Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет7/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж  №343 заңы

  2. № 1. Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы.

  3. А.Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж.


3 ЛЕКЦИЯ

  1. ЕБҚБ балаларды әлеуметтік және медициналық түзеу арқылы қолдау мәселелерін мемлекеттік реттеу.

  2. ЕБҚБ балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Жаңартылған заңнамаларға шолу.

3.ЕБҚБ балаларға әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету жөніндегі қызмет.

Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл белгілі тәртіпте бекітілген, туа біткен, тұқым қуалаушылықпен немесе жарақаттың салдарымен негізделген, өмір сүру әрекетінде шектеулері бар, дене және психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа дейінгі балалар.

Бала құқығы туралы конвенциясының 23-ші бабына сай мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі балалардың еркіндігі мен әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз ете алатын, олардың толыққанды өмір сүрулеріне қажетті айрықша күтім мен білім алуларына дайындықты жүзеге асыруы шарт.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1-ші қаңтарынан іске аса бастаған «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» заңы арнайы білім беру жүйесінде жоспарлы түрде кеңейтуді қамтамасыз етеді. Осы ұйымдардың жаңа түрлері пайда болды: сауықтару орталықтары, психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті.

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы.

4-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКIЛДЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

15-бап. Кемтар балалардың құқықтары

      1. Кемтар балалардың:

      1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға;

      2) мемлекеттiк медициналық ұйымдарда, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тегiн тексерiлуге және тегін медициналық көмек алуға;

      3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге;

      4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;

      5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдарында немесе мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында тегiн мектепалды және жалпы орта бiлiм алуға;

      6) мемлекеттiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;

      7) оқу бiтiргеннен кейiн алған бiлiмiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.

      2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын I және II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер басым құқыққа ие болады.

      3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.

     


16-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң құқықтары

      Кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерiнiң:

      1) баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда куәландыру кезiнде қатысуға;

      2) баланы тексерудiң нәтижелерi, жеке әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелерi туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық, арнаулы бiлiм берумен және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;

      3) өз балаларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуына;

      4) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерлерде өндіріп алуға құқығы бар.

17-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң мiндеттерi



      1. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi, заңдарда белгiленген мiндеттерден басқа, өздерiнiң балаларын асырауды, тәрбиелеудi, бiлiм берудi, медициналық байқаудан өткiзудi, емдетудi қамтамасыз етуге, оларға күтiм жасауға, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға оңалтудың жеке бағдарламасын iске асыруға қатысуға тиіс.

      2. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

ППТК арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асыратын және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

ППТК-не балаларды жіберу және орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен ПМПК қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды ППТК-не қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға:

1) көру қабілеті бұзылған;

2) есту қабілеті бұзылған;

3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;

4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;

5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;

6) зерде бұзылыстары бар;

7) психикалық дамуы тежелген;

8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар;

балаларға көрсетеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарына тіркелген үйде оқитын балаларға


түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда ППТК ондағы білім алушыларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға тек педагогтардың ғана емес, арнайы мамандардың да көмегі қажет. 


Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына лайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. 
Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қам-қорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі.  Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.

Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде дамуында ауытқуы бар балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог – арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:

-  бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау;

-  баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;

-  өмірлік кеңістікте баланы қорғау;

-  бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.

Дамуында ауытқушылығы бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше. 

Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді: 


1.Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдаңыз.
2.Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспнешілік танытыңыз.
3.Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз қобалжуларыңызды көрсете бермеңіз.
4.Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға тырысыңыз.
5.Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасаңыз. Қорщаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
6.Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп,өкінбеңіз. Нәтиже міндетті түрде болады.
7. Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болыңыз.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқар-ғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашылады.

Өзінің кәсіби мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік педагог басқарудың мемлекеттік органдарының өкілдерімен, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, басқа муниципальды ұйымдардың өкілдерімен қатынас құруы қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосу болып табылады.

Маллер А.Р «Дефектология» журналында былай деп атап көрсеткен: «Арнайы түзету мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті келесі бағыттарды қамтуы керек: диагностикалық болжау; түзете білім беру мен әлеуметтік-мәдени; функционалды-ұйымдастырушылық; құқықтық бағыттар».

Диагностикалық болжау жұмысының барысында әлеуметтік педагог тәжірибелік психологпен бірлесе отырып, балалардың тұлғалық және жасерекшеліктерін зерттеп, баланың жеке және әлеуметтік дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға дамуының түзету кешенді жоспарын өңдейді.

Түзете білім беру мен әлеуметтік-мәдени бағыттың мәні ол әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да кедергілер оқыту процесін қиындатқан жағдайда көмек көрсету ретінде көрініс табады. Сонымен қатар мұнда педагогикалық ұжыммен, әсіресе, жас мамандармен кеңес беру жұмысы жүзеге асырылады.

Функционалды-ұйымдастырушылық бағытты іске асыру процесінде әлеуметтік педагог бір жағынан, оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасында, екінші жағынан, сабақтан тыс жағдайда әлеуметтік қызметтердің арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Сонымен бірге ол мектеп әкімшілігі мен отбасыларға бітіруші  түлектердің кәсіби бағдарлануы бойынша көмек көрсетеді. Еңбекке оқыту профилі туралы шешім қабылдамас бұрын мектеп терең әлеуметтік талдау жасап, жұмыс орындарының болуын зерттеуі қажет. Мұндай әлеуметтік талдау әлеуметтік педагог басшылығымен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік педагог қызметінде профилактикалық бағытты ерекше атап өткен жөн. Тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары және оқушылар мен мектепке әсер ететін көптеген әлеуметтік факторларды үйлестіре отырып, әлеуметтік педагог ұжымда туындайтын кикілжіңдерді реттеп, оқушылардың әртүрлі жасерекшелік топтарымен  болатын жағымсыз жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырады. Әлеуметтік педагог іс-әрекетіндегі құқықтық бөлім ең маңызды болып табылады, өйткені мұнда интернат педагогтары мен оқушыларының құқықтық ағартушылық міндеттері, сонымен бірге полиция мен сот органдарындағы тәрбиеленушiлердiң мүдделерiнiң өкiлдiктерi міндеттері біріктіріледі. Мұнда әлеуметтік педагог міндетіне баланың заңды беделінің ақпараттары мен құжаттарын жинау бойынша жұмыс жатады, яғни, ата-аналарын, туыстарын іздестіру, қамқор болушы адамның құжаттарын дайындау, бітіруші түлектердің тұрғын үй алуы үшін құжаттарын дайындау және т.б жатады. 

Түзету мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық көмек қызметі төмендегідей принциптердің негізінде құрылады: жұмыстағы объективтілік, шешім қабылдаудағы тәуелсіздік, жеке ықпал ету, гуманизм, адам тұлғасының құндылықтарындағы принциптер т.б.

Әлеуметтік педагог арнайы (түзету) мектебінде жұмыс жүргізу арқылы балалардың әлеуметтік-эмоционалдық, дене жағдайы, ақыл-ой дамуымен байланысты күрделі мәселелерді шешуге және балалардың сәтті түрде әлеуметтенуіне мүмкіндік бере отырып, оларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында шешімін таппаған мәселер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек.

Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек. 

Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет