Найза лақтыру орны. Найза лақтыру орнында ені 4 м., жылдамдық алу жолы 45м мен бұрышы 29° жарақ қону секторы болу керек. Найза лақтыру радиусы 8 м., соңғы нүктелері арасындағы ұзындығы 4м, жылдамдық алу жолының топырағымен бетіне дейін бекітілген, ені 7 см. қисықсызықты планкадан жүргізіледі. Планканың екі біткен жерінің топырақта ұзындығы 1,5 м., ені 7 см., жылдамдық алу нүктесіне қиылыса бағытталған «мұртшалар» жасалады. Найза лақтыруда жылдамдық алу жолының ұзын ылдиы 0,001-ден аспауы тиіс.
Найза лақтыру үшін бір орынға бір мезгілде жіберу мүмкіндігі бастаушылар үшін 6 – 7 адам, ал жоғары дәрежелі спортшылар үшін 2 – 3 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |