Лекция: 52 сағат Практикалық сабақ: 50 сағат СӨЖ: 33 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат


Тақырыбы: Жазықтықтағы фигуралардың ұқсастығы



бет52/66
Дата01.04.2017
өлшемі11,27 Mb.
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66

Тақырыбы: Жазықтықтағы фигуралардың ұқсастығы




Тапсырма №1
Айқас екі түзу арқылы параллель екі жазықтық жүргізуге болатынын дәлелдеңдер

2. Егер АВ және CD түзулері айқас болса, онда АС мен BD түзулері де айқас болатынын дәлелдеңдер.

3. а және b түзулері бір жазықтықта жатпайды. а мен b түзулеріне параллель етіп с түзуін жүргізуге бола ма.

4. Егер түзу параллель екі жазықтықтың бірін қиятын болса, онда ол екіншісін де қиятынын дәлелдеңдер.


Тапсырма №2
1. Кеңістікте түзудің кез-келген нүктесі арқылы оған перпендикуляр әр түрлі екі түзу жүргізуге болатынын дәлелдеңдер.

2. АВ, АС және AD түзулері қос-қостан перпендикуляр. CD кесіндісін табыңдар, сонда: 1) AB=3cм, ВС=7см, AD=1,5см; 2) BD=9см, ВС=16см, AD=5см

3. ABCD тік төртбұрышының А төбесі арқылы оның жазықтығына перпендикуляр АК түзуі жүргізілген. К нүутесінен тіктөртбұрыштың басқа төбелеріне дейінгі қашықтықтар 6м-ге, 7м-ге, 9м-ге тең. АК кесіндісін табыңдар.
Үйге тапсырма:
1. а түзуін А нүктесі арқылы оған перпендикуляр  жазықтығы мен b түзуі жүргізілген. b түзуі  жазықтығында жататындығын дәлелдеңдер.
Практикалық сабақ №20

Тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар




Тапсырма №1
1. Шеңберге іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың қабырғасы а-ға тең. Осы шеңберге іштей сызылған квадраттың қабырғасын табыңдар

2. Радиусы 4 дм-ге тең шеңберге іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың қабырғасына квадрат салынған. Осы квадратқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңдар

3. Дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы оған сырттай сызылған шеңбер радиусынан екі есе кем болады. Осыны дәлелдеңдер.

4. Шеңбердің радиусы: 1) 10м; 2) 15м деп алып, шеңбер ұзындығын есептеп шығарыңдар.


Тапсырма №2
1. Дұрыс екі n-бұрыштардың периметрлерінің қатынасы а:b қатынасындай. Оларға іштей және сырттай сызылған дұрыс n-бұрыштардың радиустарының қатынасы қандай болады.

2. Дұрыс 12-бұрышты шеңберге іштей сызыңдар

3. Шеңберге сырттай дұрыс үшбұрыш, квадрат, дұрыс сегізбұрыш сызыңдар

4. Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы а-ға тең, ал сырттай сызылған шеңбердің радиусы R-ге тең. Іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңдар.



Практикалық сабақ №21

Тақырыбы: Жазықтықтағы салу есептері




Тапсырма №1
1. а бұрышы және А төбесі бойынша үшбұрыш салу керек

2. Берілген lжәне m айқас түзулер. Осы екі түзу арқылы бір-біріне параллель Q және P жазықтықтарын салу.

3. Берілген l түзуі арқылы Q жазықтығын жүргізу керек, осы Q жазықтығы қандай да бір M түзуіне параллель.


Тапсырма №2
1. Берілген а нүктесі арқылы q түзуін жүргіз, ол берілген P жазықтығына перпендикуляр болу керек.

2. Берілген l түзуі арқылы P жазықтығына перпендикуляр Q жазықтығын жүргіз.


Үйге тапсырма:
1. Берілген а нүктесі арқылы Qжазықтығын жүргіземіз, ол берілген L-ге перпендикуляр болу керек.


Практикалық сабақ №22

Тақырыбы: Стреометрияның аксиомалары және қарапайым салдарлары




Тапсырма №1
1. Бір түзу арқылы әр түрлі екі жазықтық жүргізуге болатыны дәлелдеңдер

2. Төрт нүкте бір жазықтықта жатқан жоқ. Олардың қандай да бір үшеуі бір түзудің бойында жата ала ма.

3. А, В, С нүктелері әр түрлі екі жазықтықтың әрқайсысында жатыр. Бұл нүктелер бір түзудің бойында жататынын дәлелдеңдер

4. Қиылыспайтын екі жазықтық берілген. Осы жазықтықтың біреуін қиятын түзу екіншісін де қиятынын дәлелдеңдер.


Тапсырма №2

  1. Берілген түзуді қиып өтетін және ол түзуден тысқары алынған нүктеден өтетін барлық түзулер бір жазықтықта жататынын дәлелдеңдер.

  2. Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген: a=2, b=3, c=4. Оның бұрыштарын табыңдар.

  3. АВС үшбұрышында AB=15см, АС=10см. Сонда болуы мүмкін бе.

  4. Радиусы R-ге тең болатын шеңбер берілген. Доғасының ұзындығы: 1) R; 2) l болатын сектордың ауданын табыңдар.


Үйге тапсырма:

  1. А, В, С және D нүктелері бір жазықтықта жатқан жоқ. АВ және СD түзулері қиылыспайтынын дәлелдеңдер.


Практикалық сабақ №23



Тақырыбы: натурал сандардың арифметикасы жоспары
Лекция №4 тақырыбы:
Лекция №6 тақырыбы
Лекция №7 тақырыбы:
Лекция №8 тақырыбы:
Лекция №9 тақырыбы:
Лекция №10 тақырыбы:
Лекция №12 тақырыбы:
Лекция №13 тақырыбы:
Лекция №14 тақырыбы:
Лекция №16 тақырыбы:
Лекция №17 тақырыбы:
Тапсырма №1
Тапсырма №1 теңдеуді шешіңдер:
Типтік есептер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет