, қолдану аясынан туындатады.

Пікір сайысында, тіршілік таласында, дау-дамай үстінде қоғам, адам, жер-су, мемлекет тағдырын, аса мәнді өмірлік мәселелердің түйінін шешуде, келешегін айқындауда риториканың әдісі мен тәсілдерін, шешендік қарым – қабілеттің қыр – сырларын мінсіз меңгеру қажет. Бұл орайда Әбу Насыр әл – Фараби “Риторика” атты еңбегінде шешеннің сөйлеу барысындағы шеберлігіне назар аударады. Нақтылап айтқанда, көз жеткізу, көкейге ұялату, ұғып тыңдау, дәлелді пікір айту, шыншыл көзқарас, тиянақты білім, сөйлеушінің бет жүзі, қимыл-әрекеті сияқты ұғымдарды жіктеп, бажай лап түсіндіреді.


Баќылау с±раќтары:

  1. Қызметі мен қоғамдық мәні.

  2. Жиналу, зерттелу тарихы.

  3. Жанрлық түрлері.

  4. Шешендік дау

  5. Шешендік арнау

  6. Шешендік толғау

  7. Шендік сөздердің көркемдік сипати

  8. Эстетикалық, тәрбиелік маңызы


11-лекция. Таќырыбы: Ертегілер.
Жоспары:

1. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері :



  • хайуанаттар жайындағы ертегілер ;

  • қиял – ғажайып ертегілер ;

  • батырлық ертегілер ;

  • новеллалық ертегілер ;

  • сатиралық ертегілер ;


Лекция мақсаты: Студенттерге қазақ ертегілерінің жанрлық түрлеріне жеке тоқталып, олардың ерекшелігіне сипаттама беру. Олар: хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер.
Лекция мәтіні:

1. Барлық елдің ауыз әдебиетінен тел орын алған және жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығарманың бір түрі – ертегілер.

Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылғандықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қарайды. Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілерде адам баласының еңбек кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірбиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарының, табиғат сырын жетік білмеген олардың неліктен болатындығын жетік түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен : өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын ойлаған. Бұл жөнінде ұғым түсініктерін наным сенімдерін әңгімелеп айтатын болған. Сонымен ертегі, әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әртүрлі өзгерістерге ұшырағын, бір ертегі бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып арласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.

Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой арманы, дүние танымы мен көзқарасы т. б көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны “Халық жанының айнасы” деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-күйін, мінез әрекеттерін, білу үшін аса керекті матеріал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.

Әрине ел арасында айтылып, сақталып келген ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай туған шығармалар деуге болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін ертегілерде бар.

Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір әңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің шеберлігіне байланысты болады. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес, ол шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті керек етеді.

Ертекші шығарманың адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық еретегілерін жинап, зерттеген А. Н. Афанасьев, Н. Е. Ончуков, М. К. Азадовский, Ю. М. Соколов т. б “халық арасынан шыққан әрі ертекшілір ертегі айтуды үлкен шығармашылық еңбек деп түсінген және олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған”, - дейді.

Ертегілердің түрлері: хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиыл-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер болып бөлінеді.

Хайуанаттар жайындағы ертегілер – бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған. Және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Хайуанаттар жайындағы ертегілер – “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б ертегілер жатады.

Қиыл-ғажайып ертегілер ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып етрегі - әңгімелер туған. Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Қиял ғажайып ертегілеріне “Ер Төстік”, “Керқұлла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнекей қыз” ертегілері жатады.
Баќылау с±раќтары:


    1. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері :

    2. хайуанаттар жайындағы ертегілер ;

    3. қиял – ғажайып ертегілер ;

    4. батырлық ертегілер ;

    5. новеллалық ертегілер ;

    6. сатиралық ертегілер ;


12-лекция. Таќырыбы: Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Жоспары:

1.Жануарлар жайындағы ертегілердің шығу мен дамуы.

2. Жануарлар жайындағы ертегілер.
Лекция мақсаты: Студенттерге ертегінің түрлеріне тоқтала отырып, жануарлар жайындағы ертегілердің шығу мен дамуына сипаттама беру. Жануарлар жайындағы ертегілер және ондағы миф пен тотемизмнің көрінісі жайлы мәліметтер қарастыру.
Лекция мәтіні:

1. Бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарасытырғын. Және де әрбір хайуанат туралы оның қасиеті туралды түрлі мифтік ұғым – түсініктер ойлап шығарған. Табиғат – сырын, жаратылыс құбылыстарын түсіне алмаған ертедегі адамдар әрбір хайуанаттың жаратушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды керемет тұтып, оған табынатын болған.

Ертедегі адамдардың хайуанаттар жайындағы әртүрлі мифке байланысты туған ескі ұғым – түсініктері, бертін келе, экономикалық дамудың, қоғамдық сана – сезім, өсуінің нәтижесінде жоғала бастайды. Адамдар хауйанаттарды өзі бағындырып алған кезде, ерте заманда мифтік ұғымдарға қиялға негізделіп туған және ертегі - әңгімелеріне қосылған ұғым – түсініктері, көзқарастары өзгере бастайды. Олар өздерінің ертегілерінде хайуанаттарды реалистік түрде алып, адам баласына келтірген пайда – зиянын, атқаратын қызметін көрсетуге талпынады.

Бұл айтылғандарды хайуанаттар жайында шығарылған қазақ ертегілерінен де көруге болады. Аталған тақырыптағы ертегілердің ерте кездегі мифтік ұғымдарға байланысты туған үлгілерінде, кейбір хайуанаттарды жаратушы, жарылқаушы, керемет күш бейнесінде алғандығы, ертедегі адамдардың оларды ие тұтып табынғандығы байқалады. Мұны “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б. ертегілерден көреміз.

“Ақ қасқыр” ертегісінен ертедегі адамдардың қасқырды жарылқаушы ие деп түсінгендігі көрінеді. Бұл түсінігін дәлелдеу үшін ертегінің сюжеті түрлі – түрлі ғажайып халді бейнелеуге құрылады. Ертегінің оқиғасы мал өсіріп кәсіп еткен елдің тұрмысын, қыс кезінде қос шығарып жылқыны далада бағатын жайын суреттеуден басталады. Осыдан былайғы оқиға фантазия аралас дами береді.



2. Қызық ғажайып халге құрылған “Ақ қасқыр” ертегісі ертедегі адамдардың хайуанаттар жайындағы ескі наным - сезімдерін елестетеді. Бұларда да “Ақ қасқыр” ертегісіне ұқсас келетін ұғымдар, бұлдыр түсініктер беріледі.

Сөйтіп хайуанаттар жайында шығарылған ертегілердің алғашқы үлгілерінен ертедегі адамдардың, “жанды – жансыз табиғат турасындағы бұлдыр түсініктерін байқаймыз. Ондай ертегілер хайуанаттармен байланысты туған мифтік, діндік түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсінікті аңғартады”. Ал бертін келе экономикалық, қоғамдық жағдайлардың және сана – сезімнің дамуына байланысты бұрынғы бұлдыр түсініктердің ыдырап, жойыла бастағанын көреміз.

Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуандары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы, кейде халықтық сатираға айналады және сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары мінеледі ; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке – күлкісі түрінде келеді ; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады.

Төрт түлік мал және үй хайуандары қазақ ертегілерінің көлеміне енгенде, ең алдымен, оларды адам баласына келтірер пайдасы, атқарар қызметі қандай екендігі суреттеледі. Өйткені бұлардың шаруашылық үшін мәні, адам өмірінде алатын орны аса зор еді. Төрт түлік мал шаруа адамына, бір жағынан, көлік күші болса, екіншіден, ішетін тамақ, киетін киім еді. Сондықтан да халық төрт түлік малды, үй хайуандарының өзінің ертегісіне қосқанда, олардың қызметін даралап көрсетуге мән береді. Ертегі оқиғасын тартысы мол нақтылы сюжетке құрады; фантазия мен реалистік болмыс шындығын шебер араластыра отырып, жұрт қызығып тыңдайтын кесек шығармалар тудырады. Төрт түлік мал жайындағы қазақ ертегілерінде халықтың айырықша ардақтайтыны – жылқы мен түйе. Оның мәні осы екі түліктің халық тұрмысында ерекше қызмет атқарғандығында. Мұны біз “Алтын сақа”, “Тепең көк”, “Боз інген”, “Жақсылық пен жамандық” т. б. ертегілерден көреміз.


Баќылау с±раќтары:

1. Жануарлар жайындағы ертегілердің шығу мен дамуы.

2. Жануарлар жайындағы ертегілер.

3. Миф пен тотемизм көрінісі

4. Ертегілерде астарлау мен кейіптеудің атқаратын қызметі

5. Сатира мен юмор

6. Көркемдік ерекшеліктері,

7. Композициясы

8. Сюжетінің тізбекті құрылымы

9. Ертегілерде диалог, қара сөздіңөлеңмен алмасып келуі



13-лекция. Таќырыбы: Қиял – ғажайып ертегілері

Жоспары:

1. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі.

2.Ертегілердің шығу мен дамуы.

3.Ертегілердің халықтық сипаты.

4.Ертегілердің түрлері.

Лекция мақсаты: Студенттерге қазақ ертегілерінің жанрлық түрлеріне жеке тоқталып, олардың ерекшелігіне сипаттама беру. Олар: хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер. Ертегінің түрлеріне тоқтала отырып, жануарлар жайындағы ертегілердің шығу мен дамуына сипаттама беру. Жануарлар жайындағы ертегілер және ондағы миф пен тотемизмнің көрінісі жайлы мәліметтер қарастыру.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлеміз. Солардың ішінде бастылары :

1.Қиял – ғажайып ертегілер.

2.Хайуанаттар жайындағы ертегілер.

3.Тұрмыс – салт ертегілер және аңыздар.

Қиял - ғажайып ертегілер. Ертедегі адамдар табиғат және оның құбыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік – кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып ертегі - әғгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жаулары жайында да, сол жауларды жеңу жолодары туралы да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді дәу, жын – пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті басты айдаһра, әбжылан т. б. бейнесінде алған. Бұлардың бәрі адам баласына қастық жасаушылар, керемет күші, айла – амалы барлар деп түсінген. Ол түсініктері көкбінесе мифтік ұғымға, бұлдыр сезімге ертедегі адамдардың өздері иланған көп құдайларға байланысты ьолады. Ертегілердің оқиғасы фантазиялық түрде айтылады. Мұндай ғажайып ертегілердің туу себебі : “бұрынғы кезде экономикалық дамудың төмен сатыда болғандығына байланысты”.

2. Қиял – ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен әр түрлі қауіп – қатерлерден құтылу, тіршілік еті, табиғат сырын танып білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман қиялынан туған. Сондықтан да бұл ертегілер де ертедегі адамдардың еңбек процесінде аңсаған арман – мүддесі, жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсең екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал бұған олар өзінің қиялы арқылы ғана жеткен. Сол қиялдарын ертегі - әңгімеге айналдырған, Бұл жөнінде М. Горький былай дейді : “Тіпті атам заманғы уақытта – ақ адам баласы әуеде ұшу мүмкіншіліг жөнінде ойлаған, мұны... “Ұшқыш кілем” туралы ертегі бізге айқын көрсетеді. Жер бетіндегі жүрісті жылдамдату туралы да ойлаған, мұны “Жүрдек етік” туралы ертегіден көруге болады,... өзен үстінде оның ағысынан гөрі жылдам жүруге ұмтылғандықтың арқасында ескек пен желкенді ойлап шығарды ; жау мен хайуанды өлтіруге талпыну – пращты, садақты, садақ оғын ойлап шығаруға түрткі болды. Жіп иіру және бір түн ішінде бірталай кездеме тоқу мүмкіндігі туралы, бір түн ішінде жақсы үй салу туралы, тіпті “сарай” салу туралы, яғни жаудан қорғайтын пана салу туралы ойлап, жұрт осының арқасында еңбектің ең ерте заманғы құралдарының бірі болған ұршықты, тоқу үшін жабайы қол станогын ойлап шығарды”.

Әрине, ертедегі адамдар алдына қойған мақсатына, ойына алған, қиял еткен арман – мүддесіне бірден жеткен жоқ. Олар бұл жолда талай қиыншылықтарды басынан кешірген. Оны ертегілерінде де суреттпен көрсеткен. Бірақ олар адам баласының күшін, мәңгі жасайтынын білген, өзіне дұшпан күштердің бәрін де жеңіп шығатынына сенген. Бұл, сенім қиял- ғажайып ертегілерінен де мол орын алған.



3. Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Олар алдына қойған мақматынга жету үшін, табиғат сырын танып – білу, тіршілік ету жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ақырында, мақсат-мұратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын ұғына бастайды, қандай жаулары болса да талқандап жеңіп жүреді.

Ертедегі адамдардың дүние тану, еңбек кәсіп ету, тіршілік жасау жайындағы сезім – түсініктерінен туған қиял – ғажайып ертегілері өзінің тақырыбы, оқиғасы жағынан әр түрлі болып келеді. Және ол қоғамдық экономикалық дамуға, адам ой – санасының өсуіне байланысты өзгеріп, ұлғайып отырады, оқиғалары күрделене, нақтылана түседі. Бұл аталғандарды қазақтың қиял – ғажайып ертегілерінен де байқауға болады.



4. Ертедегі қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері аңшы мергендер, мақташы – малшылар десек, олардың бәрі еңбек адамы болып суреттеледі. Бұларды халық ертегісі ақыл – айласы, асқан күші бар батыр етіп бейнелейді. Бірақ олардың өздері де, ерлік етсе де “батырлар жырының ” немесе аңыз – ертегілердің адамына ұқсамайды. Олардың жаратылысы да іс - әрекеті де басқаша, ғажайып жағдайда болады, Ең алдымен, олар жердің үстін ғана мекен етпейді, қиялдан туған дүниені кезіп жүреді ; кейде жеті қабат жер астына түсіп кетеді, кейде алып қара құс немесе самұрық пен тоғыз қабат көк үстін аралайды. Олар, кейде адамзат білмеген от дариясының ар жағында болмаса неше түрлі сырлы аралдар ішінде сайран салады. Қысқасы жердің асты үстін аралап шығады, талай – талай теңіз дүниемін кезеді. Соның бәрінде алуан – алуан күйге ұшырайды. Бірақ ол өзінің ақыл – айласы, өнері, ерлік істерімен барлық қиыншылықтарды жеңіп мақсатына ждеңіп отырады, Бұл айтылғандардың мысалы ретінде “Ер Төстік”, “Керқұла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегілерін келтіруге болады.

Баќылау с±раќтары:

1. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі.

2.Ертегілердің шығу мен дамуы.

3.Ертегілердің халықтық сипаты.

4.Ертегілердің түрлері.

5. Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері

6. Қиял-ғажайып ертегілерде әлеуметтік процестердің бейнеленуі

7. Образдар жүйесі

8. Фантастикалық және мифтік кейіпкерлер

9. Тақырыптық құрамының алуан түрлі болуы.

10. Қиял-ғажайып ертегілерде халықтың арман тілегін бейнелеуі
14-лекция. Таќырыбы: Тұрмыс –салт ертегілері.

Жоспары:

1. Тұрмыс – салт ертегілерінің шығу тарихы.

2.“Аяз би” ертегісінің сюжеттік желісі.
Лекция мақсаты: Ертегінің түрлеріне тоқтала отырып, жануарлар жайындағы ертегілердің шығу мен дамуына сипаттама беру. Тұрмыс-салт жайындағы ертегілер және ондағы миф пен тотемизмнің көрінісі жайлы мәліметтер қарастыру.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбының көптігі жағынан болсын, аса молы – тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілер.

Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс – тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана сезімі, арман – мүддесі суреттеледі. Және де ертегінің оқиағасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял – ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс – салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялынан туған әңгімелерден гөрі, өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондай – ақ тұрмыс - салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ т.б. бейнесінде болмай, нақты адам бейнесінде болады ; сол қарапайым адамдар жайы айтылады.

Тұрмыс ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс – тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құрылады. Бұлардың бәрі халық ортасынан шыққан, ертегіге басты кейіпкер болып алынған еңбек адам арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық-кедергілерді, ауыр халдерді, аңдыған, алысқан жау амалдарын жеңетін де, сөйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болатын.

Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол талай ғасырдың жемісі. Бұл ертегілердің ішінде көне заманда, феодалдық қарым – қатынастар кезінде және соңғы дәуірде туғандары да бар. Олардың бәрі ауызша айтылып, ауызша тарағандықтан көптеген тарихи кезеңдер, талай таптық, қоғамдық орта тудырғанәр түрлі көзқарастарды, алуандаған ұғым түсініктерді бойына жинастыра келгендері де белгілі. Бірақ солай бола тұрса да, халықтар ортада туған ертегілер өзінің халықтық сипатын жойған жоқ. Қайта, оны әрбір жаңа дәуір жаңа кезең жағдайларына қарай өзгертіп, шындап жетілдіреп отырғаны, өткірлеп мәнерлегенін де байқаймыз.

Әрине, ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді тұрмыс – салт ертегілері де идеялық жағынан беркелкі емес. Таза халықтық, еңбек елінің идеясын білдіретін ертегілермен қатар, халыққа жат кертартпалық сипаты бар ертегілер де кездеседі. Мұндай ертегілер үстемдік еткен ортада туған, соның идеясын уағыздайды. Сондықтан да біз ондай ертегілерді емес, халықтық ертегілерді сөз етеміз.

2. Халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған ертегілерінде басты тақырып еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Бұл ретте қарапайым адамдарды халық ертегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандар мен байлардан әлдеқайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде әрі көркем, әрі терең идеялысы “Аяз биден” көреміз.

Ертегінің оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан алынады да, оны қоғамдық мәні зор тартыстардың төңірегінде құрады. Қанаушы мен езілген еңбек адамдарының арасындағы таптық қарым – қатынастар, алыс – тартыс күрестер суреттеледі. Бұл күрестерге халық атынан белсене араласатын, халықтың сарқылмас ақыл – ой даналығын көрсететін Аяз би болады. Қанаушы таптың жәнет оның үстемдігін жүргізуші хандар мен уәзірлердің жауыздығын, елдің еңсесін түсіріп езгендігін халық ертегісі өзінің сүйікті кейіпкері Аяз би арқылы әшкере етеді. Халықтың ойынша, ел билеген әділетсіз, залым хандардың, билер мен уәзірлердің орнына еңбекші бұқараның өкілдері болса, елді осылар билесе, - заман түзелмек, әлеуметтік теңсіздік жойылмақ, халықтан шығып “хан болғандар” еңбек адамдарының мерейін үстем етпек ; әділ, турашыл болмақ. Бұл ретте халық ертегісі еңбекші бұқараға жиіркеніп қарайтын, тіпті оны адам санына қоспайтын хандар мен уәзірлердің топастығын әшкере ете отырып, оларға қарама – қарсы өз адамын қояды, бір – біріне салыстырулар жасайды. Барлық сыннан мүдірмей өткен, ақылы мен адамгершілігі ханна да, оның күншіл уәзірлерінен де асып түскен Аяз биді ардақтайды.

Ертегінің оқиағасы адал еңбегімен кәсіп кеткен шаруа адамын ардақтау идеясынан туған. Ертегіде айтылатын барлық әңгіме сол идеяға бағындырыла дамиды ; жағымды, жағымсыз кейіпкерлер арасындағы тартыстарды суреттеу арқылы ұлғая түседі және ол ертегінің шарықтау шегіне жеткенге дейін үзілмейді. Бұл идеяны халық ертегісі таптық тұрғыдан ашады, екі атаптың адамын салыстыра отырып, кімнің артық, кімнің кем екендегін көрсетеді.

Тұрмыс –салт ертегілерінің ішінде идеясы халықтық, мазмұны мол оқиғаға құрылғаны “Аяз би” десек, соған орай оның көркемдік дәрежесі сай екендігін байқаймыз. Басқа ертегілерге қарағанда, “Аяз бидің” өзіне тән ерекшелігі оқиғаны жұмбақ түрінде құруында деуге болады.

Қазақтың тұрмыс – салт ертегілері қарапайым шаруа адамын ардақтай отырып, еңбек – кәсіп ету жайына айырықша көңіл бөледі. “Жатып ішер жалқау болма, ерінбей еңбек ет, өжеттен де, өрге ұмтыл” деген сияқты халқы ойы ертегіге қосылады. Бұл ретте халық ертегісі ақыл-өсиет түрінде келеді және оларды өмір жолына енді түсе бастаған жастарға арнайды; оларды пайдалы еңбек арқылы тәрбиелеп, қоғамға керекті ер-азамат етіп шығару жайын қарасытырады. Мұндай ертегілерде халықтың ғасырлар бойына жиып-терген өмір тәжірибесі, тұрмыстан алған, шығарған қорытындысы да айтылады. Соның бәрін ертегіге айналдырып, жастарға үлгі боларлықтай түйіндер жасайды.

Тұрмыс-салтертегілерінің оқиғасы, құрылыс жағынан өзіндік ерекшелігі бар түрі-күлдіргі ертегілер. Бұл топтағы ертегілер,-дейді М. Әуезов,-үлкенге де, кішіге де бірдей ортақ, тапқыр күлкіге, қызықты жеңіл түйіндерге құрылған әңгімелер болады. Алдымен, мұндай ертегілердің аты, басты кейіпкерлерінің өзі ерекше күлкілі болып келеді. Ертегілердің “Қаңбақ шал”, “Ұр тоқпақ”, “Ши бұт, қағанақ бас, қыл тамақ”, “Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек” т. б. болып аталуының өзі-ақ күлкілі жағдайларды аңғартады. Бұлармен қатар, бұл топтағы ертегілер тазшаларға арналады, олардың иамаша, күлкілі істерін сүйсіне әңгіме етеді.

Күлдіргі ертегілердің өзіндік ерекшелігі-оқиғаны шындық өмірден ала отырып, тапқырлыққа құруында және оқиғаға қиынынан қиыстырып, өмірде болғандай етіп фантастикалық әңгімелерді шебер түрде қосуында. Сонда “Күлкі оқыстан туған, келте қайырылған тар жердің тәсілі, ұйқы-тұйқысы тәрізді болады,-дейді М. Әуезов,-оқиғалы, тартысы күлкі болғандай, ойда жоқ күлкі хал көп қимыл әрекеттер туғыза келіп, бірінің үстіне бірі қат-қабаттап үйіле, жұмырлана түссе, сонда күлкі әңгіме жетісе түсіп, күлкісі, қызығы үдей береді”.

Баќылау с±раќтары:

1. Тұрмыс – салт ертегілерінің шығу тарихы.

2.“Аяз би” ертегісінің сюжеттік желісі.

3. Күлдіргі ертегілердің өзіндік ерекшелігі

4. Тұрмыс-салтертегілерінің оқиғасы

5. Құрылыс жағынан өзіндік ерекшелігі


15-лекция. Таќырыбы: Ертегіден тыс прозалық жанрлар.
Жоспары:

  1. Аңыз - әңгімелер.

  2. Аңыз әңгімелердің реалистік ертегілерге ұқсастығы және одан

айырмашылығы.

  1. “Алдар көсе” әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкерлер.

  2. Асан қайғы - аңыз және ақиқат.


Лекция мақсаты: Аңыз - әңгімелер. Аңыз әңгімелердің реалистік ертегілерге ұқсастығы және одан айырмашылығын көрсете білу. “Алдар көсе” әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкерлерге талдау жасау. Асан қайғы - аңыз және ақиқат.
Лекция мәтіні:

1. Аңыз халықтық наным сенімнен қиял – арманынан туған. Осыған орай онда фантастикалық элементтер мол аңыз мазмұны бірде тарифи фактілерге негізделсе бірде нақты дерегі жоқ, қиялдан туған қызық ғажайып оқиғаларға құрылады.

Қазақ фольклорындағы аңыз мазмұнына, тақырыбына қарай шартты түрде былайша жіктеледі :

а) аспан әлемі, жер, су, қала, ауыл аттарына ;

ә) халықтық ру, тайпалардың шығу тегіне байланысты аңыз ;

б) діни – мистикалық;

в) әлеуметтік – утопиялық;

г) тарихи- қаһармандық яғни жеке адамдардың өмірі, іс - әрекеті жайлы аңыз.

Табиғат құбылысы, аспан әлемі, хайуанаттар жайындағы аңыз басқалардан бұрынырақ шыққан тәрізді олар жер мен аспан. Жеті қарақшы, үркер жұлдыздры, әлемнің жұмбақ сырлары жайындағы, самұрық құс, айдаһар, боз інген тағыда басқа хайуанаттар жайындағы аңыз. Ал жер, су, тау, қала, ауыл аттарының пайда болу жайындағы географиялық – топонимиялық аңыздар кейінірек пайда болған.

“Бурабай”, “Іле”, “Келіншек тау”, “Қалмақ қырған” тағыда басқа әр халықта өзінің шығуы, таралуы жайында этногеналық аңыздар бар.

2. Қазақ халқының оқиғасын болмыстан, шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының елеулі бір саласы – аңыз - әңгімелер. Аңыз - әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта боған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз - әңгімеге айналып, ұрпақтан – ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде жазу – сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек халықтың аңыз - әңгімелерінде сақталған.

Қазақ халқының оқиағасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының елеулі бір саласы-аңыз-әңгімелер. Аңыз-әңгімелерджің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған.

Сондықтан да әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтатын аңыздары болып кеткен. Бұл әңгімелер бертін келе әр түрлі қоғамдық жағдайларға, халық тілегіне сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған, оған бергі заманның өмңр шындығынан туған жаңа оқиғалар, көзқарастар қосылған. Солардың бәрінде жаңағы адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып, соңғы кездің тілектерін көрсететінаңыздар да туған. Мысалға, Алдар көсе жайындағы қазақ аңыздарын алсақ, оларда әр заманның ізі жатқанын байқаймыз. Онда хандар билеген заманның да, бертінде байлар мен саудагерлер әкімдік еткен дәуірдің де елестері бар. Бұдан, бір жағынан, Алдар көсеге байланысты аңыздардың ерте заманда туғандығын аңғармақ; екіншіден, бергі кездің де жай-жапсары суреттелгенін көреміз. Ел қиялы ертедегі Алдар көсені бергі заманға алып келгенде, бұрынғы аңыздардың кейіпкерлері арқылы соңғы кездің суретін беруді беруді мақсат еткен деуге болады.

3. Аңыздардың әңгімесе тарихта болып өткен адамдар жайынан алынады дегенді біз шартты түрде (условно) айтамыз. Өйткені қазақтың аңыздарында аталатын Алдар көсе, Асан қайғы, Жиренше туралы тарихи деректер жоқ, тек аңыз-әңгімелер бар. Олардың қай ғасырда жасағанын да дәлдеп айту қиын. Бірақ солардай адамдар тарихта болуы мүмкін. Ерте кезде жазу-сызуы болмаған халық жаңағы адамдар жайында тек аңыздар қалдырған, онда тарихи адамдарды ауыз әдебиетінің кейіпкері етіп жіберген.

Алдар көсе.

Қазақ арасында туған аңыз-әңгімелердің бірсыпырасы Алдар көсе жайында айтылады. Бұлардың бәрінде ол халықтың ақылды-айлалы ұлы, тапқырлығына қулығы сай, ер көңілді, өжет жігіті болып суреттеледі.

Алдар көсеге байланысты аңыз-әңгімелер тек қазақта емес, ағайындас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікпен, елдерінде де бар. Осы елдерде айтылатын аңыздардың бәрінде Алдар көсе халық ұлы, көпшілік атынан күреске шыққан, қанаушы тап адамдары мен алысып өткен азамат бейнесінде келеді.

Қазақтың аіңыз-әңгімелерінде Алдар көседе осындай ер жігіт, Қазақ аңыздарының қайсысы болса да оқиғаны күлдіргі халге, өткір мысқыл, ащы әжуаға құрады, олардың бәріне Алдар көсе халық өкілі ретінде белмсене араласып жүреді. Халықтың әңгіме-аңыздарының сүйікті кейіпкері болған Алдар көсе топас ханды, сараң байды, елді жегідей жеп жүрген саудагерді, әр түрлі діндар адамдарды мазақтап, күлкі етеді, олардың жағымсыз қылықтарын жұрт алдында жиренішті етіп көрсетеді. Осыған сәйкес аңыз-әңгімелерді халықтық тұрғыдан оның жағымды образы жасалады; Алдар көсені қалың көпшілік ортасынан шыққан және сол көпшіліктің мүддесі үшін күрескен адам етіп бейнелейді.

Алдар көсе жайында қазақ арасында айтылатын аңыз-әңгімелердің тақырыбьы, мазмұны әр алуан болып келеді, соның бәрі еңбекші бұқараның тұрғысынан айтылады. Мұны біз “Алдар көсе мен Алаша хан”, “Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай”, “Алдар көсе мен саудагер” т. б. аңыз-ертегілерден көреміз. Осы аңыздарда аталатын хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласы арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Оларды Алдар көсе қара басының пайдасын көздеп алдамайды, халықтың намысын қорғау үшін, еңбекшілерді езіп келген қанаушылардан кек қайыру үшін алдайды.

Алдар көсе жайында қазақ арасында шығарылып, көпке тараған аңыз-әңгіменің күрделісі - “Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай”. Бұл аңызда сараң, қалтырауық, пейілі тар байлар жөнінде халықтың сыны, көзқарасы қандай екенін айқындайды. Және де Шығайбай аңыз-әңгіменің жекелеп алған жексұрын кейіпкері ғана емес, ол сонымен қатар, өзі секілді ішетін асқа, киетін киімге жарымаған сілкіп саларға сырмағы жоқ ертедегі қазақ байларының кескін-келбетін, олардың өрісі тар, өресі аласа ой-жүйесін көрсетеді.



Асан қайғы.

4. Асан қайғыны сөз еткенде, кейбір ғалымдар оны тарихта болған адам және Жәнібек ханның (XV ғасыр) тұсында өмір сүрген деседі. Бұған келтірер тарихи дәлел, дерек жоқ. Сондықтан да біз Алдар көсе секілді Асан қайғыны да аңыз-әңгімелердің жағымда кейіпкері деп аламыз.

Халықтың аңыз-әңгімелері Асан қайғыны, ең алдымен, ел үшін қызмет еткен, халық қамын ойлағын ер-азамат, әрі әнші, домбырашы, әрі талапкер, тапқып, әрі құралайды көзге атқан мерген етіп көрсетеді. Халық аңыздарында оның аты Асан болады. Асан ел сүйген, көпшілік қамын ойлаған ер-азамат болып келеді. Осы тұрғыдан оның халық үшін жасаған істері суреттеледі.

Халықтық ортада туған аңыз-әңгімелердің бәрінде Асан жайы осылай баяндалады. Асанды ел қамқоры деп ардақтайды. Оның алға қойған мақсатына жете алмауын халық сөкпейді, қайта Асанның арманы бүгін болмаса, болашақта жүзеге асады деп сенім білдіреді.

Асан жайындағы халықтық аңыз-әңгімелердің мәнін қанаушы тапта, кейінен, ұлтшыл-байшылдар да төмендетуге тырысты. Олар халықтың ардақты азаматы болған Асанға жала жабуға дейін барады, Асанды хан сарайының жоқшысы етпек те болады. Және де олар “Асан қайғы айтыпты” деген атпен халық мүддесіне жат әңгімелер шығарады. “Асанның Жәнібек ханға айтқаны” дейтін әңгімеде немесе Бұқар жыраудың толғауында Асанды хандық құрылысты қорғаушы, соның қаймағы бұзылмауын көксеуші, яғни өз адамы етіп, көрсетушілік орын алады. Асан жайында феодалдық ортада туған бұл әңгімелерді халыққа жат және қанаушы таптың қоспасы деуге болады.

Сонымен, Асан жайында бір-біріне қарама – қарсы бағытта шығарылған аңыз-әңгімелер бар екенін көреміз. Мұның ішінде көркемі де күрделісі де халықтікі. Олай болса біз сол халық шығарған аңыздарды, халық ардақтаған Асанды аламыз.

Баќылау с±раќтары:


  1. Аңыз - әңгімелер.

  2. Мифтің танымдық қызметі

  3. Қазақ мифтерінің архаикалық сипаты.

  4. Тарихи, мекендік және күй аңыздары

  5. Аңыз әңгімелердің реалистік ертегілерге ұқсастығы және одан айырмашылығы.

  6. Аңыздардың композициясы мен баяндау тәсілдері

  7. “Алдар көсе” әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкерлер.

  8. Асан қайғы - аңыз және ақиқат.



16-лекция. Таќырыбы: Эпостық жыр.
Жоспары:

1.Қазақ эпосының жанрлық құрамы.

2. Көне эпос.

3. Батырлар жыры.


Лекция мақсаты: Қазақ эпосының жанрлық құрамына түсінік беру. Көне эпос және оның өзіндік ерекшелігі. Студенттерге батырлар жыры жайында мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ ауыз әдебиетінінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бір түрі батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шапқыншылық шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-жұртын қорғап қалған батырларды, олардың ер лік- істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме жырына қосқан. Сондай –ақ халық адал еңбекті, еңбек адамдарына көпшілік үшін жасаған істерін де жасаған, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлардың ісінен кем санамаған. Сондықтан да бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне айналған.

Әрине батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс – тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасу даму процесінде талай қоғамдық және таптық тілектерге сәйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған : әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық және таптық ой-сананың көзқарастардың алуандаған әсерін бойына жинай берген. Әрбір қоғамдық құрылыс, әрбір тап батырлар жырын өз тілегіне, өз мүддесіне сай етіп өзгертіп те отырған, олар батырлар жыры арқылы өздерінің қоғамдық және таптық идеясын таратуға тырысқан.



2. Батырлар жырын зерттеуде қате – кемшіліктер де болмай қойған жоқ. Кейбір еңбектерде батырлар жыры сын көзімен қаралмай, барлығын бірдей халықтық деп бағалау, асыра мақтау басым болды. Бертін келе батырлар жырының барлығын бірдей халыққа жат деп көрсету кейбір әдебиетшілер мен тарихшылардың еңбектерінен орын алды.

Шынына келгенде, батырлар жыры жайында орын алған бұл екі көзқарастың екеуі де теріс, зиянды еді. Батырлар жырының барлығының кіршігі жоқ, таза халықтық шығаралар деп бағалау немесе олардың бәрі де халыққа жат деп. көрсету – тарихқа жасалған үлкен қиянат болып табылады. Батырлар жырының тіпті жалпы ауыз әдебиетінің ерте заманда, халықтың жазу – сызу өнері болмаған кезінде туғандығын, олар ауызша туып, ел арасына ауызша айтылу арқылы тарағандығын, ұрпақтан – ұрпаққа ауызша айту негізінде жеткендігін, осының негізінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес талай-талай өзгерістерге ұшырағанын еске алсақ, әрбір жырдың жай-күйі ашыла түспек. Кейбір жырлардың алғашқы нұсқасы халықтық ортада туып, кейіннен оны үстем таптың иемденіп кеткенін аңғару да қиынға соқпайды.

Сондықтан біз батырлар жырын сөз еткенде оның туу, ел арасында тарау жайын, қандай жағдайда және қалай дамығандығын еске алуға тиістіміз. Жырды зерттегенде, оқытқанда, талдағанда ескі мәдениет туралы лениндік ілімге сүйене отырып, шын мәніндегі халықтық жырларды ала білуіміз керек. Батырлар жырының барлығын таза халықтық немесе бәрі де халыққа жат керексіз мүлік деп қараушылықтың зиянды екендігін еске тұту қажет.

Батырлар жырының тарихқа байланыстылығы. Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына байланысты туды десек, мұны батырлар жыры жайында да айтуға болады. Батырлар жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда, патриархтық-рулық құрылыс кезінің өзінде-ақ туа бастаған. Сол кездің тарихта аттары мәлім рулары: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ, т.б. өздерінің ру тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Мұндай күрестер кезінде әр рудың батырлары өз руларын қарсы жақтың шабуылдарынан қорғап қалу жолында ер лік жасаған. Олардың бұл жолдағы ер лік істері ру арасында өлең-жырға, аңыз-әңгімеге айналған.

Дегенмен, патриархтық-рулық құрылыс кезінде туған батырлар жырының үлгілері толығымен сақталмаған. Оның кейбіреулері кейінен ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен қосылып арласып кеткен. Сондықтан батырлар жырының алғашқы үлгілерінің жалпы жайын, сипатын дәлелдеп айту өте қиын.

3. Қазақта батырлар жырының көбірек туған кезі XIV, XVIII ғасырлардың арасы секілді. Осы аталған кекзеңдерде бүгінгі қазақ халқының көне тарихында бірнеше елеулі оқиғалар болып өтті (бұл жерде бір жағдайды ескер те кетелік тарихтың айтуынша XV ғасырға дейін “қазақ” деген тұтас халық болмаған жеке бытыраңқы рулар болған. Олардың бәрі “ноғайлы” деген жалпыға бірдей ат пен аталған, кейіннен XV ғасыр ішінде бұл рулардың көпшілігі бір жерге қосылып, содан былай қазақ халқы аталған). Бұлардың ішінен бастылары төмендегілер еді :

XIII ғасырдың басында монғолдардың Шыңғысхан бастаған шапқыншылылар Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасайды. Әскери күші мығым құрылған Шыңғыс хан жергілікті халықтардың қанын судай ағыза отырып оларды өзіне күшпен бағындырып алады. Монғол шапқыншылары мұнымен қанағаттанбай Иран мен Иракқа, Кавказдық елдерге және Европаның оңтүстік Шығысына қарай да шабуыл жасайды. Бұл жерлерде де олар өздеріне қарсылық көрсеткендерді аяусыз қырып жойып, басып жаншып орырады. Зорлық пен үстемдік жүргізеді. “Бағынған” жерлерді Шыңғыс өз баларына, туған – туысқанына, нояндарына бөліп берді. Олардың әр қайсысын жеке ұлыс (мемлекет) деп жариялайды. 1240 жылы Жошының (Жошы Шыңғыс ханның баласы) ұлысы құрылады. Мұны тарихта Алтын Орда деп атайды.

Шыңғысхандықтар (алтынордалықтар) қарамағындағы елдерді ауыр азапқа ұшыратыды, запас пен қорлықта ұстайды. Ауыртпалықтың зілді салмағы еңбекші халыққа түседі. Жергілікті рулардың шонжарлары алтынордалықтармен қосылып алып, еңбекші бұқараны қан – қақсатады, қанауды күшейтеді. Мұнымен қатар, алтынордалықтардың өзараларында да, талас – тартыс, күрестер болып тұрады. Оның зардабы да халыққа тиеді. Шапқыншылық, ел талағыштық жорықтарын олар өздерімен көршілес елдерге соның ішінде орыс жеріне де жасайды. Мұндай шапқыншылыққа төзе алмаған орыс халқы күреске шығып өзінің ер жүрек батыр ұлы Дмитрий Ивановичтің (Донскойдың) бастауымен 1380 жылы қыркүйек айының үшінде Куликово даласында алтынордалықтарды талқандап жеңеді. Осыдан былай алтын орда ыдырай бастайды.

Алтын орда ыдырағаннан кейін, оның орнына үш хандық (Қырым, Қазан, Астрахань хандықтары) құрылады. Бұлардың арасында да феодалдық талас-тартыстар, шабуыл жасап ел талаушылық әрекеттер күшейе түседі. Осындай талас тартыстың салмағы мен ауыртпалығы еңбекші бұқараға қатты батады. Бірақ бұған халық көндігіп отырмайды.

Міне қазақтың ертедегі батырлар жыры жоғарыда айтылған тарихи кезеңдердің, ұлы оқиғалардың елесін беру негізінде туып қалыптасады. Бұдан, әрине, батырлар жыры тарихи құжат деген ұғым тумайды, әдебиеттік шығармалардың қандайы болса да, белгілі оқиғалардың тарихи құжаты болып табылмайды. Батырлар жыры да сондай. Олар өткендегі оқиғалардың сәулесін елестетуші, тарихи оқиғаларды суреттеу негізде туған көркем шығарма болып қана табылады.

Қорыта келгенде, қазақта батырлар жырының тууына осы аталған екі жағдай үлкен әсер етті деуге болады. Бұдан әрине бергі заманда яғни XIX ғасырдан бергі жерде батырлар жыры шығарылмаған дегенде ұғым тумауы керек.



Баќылау с±раќтары:

1. Қазақ эпосының жанрлық құрамы.

2. Көне эпос.

3. Әйелдер бейнесі

4. «Құламерген-Жоямерген»

5. «Дотан батыр» - көне эпостың үлгісі

6. Батырлар жыры

7. «Алпамыс батыр» жырындағы архаикалық сипат

8. Көркемдік ерекшеліктері

9. Батырлар жырындағы шығу мезгілдері туралы.

10. Батырлар жырларының идеялық нысаны, тақырыбы, халықтық сипаты.
17-лекция. Таќырыбы: Лиро – эпостық жырлар.
Жоспары:

1. Халық лирикасының жанрлық ерекшелігі.

2. Идеялық – көркемдік мәні.
Лекция мақсаты: Қазақ эпосының жанрлық құрамына түсінік беру. Халықтық лирика және оның өзіндік, жанрлық ерекшелігі. Студенттерге лиро-эпостық жыры жайында мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:

1. Ерте кезде туған күрделі оқиғаға құрылған жырдың бір түрлі лиро-эпос немесе лиро-эпостық жырлар деп аталады. (Бұл жырлар бір кезде «Тұрмыс -салт» жырлары деп те аталып жүрді).

Егер батырлар жырының басты тақырыбы ел қорғау жайы болса, лиро-эпос жырының әңгімесі халықтың тұрмыс- тіршілігіне, үйлену салтына, әдет-ғұрпына байланысты туады.Мұндағы әңгіме көбінесе жастар туралы, олардың бас бостандығы, махаббаты мен сүйіспеншілігі, ішкі сезімі, қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері жайында болып келеді. Өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы, олардың арман мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылуы жолында көптеген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары суреттеледі.

Батырлық жырлар сияқты лиро-эпостық жырлары да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай ғасырмен бірге жасасып, әр түрлі жағдайлардың, таптық, қоғамдық тіліктердің ыңғайына қарай өзгеріп отырған. Ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтылып, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Қазақ ауыз әдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан үлгілері өте көп. Солардың ішінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу жыры», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан», «Құл мен қыз», «Мақпал қыз» сияқты жырлар ел арасына ауызша айтылу түрінде кеңінен тараған.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасы қазақтың лиро - эпостарының ішінде ең көнесі. Бұл жайт поэманың идеялық мазмұны, композиялық құрылысы тілі т.б. жағынан да аңғарылады.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының ескіркен поэма екендігін дәлелдейтін поэманың өзінде екі түрлі мотив бар. Бірі, қалыңдығының тумай жатып шалғай кетуі де , екіншісі, малшылық айналасындағы күрес және ертегі мен ұштасатын жайттар. Бұл мотивтің батырлық туралы постар және ертегімен өзектесіп жатушысы.

Жалпы ауыз әдебиетінің ескі түрінің бірі ертегі болса, сол мотивтердің эпос, лиро-эпостарда жиі ұшырауы оның ескілігін дәлелдейді. Неғұрлым бергі заманға жақындаған сайын, ертегі, аңыздар азая береді де, шығарма реалистік өмір құбылыстарына жақындай түседі. «Қозы Көрпеш - Баян сұлулардың» кейбір варианттарында кездесетін қырық бөрі, қалың тоғай тәрізді жайттар ертегілік мотив. Бұның элементі Жанақ-Бейсенбай варианттарында да кездеседі.



2. Мал бағу, бақташылық поэмада қатты дәріптеледі. Қарабайдың сол мал үшін бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ. Мал шөлдеген де су тауып беремін деген Қодарға жалғыз қызы Баянды беруге уәде етеді. Қарабайға мал байлық – салтанат үшін керек емес, оның ауруы тәрізді. Поэманы оқыған адамға Қарабай- мал барлық ақыл- ойын әбден билеген, тұрпаты басқа болғанымен малмен жаны бір тәрізді сезім қалдырады. Оның 90 құлына да ерліктері сол мал айналасын да көрінеді. Малды қатты дәріптеуі жөнінде көп жерлері, ертегі, аңыз әңгімелердің ескі бір түрі саналатын «Ер Төстік» ертегісіне ұқсайды.

Қозының қалыңдығын іздеу мотиві кей жақтарынан батырлық эпостардың жар іздеулерді еске түсіреді. Көп жерлері «Алпамыс» эпосына ұқсайды. Іште жатқанда құда болу, қыздың әкесінің қаша көшуі, жарын іздеу т.б.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлуда» бірінші планда сүйіспеншілік, ғашықтық Тапай ақын жырлаған бұл пікірдің он алты варианты бар.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасаның негізгі идеялық мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуының арман еткен тілік мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескеленіп, сүйіспеншілік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып қалған.

Поэманың бас қаһарманының және ұнамды образдардың бірі - Қозы Көрпеш. Бұл өзінің сүйген қызды алуды арман еткен, сол дәуірдегі жастардың бастарындағы ой - сезімдерді қамтитын образ. Қашықтық қаһармандарға тән қарапайымдылық, нәзіктік, көріктілік, қайырымдылық, тәуекелі мықты, бетінен қайтпайтын, қиыншылыққа төзімділік сықылды қасиеттер Қозы Көрпештің басынан табылады.

Қозы Көрпеш алғашқы кезде біреулердің айтумен ғана біледі. Бірінші вариантта Тазшадан екінші вариантта кемпірден естиді. Қозының елінен аттанғандағы негізгі ой атастарып қойған жесірін өзі іздеп барып алу ғана болады. Қозыны жетімсініп, қызымды бермеймін деп. көшіп кеткен Қарабайдың іс әрекетін өзін қорлағандық деп біледі де, ар үшін атқа мінеді.

Қозы әуелде ары үшін атқа мініп, тек қалыңдығын іздеу болса, екеуі танысқан күннен - ақ олардың арасында шын сүйіспеншілік басталады. Бұрын бір-бірінің сұлулықтарын сырттан естіп көруге құмарлық етеді, ғашықтыққа айналады.екі жастың қосылуына зор бөгет Қодардың көлденең тұруы, қосыла алмай қалудың қаупі араларындағы сүйіспеншіліктерін өрбіте, күшейте түседі.

Жалпы лиро-эпостық поэмалардың қаһармандрына тән қасиеттер Қозы Көрпештен табылады. Жас кезінен ақ оның ақылды, саналы, көрікті бала болып, көзге түсуі, ерекше күштілік қасиеті болмаса да, айтқан сөз, алған қасиетінін қайтпайтын табандылық, сүйгеніне шын берілушілік.

Кетер алдында анасы әрі жалғыз ұлын қимас, әрі алдағы қауіп-қатерлерді бұрын сезіп, аналық борышта да, мал.-мүлкінің иесіз қалып бара жатқандығын айтып, қаншама тоқтатпақ болса да, Қозы Көрпеш тоқтамай неге де болса бел буып, қиын жолға жалғыз кетеді.

Қай вариантта болсын оның Баянды сүюшілік сезімін аса суреттеуге тырысады.

Баян мен Қозы Көрпеш сабақтас. Бұлар бір нәрсенің екі жағы сияқты Қозы сүйіспеншілікті аңсаған қазақтың ұлы десек, Баян қызы.

Баян оқиғасы, ел қыздарының басында күні кешегіге дейін болып келді. Ата ауыл аймақ қыздарын сүйгеніне бермей малға сату тәрізді әдет ескі ғұрыптың берік жағының бірі болды. Бірақ, қазақ қыздарының бәрі оған көне берген жоқ, өз әлінше қарсылық жасап, өзінше жол іздеп, бас бостандығын аңсаушылар да табылды. Қай кезде болсын, жақсылықты алдағы өмірден күтетін халық өзінің ұл қыздарының ауыр халдерін көріп, олардың сүйгендеріне қосылуларын тіледі. Сондықтан, ескі өмірдің өрескел жақтарына қарсылық жасаушы қыздардың өмірін және ауыр халдерін, көздеген мақсаттарын жинастырып, бір қыздың басындағы оқиға етіп көрсетті.

Қозы Көрпеш Баян сұлу жыры сюжет құруға, оқиға желісін тізбектей отырып баяндауы және адам образдарын айқын етіп жасауы жағынан өзі типтес басқа жырлардан әрі күрделі, әрі көркем жыр. Оның ең алдымен көзге түсетін ерекшелігі – оқиғаның реалистік өмірден алынуында.

Жыр оқиғасын дамытуда, адам образын жасауда жыршы өз кезіндегі қазақ поэзиясының әр түрлі үлгілерін барынша мол пайдаланған. Ол өлеңнің айтыс түрін де, тұрмыс – салт жырларын естірту, жоқтау, қоштасу т. б түрлерінде қолданған. Басқа жырларға қарағанда мұндағы өзіне тән бір ерекшелік – оқиғаның диалолог арқылы дамытуында.



Баќылау с±раќтары:

1. Халық лирикасының жанрлық ерекшелігі.

2. Идеялық – көркемдік мәні

3. Жанрлық сипаты

4. Жиналуы мен зерттелуі

5. Сюжеті мен тақырыбы

6. Трагедия, оның болу себептері

7. Көшпелі тұрмыс-тіршіліктен туған жырлар

8. Шығыс елдерінің өмірінен алынған қазақ дастандары немесе романдық эпостар

9. «Бозжігіт», «Таһир-Зухра», «Мұңлық-Зарлық», «Жүсіп-Зылиха»

10. «Сейфүмәлік», «Иранғайып шаһ Ғаббас», «Шәкір-Шәкірат»

18-лекция. Таќырыбы: Айтыс.
Жоспары:


  1. Зерттелу тарихы.

  2. Айтысты мазмұны мен тақырыбына қарай жіктеу.

  3. Ақындар айтысы.


Лекция мақсаты: Студенттерге айтыстың зерттелу тарихын және де айтысты мазмұны мен тақырыбына қарай жіктеп көрсету. Айтыстың ішіндегі ақындар айтысына тоқталу.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір саласы – айтыс өлеңдер. “Айтыс” деген атау қазақ ұғымында өлеңмен айтысу, өлең сағысына, жарысына түсу мағынасында қолданылып келген. Айтыс дәстүрі тек қазақта ғана емес, Иран, Индия халықтарында да, арабтың бәдуйлер деп аталатын көшпелі тайпасында көшпелі тайпасында да және түркі тілдес өзбек, түрікпен, қарақалпақ, қырғыз сияқты халықтарда да болған. Айтыс әр елдің өз тілінде аталған. Мысалы: арабта “мұғалақат”, өзбекте “лафар”, қырғызда “айтуш”. Айтыстың диалогтық кейбір жолдарын V-VII ғасырлардағы Орхон-Енисей жазуларындағы Иоллы ақынның “Күлтегін” дастанынан кездестіреміз. Немесе XI ғасырларда жазылған Баласағұнидің “Құтадғу-Білік” шығармасының бірнеше өлең шумақтары айтыс үлгісінде құрылған. XIII ғасырда өмір сүрген Ұлы жыршының Шыңғыс хан мен өлеңмен жауаптасқаны да айтыс түріне жатады. Айтыстың топтасып айтылатын кейбір түрлері бұдан да арғы заманға барып тіреледі. Адам баласының өзінен жоғары нәрселердің бәрін “тәңірі” деп танып, табиғатқа табынған. Сәбилік дәуірде туған бәдік тағы басқа сондай жырлар айтыс өлеңдерінің ең көне түрі болып табылады. Айтыс қазақтың сөздік қорын жетілдіретін бай қазына.

2. Айтыстың тарихи даму жолы, өзіндік ерекшеліетері бар. Айтыстың басты ерекшеліктерінің бірі – ол өзінің ұзақ даму жолында болған оқиғаны, шындықты, ақиқатты өткір тілмен бүкпесіз айта алатын берік қалыптасқан дәстүрге аайналды. Расында айтыс нағыз ақындық өнер. Ипровизаторлық өнер, оның үстіне айтыс – поэзиямыздың көлемді де күрделі жанры.

Айтысқа кез-келген адам түсе бермеген, айтыс сайысына түсетін ақын ойдан тез шығарғыш дарынды да, сөз нөсерін түйдек-түйдегімен құйлатын төкпе де қарсыласынан тұтқиылдан төнетін ұшқыр да, ұтқыр, логиклық ой да күшті болуы шарт .

Айтыс сайысына дейін екі жақ ақындар да сөз жоқ үлкен дайындықпен келеді. Ол өзінің туған жерін ардақтап адам ата тегін, дін саптарын білумен бірге өз қарсыласына мін тағатын кемшіліктерін, осал мінездерін соғұрлым көп білсе, соғұрлым тиімді.

Айтыстың өзіндік тағы бір ерекшелігі, оған әйел еркек бірден қатасып отырғанын еске алсақ, мұның көпке ортақ өнер, ортақ жанр болып дамығанын көреміз. Ақын әйел қатыспаған айтыс кемде-кем. 1965 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан 3-томдық айтыстың нақ жартыс ақын әйелдер.



3. Айтыстың күшті дамыған кезі XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын, өз руының әруағын көтеріп, туын жоғары ұстауға тырысқан. Айтыс ақындарының өткен ғасырдағы өкілдері Сүйінбай, Шернияз, Қатаған, Орынбай, Шортанбай, Кемпірбай, Шөже, Балта, Жанақ, Түбек, Тоғжан, Ақсұлу, Тәбия, Майлықожа, Тезекбай, Әсет, Ырысжан, Бейбіт, Мұса, Манап қыз сияқтылар.

Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдет-ғұрып саласына байланысты туған айтысар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар айтысы. Екіншісі қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады. Көбінесе әзіл-оспаққа, күлдіргі әңгімеге құрылған айтыстың алғашқы үлгілерінде ақындар айтысындағыдай ақындық шабыттан, тыңнан туған өткір ой, өзекті оқиға желісі, әсерлі сөз жүйесі бола бермейді.

Айтыс өнерінің ең ерте заманнан келе жатқан түрі – бәдік айтысы. Екінші түрі “жар-жар” қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы.

Жар-жарда бір жағы ескі әдет-ғұрыптың, қатал заңның әділетсіз кесікінін әшкерелесе, екіншіден, қазақ әйелдерінің бас бостандығының болмағанын айтып көрсетеді. Бұл жағынан жар-жар өлеңнің әлеуметтік мәні зор. Жар-жар өзіне тән еретеден қалыптасқан өлеңдік құрылысы бар. Жар-жар көбінесе 7-8 буынды жыр үлгісіне, кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жар-жар өлеңдерінің көркемдік стилі, әдісі, негізінен психологиялық паралеллелизм деуге болады. Көркемдік құралдарының бұл түрінде жансызды жандандыра сөйлету, жануарға тіл бітіру сияқты табиғат құбылыстарын адам ойына қатар қою әдісі жиі қолданылған.

Айқындар айтысы. Қазақтың әдебиетші ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, нағыз ақындар айтысы XIX ғ. дамыған. Олай дейтіні XIX ғасырға дейінгі айтыс ақындарында өмірбаяндық деректері де, айтыс өлеңдері де сақтала бермеген. XVIII ғ. өмір сүрген ақын-жыраулардың аты-жөні белгілі болғанымен, олардың айтыс өлеңдерінен қай түрде, қандай көлемде болғаны туралы нақтылы деректер әлі күнге анықталған емес.

XIX ғ. басында туып, бертін келе дамыған айтыс ақындарының аты-жөні, тіпті өмірбаяны да белгілі. Олардың айтыс өлеңдері халық аузында немесе қолжазба күйінде сақталып келген.

Айтыстың күшті дамыған кезі – XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын өз руының әруағын көтеріп туын жоғары ұстауға тырысқан.

Баќылау с±раќтары:


  1. Зерттелу тарихы.

  2. Айтысты мазмұны мен тақырыбына қарай жіктеу.

  3. Ақындар айтысы.

  4. Атақты айтыскер ақындардың даралық сипаты

  5. Ақындыфқ шеберлік пен тапқырлық.

  6. Кеңес дәуіріндегі айтыстардың дамуындағы ерекшеліктер.

  7. Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар.

  8. Өркендеу себептері.

  9. Айтыстың көркемдік ерекшелігі



19-лекция. Таќырыбы: Фольклор мен әдебиет.
Жоспары:



  1. Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі (V – XV ғ) фольклордың ролі.

  2. XV – XVI ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы.

  3. XVIII – XIX ғасырлардағы әдебиет пен фольклор.

  4. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің фольклормен байланысы.

  5. Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор.


Лекция мақсаты: Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі (V – XV ғ) фольклордың ролі жөнінде түсіндіру. XV – XVI ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклор арасындағы байланыс. XVIII – XIX ғасырлардағы әдебиет пен фольклор және XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің фольклормен байланысын студенттерге жеткізу. Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ әдебиеті, қазақ халқының көркем сөз өрнегі бүгінгі бигіне оп – оңай жете қойған жоқ, ол сан ғасырлық жолдардан, асулардан, зар замандардан өтті.

Демек басқа да бауырлас халықтардың әдебиеті сияқты қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келу, қалыптасу, есею және кемелдену кезеңдері, яғни өзіндік даму тарихы бар.



2. Қай халқықтың болмасын әдебиет тарихы, ең алдымен, сол халықтың қоғамдық - әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты болып келеді. Қазақ әдебиетінің тарихы да қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, сүрлеуі, ізі болып табылады. Сондықта да біз қазақ әдебиетінің түп – төркінін, ежелгі дәуірін ғылыми негізде танып – білу үшін алдымен халқымыздың арғы – бергі тарихынан толық хабардар болу керек дейміз.

Қазақ тарихының ежелгі дәуірден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті бар.

Қазақ халқы да бүкіл дүние жүзілік ғылым мен өнердің, әдебиеттің дамуына өзіндік үлес қосты, есімі әлемге мәшһүр ғалымдар мен ақын – жазушыларды, өнер қайраткерлерін тарих сахнасына шығарды.

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қырлы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы – қазақ әдебиеті болып табылады.

Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі.

3. Әдебиет тарихы пәні көркем әдебиеттің даму процесін қоғамдық өмірдің нақты жағдайымен байланысты түрде алып зерттейді.

Әдебиет тарихы пәнінің міндеті әрбір халықтың дамуындағы идеялық бағыт – бағдарларды, әдеби ағымдарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін сол халықтың қоғамдық – экономикалық құрылысымен байланысты түрде танып – білу. Қазақ әдебиеті тарихы әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлімі ретінде көркем сөз өнерінің тарихын халқымыздың төл тарихынан бөліп – жармай, тұтас күйінде зерттейді. Сол арқылы ол әдеби шығарманың туылуын, әдеби өмірдің кемелденуін сан алуан әдеби бағыттар мен көріктеу құралдарының даму кезеңдерін, әдеби процеске ықпал еткен қаламгерлердің творчествосын танып біледі.

Қазақ әдебиеті тарихы – қазақ халқының қадым замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын қамтиды.

Қазақтар халық ретінде тек XV ғасырларда қалыртасқанмен, қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәстүрлерден басталатыны даусыз. Қазақ халқының құрамына негіз болған этникалық процестердің түп тамыры ежелгі заманнан, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап таптық қатынастар туа бастаған заманнан басталатыны тарихтан жақсы мәлім.

Бертін келе қазақ халқының құрылуына негіз болған ру – тайпалар көне замандардан – ақ қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, оңтүстік – шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойы мен Каспий жағалауларын мекен етті. Қазақ халқын құраған осы ру – тайпалар кезінде өзбек, қырғыз, азербайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хақас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру – тайпалармен аралас, көршілес өмір сүргені белгілі.

4. Түркі тектес халықтардың ежелгі мәдени, әдеби және тілдік мұраларын ұзақ жылдар бойы зерттеген Е. Э. Бартельс, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, И. В. Стеблева, Ә. Н. Нәжіп сияқты кеңес ғалымдары қазіргі түркі тектес халықтардың ру – ұлыстық дәуірінде бәріне ортақ жазу – сызуы, әліппесі, мәдениеті, тілі, әдебиеті болған деп санайды.

Қазақ әдебиеті тарихын кезеңдерге бөліп, дәуірлеу үшін, бір жағынан, қоғамның жалпы даму заңдылықтарына, екінші жағынан әдебиет дамуының өзіне ғана тән белгі – сипаттарға негізделуі тиіс.

Демек, қазақ әдебиеті тарихын мынадай екі принципке сүйене отырып жүйелей аламыз :


  1. Адамзат қоғамының жалпы даму заңдылықтарын, соның ішінде қазақ халқының қалыптасып, тарихи кезеңдеріне ықпал еткен әлеуметтік экономикалық факторларды жете білу.

  2. Көркем әдебиеттің қоғамдық – эстетикалық мәні мен қызметінің өсу, жетіле түсу сатыларын, сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу жолдарын, әдеби жанрлар мен әдеби тәсілдердің даму кезеңдерін танып – білу қажет.

Белгілі ғалым Б. Кенжебаев бастаған ғалымдар тобы қазақ әдебиеті тарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп, жүйелеп қарастырады :

  1. Ежелгі әдебиет, бұл дәуір VI – XV ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру – тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиет. Ерте кездегі түрік ру – тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиет.

  2. Қазақ хандығы дәуіріндегі (XV – XVIII ғасырлар арасы) әдебиет. Қазақтың өзіндік төл әдебиеті.

  3. Қазақтың XIX ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.

  4. Қазақтың XX ғасыр басындағы (1900 – 1920 жылдардағы) әдебиеті.

  5. Қазіргі дәуір әдебиеті.

Ежелгі дәуір әдебиетінің өзін (VI-XVI ғасырлар) төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастырамыз.



  1. VI – IX ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері. Бұған Орхон жазба ескерткіштері, атап айтқанда, Күлтегеін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай – ақ “Оғыз - наме” дастаны мен “Қорқыт ата кітабы”, Әбу Насыр әл – Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

  2. X – XII ғасырлардағы әдебиет. Бұлар ,негізінен, Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер деуге болады. Бұл кезеңге Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу біліг” (“Құтты біліг”) деген дидактикалық дастаны, Махмұд Қашқаридің “Диуани лұғат ат - түрік” (“Түркі тілдерінің сөздігі”), Қожа Ахмет Яссауидің “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) атты өлеңдер жинағы, Ахмет Иүгінекидің “Хибатул - хақайық” (“Ақиқат сыйы”) деген дидактикалық сарындағы жыр жинағы, Сүлеймен Бақырғанидің “Хакім ата”, “Жұбан ана”, “Әулие Мария” атты өлең жинақтары т. б. X – XII ғасырларда өмірге келген әдебиет нұсқалары енеді.

5. XIII – XIV ғасырлардағы әдебиет. Бұл кезең әдебиет тариында Алтын Орда – Хорезм дәуірі деп те аталады. Аталған дәуірдегі туындылар жалпы түркі әдеби тілінің (шағатай) қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар : “Кодекс Куманикус” (“Қыпшақ тілінің сөздігі”), Хорезмидің “Мұхаббат - наме” дастаны, Насыридин Рабғузидың “Қисса – сул Әнбия” немесе “Қиссауи Рабғузи” жинағы, Дүрбектің “Жүсіп - Зылиқа”, Сайф Сарайдың “Гүлістан бит - түрік”, Құтбтың “Хұсрау - Шырын” дастандары. Сондай – ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған тарихи мұралар, шежіре – кітаптар да баршылық. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Жалайридің “Жамиғ ат - тауарих”, Захириддин Бабырдың “Бабыр - наме” атты шығармалары аталмыш дәуірдегі әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.

Баќылау с±раќтары:

  1. Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі (V – XV ғ) фольклордың ролі.

  2. Орхон-Енисей жазбаларындағы ерлік пафос пен эпостық жырлардың үндестігі.

  3. XV – XVI ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы.

  4. Жыраулар шығармашылығының әдебиеттік және фольклорлық сипаттары

  5. XVIII – XIX ғасырлардағы әдебиет пен фольклор.

  6. Ақындық өнердің өрокендеуі

  7. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің фольклормен байланысы.

  8. Поэма жанрындағы эпикалық үрдіс

  9. Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор.

  10. 20-30 жылдардағы көркемдік ізденістер мен ауыз әдебиетінің байланысы

20-лекция. Таќырыбы: Қазақ фольклоры түрік халықтарының ауыз әдебиеті құрамында.
Жоспары:

  1. Тарихи – типологиялық зерттеу әдісі.

  2. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы.


Лекция мақсаты: Тарихи – типологиялық зерттеу әдісі. Ондағы жанрлық ұқсастықтар мен ортақ белгілер, олардың жүйесі, генетикалық байланыстары жайында мәлімет беру. Қазақ фольклорының зерттелу тарихына сипаттама беру.
Лекция мәтіні:

1. Көне түркі дәуірінде мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын бертін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерін тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кетелік. “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын белгілі бір қажетті қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билейді, қайта керісінше олардың қоғамдық болмысы, олардың санасын билейді”. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың бас кезінде – ақ қазіргі Қазақстан жерінің Оңтүстік және Шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтар деген ат пен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекет құрылыс сатысына таяп қалған еді. Сол кезде – ақ қызылды, қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т. б) үй шаруашылыған қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.

2. Қазіргі Қазақстан жеріндегі сақтардан кейін жасаған ежелгі тайпалық бірлестіктер үйсіндер мен қаңлылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь – Шань атыраулары солтүстігінде Балхаш көлінен бастап, Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жетты.

Орта Азия мен Қазақстан териториясында бірте – бірте патриархалды – феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы (552 – 745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.

“Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата - тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдіреді. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынады. Қоғандықтың ордасы Орхон өзенінің жағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған VI ғасырдың орта кезде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағандығының теориториясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ.

Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке – жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір – бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті : 1. Шығыс түрік қағандығы. 2. Батыс түрік қағандығы.

Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі – қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды.

Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құралған феодалдық мемлекет – Түркеш қағанаты болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашқардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта сағасына дейінгі өңірге билік жүргізді.

Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті - Қарақан мемлекеті (940 – 1212 ж) болды. Қарахан әулетінің батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жүргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан – ғайыр аймақты алып жатқан қарахан мемлекетінде экономикалық әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды.

Баќылау с±раќтары:


  1. Тарихи – типологиялық зерттеу әдісі.

  2. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы

  3. Түркі халықтарының фольклорында ұқсастықтардлың болуы

  4. Оғыз, қыпшақ, қарлұқ тілдер тобындағы халықтардың фольклоры

  5. Түркі халықтарының ауыз әдебиеті жанрларын классификациялаудың принцптері

  6. Түркі халықтары фольклорының жиналу, зерттелу тарихы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет