Лекция Білім берудің мемлекеттік стандарттары – білім саласындағы басқарудың нормативтік базасы



Дата06.09.2024
өлшемі75,43 Kb.
#203896
түріЛекция
Байланысты:
6-лекция


Лекция 5. Білім берудің мемлекеттік стандарттары – білім саласындағы басқарудың нормативтік базасы


5.1 Стандарттардың барлық саладағы негізгі қызметі.
5.2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының ерекшелігі.
5.3 Оқушыларды дайындау деңгейлеріне қойылатын талаптар.
5.4 Жоғары кəсіби білім берудің мемлекеттік білім стандарттары.

Сапаның талап етілетін ұғымы жəне оның сипаттамалары нормативтік құжаттарда көрсетілген. Осы құжаттар бойынша


атериалдық жəне рухани өндіріс саласында қызметтер жүзеге асырылады. Стандарттар осындай құжаттардың бір түрі болып табылады.
Стандарттардың барлық саладағы негізгі қызметі – қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгіленген сападағы жəне қасиеттердегі адамдардың өнім өндіруге бағытталған қарым-қатынастары мен қызметін ұйымдастыру жəне реттеу. Стандарттау саласында халықаралық (ХС), өңірлік (ӨС), ұлттық/ мемлекеттік (МемСТ), салалық стандарттар (СС), кəсіпорындар стандарттары (КС) болады. Терминология, өлшемдер мен параметрлер, нормалар, техникалық шарттар, қызметтер, ережелер жəне басқалары стандарттау нысандары бола алады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының ерекшелігі – бір жеке саланың қызметін реттегенмен, ол салалық бол- май, мемлекеттік стандарт болады.
Білім берудің стандарты деп білімділіктің мемлекеттік нормасы ретінде қабылданатын, қоғамның қажеттілігін көрсететін жəне нақты жеке тұлға мен білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін есепке алатын негізгі параметрлердің жүйесін айтамыз. Білім берудегі стандарт- тау білім беру сапасына деген қойылған нормалар мен талаптарды ұйымдастыру жəне реттеу үшін көзделген .
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 56-бабында
«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында
«1. Қазақстан Республикасында əрбір білім деңгейі бойынша:

      1. білімнің мазмұнына;

      2. білім алушылар мен тəрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

      3. білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.

2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті» деп айтылған.
Дер кезінде білім беру стандарттарын енгізу білім мекемелері типтерінің алуан түрлілігімен сипатталатын білім кеңістігінде бірыңғай міндетті нормаларды (ең аз талаптарды) беру қажеттілігінен туындаған. Стандарттарды нормативтік құжаттар ретінде енгізу, анархия мен жағымды өзгерістердің жағымсызға айналып кетуіне жол берместен, мектепті демократияландыру үдерістерін реттеуге, білім қызметтері тұтынушыларының барлық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету- ге мүмкіндік берді. Білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асырудың кепілі бола тұрып, білім беру стандарты оқу материалдарының құрамы мен мөлшерін, əсіресе, оқыту əдістері мен түрлерін қатаң шектемейді.
Білім беру кеңістігінде стандарт келесі қызметтер атқарады:

    • азаматтардың толыққанды білім алуға деген құқықтарын қамтамасыз ету;

    • мемлекеттің білім беру кеңістігінің біртұтастығын сақтау. Стандарт білім беру жүйесі мен оқыту мекемелері типтерінің алуан түрлігінде білім жүйесін тұрақтау механизмі болып табылады;

    • білім беруді адамгершілікке баулу;

    • білім беру сапасын арттыру;

    • межелік-бағалық;

    • білім беруді басқару.

Стандарт жəне оған енетін ақпарат білім беру мекемелері қызметтерінің барлық жақтарын жəне онымен басқаруды регламенттейді. Осылайша, мысалы, оқыту пəндері жүйесінде, оларды зерттеу реттілігінде айқындалған білім беру мазмұны педагогтардың кəсіби биліктеріне деген талаптарды, əдістемелік жұмыстардың бағыты мен мəндерін, оқыту жүктемелерінің параметрлерін анықтайды. Соны- мен, білім беру мекемесінің осы салаларын басқару, ең бірінші кезекте, МемСТБ-ге сəйкес жүзеге асырылады.
Оқушылар мен тəрбиеленушілердің оқу жүктемелерінің ең көп мөлшердегі сипаттамалары оқу үдерісінің ұйымдастырылуын, бүкіл мектеп жұмысының, оқушылардың, педагогтар мен жетекшілердің жұмыс істеу кестесін қалыптастырады. Стандартта білім беру сапасының межелері белгіленгендіктен, осы негізде білім беру сапа- сын бақылау басталады. Ол білім мекемелерінің аттестатталуы мен аккредиттелуін, мектепалды білім беру мекемелері тəрбиешілерінің, орта жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің, орта жəне жоғары кəсіби мектептер оқытушыларының педагогикалық қызметтерін бағалауды қамтиды.
Оқушыларды дайындау деңгейлеріне қойылатын талаптарына бай- ланысты МемСТБ ақиқат өлшемдер жүйесі білім беру мекемесіндегі істердің шынайы жағдайлары жайлы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды жəне осының негізінде барлық деңгейлерде дəлелденген басқарушылық шешімдер қабылданады.
Демек мемлекеттік білім стандарттары білім беру сапасын басқару жүйесін əзірлеуге қажетті база құрайды.
МемСТБ мəліметтері мектепалды деңгейден бастап жоғары оқу ор- нынан кейінге дейін, яғни білім берудің барлық деңгейі үшін əзірленген [43].
Білім беру стандарттары пайда болғанға дейін, білім беруде нор- малаушы рөлін атқарған МемСТБ өздерінің басқару қызметтерінде оқулықтар жəне оқу жоспарларынан несімен ерекшеленеді?
Егер оқулықтар мен оқу жоспарлары білім беру қызметінің бағдарлар жүйесі ретінде тек оқыту барысында беріліп, игерілетін оқу материалының құрылымы мен мөлшерін айқындайтын болса, ал білім стандарттары, Э. Д. Днепровтың пікірі бойынша, білім мазмұнын жобалау жəне нормалау тəсілдерінің дамуында жаңа сапалы кезеңді құрайды. Стандаттардың жаңа рөлі, бірінші кезек- те, олардың ішінде нормалау нысанының өзі өзгергенімен, білім мазмұнының өзіне ғана емес, сонымен қатар білім нəтижелеріне де талаптар қойылғанымен байланысты болып келеді. «Осыған байла- нысты, кем дегенде, төрт түбегейлі идеялық жəне технологиялық но- вациялар енгізіледі:

  1. Стандарттар нені оқытпау керек, балаға нені білу керектігіне назар аударады, яғни оқытудың (сабақ берудің) мазмұны білімді өзі меңгерген мазмұнына айналады.

  2. Баланың өз меңгеруі тек оның дербес оқуы барысында ғана мүм- кін болатындықтан, стандарт білімге деген талаптардың өзін қызметтік бағдарда құрастырады, яғни білім беруге тұлғалық-қызметтік сипат береді.

  3. Оқыту барысында қол жеткізетін нəтижелерге назар ауда- ра отырып, стандарт мектепке, мұғалімге, оқушыға оларға жету жолында өз жолын, құралы мен тəсілдерін таңдауға мүмкіндік қалдырады. Бұл одан да гөрі маңызды, өйткені ЮНЕСКО-ның ХХІ ғасырдағы білім жөніндегі халықаралық комиссиясының Баянда- масында «адамның өзіндік таңдауына, тұрақты таңдау негізінде əрекет етуге дайын болуына жəне қабілетіне, таңдау жағдайынан күйзеліссіз шығу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау» адамзат өркениетінің замануи даму кезеңінде білім берудің ең басты міндеті болуға тиіс, - делінген.

  4. Ақырында, білім нəтижелерін шынайы өлшейтін жүйе енгізеді (біреудің субъективтік шешімінен тəуелсіз), яғни стандарт бала үшін де, мұғалім үшін де жəне мектеп үшін де, əртүрлі инспекторлар мен білім үдерісін бақылаушылардың жөнсіздіктерінен қорғау механизмі ретінде қызмет етеді» .

Білім беруде мемлекеттік-қоғамдық басқару идеяларын жүзеге асы- ру басқарудағы білім беру қызметінің барлық субъектілерінің қатысуын кеңейтуді қарастырады. Бұл идеялар білім берудің əр деңгейлерінің МемСТБ мазмұнында да өз көрінісін тапқаны сөзсіз. Бірінші кезекте, бұл білім алушымен білім мазмұнын таңдау мүмкіндігінде, оған жеке білім траекториясын құру құқығын беруде байқалады.
ҚР Бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасында Қазақстандағы бейінді оқыту жүйесін дамыту мыналарға бағытталған:

    • білім жүйесінің Қазақстан азаматының түбегейлі рөлі ретіндегі базалық құзыреттіліктер түріндегі ұлттық мақсаттарға жету, оқушылардың əлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту;

    • 11-12 сыныптар оқушыларының оқу мазмұнын дифференциялау үшін, жалпы орта білімнің жеке оқу жоспарларын жобалау мен жүзеге асыру мүмкіндіктері үшін нормативтік, ұйымдастырушылық жəне педагогикалық жағдайлар жасау;

    • оқушылардың қабілеттеріне, қызығушылықтарына жəне бейім- діліктеріне, танымдық жəне өмірлік қажеттіліктеріне жəне басқаларына сəйкес сапалы білім алуға қол жеткізулерін қамтамасыз ету.

Осы мақсаттарға сəйкес МемСТБ құрылымында оқу пəндерінің келесі топтары айқындалған:

    • тиісті деңгейдегі білім мазмұнының өзгермейтін құраушысы білім мазмұнының негізгі құраушысын ұсынады. Негізгі жалпы білімді пəндер барлық оқушылар үшін міндетті болып табылады;

    • тиісті деңгейдегі білім мазмұнының нұсқалық құраушысы білім мазмұнының мектептік жəне оқушылық құраушыларын ұсынады. Білім мазмұнының нұсқалық бөлігі орта білімнің нақты ұйымының ерекшелігін айқындайды; білім ұйымымен бастауыш, негізгі орта, жал- пы орта білім деңгейлері оқу пəндерінің мемлекеттік стандарттарынан тыс қосымша оқу бағдарламаларын əзірлеуге жəне жүзеге асыруға бағытталған.

МемСТБ құрамына кіретін типтік оқу жоспарларының негізінде нақты оқу мекемесінің (мектепалды білім мекемесінің, орта жалпы білім мектебінің), орта жəне жоғары кəсіби білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мекемелерінде нақты мамандықтың жұмыс оқу жоспар- лары əзірленеді. Сонымен қатар, МемСТБ, өз тарапынан, педагогтың оқытатын оқу пəні бойынша жұмыс оқу жоспарын құрастыруға негізгі қызметін атқаратын, пəндер бойынша типтік оқу жоспарларын əзірлеу базасы болып табылады.
Жоғары білімнің мақсаты – тек қоғамның, мемлекеттің ғана мүдделерін қанағаттандыруда емес, сонымен бірге, жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуында, əр адамға оқыту мазмұнын, түрін мен мерзімін таңдауға кең мүмкіндіктер беру. Осы міндеттерге сəйкес кең түбегейлі білімдерге ие, бастамашы, еңбек жəне технологиялар нарығының өзгермелі талаптарына икемді, командамен жұмыс атқара алатын жаңа формациядағы маманды даярлау; жоғары білімнің бүкіл жүйесінің білім үдерісін демократияландыру арқылы ынталандыру- ды күшейту; студенттердің сапалы білім алуға құқықтарын нығайту, жоғары оқу орындары басшыларының сапалы білім қызметтерін жəне басқаларын ұсынуға деген жауапкершіліктерін анықтайтын механизмдерді əзірлеу жəне енгізу белгіленген. Осылайша, ҚР жоғары білім жүйесінің мақсатты бағдарларында еліміздің даму стратегиясына, TQM идеяларына сапамен басқарудың жаңа философиясы ретінде сəйкес келетін жаңа əлеуметтік талаптар көрсетілген.
Белгілі болғандай, TQM негізгі қағидаттарының бірі – тұтынушы қажеттілігіне жұмыс істеу. Білім жүйесінде студент білім беру қызметтерінің негізгі тұтынушысы болады. Мемлекеттік білім стан- дарттары талапкерлердің дайындық деңгейіне, жоғары оқу орны түлектерінің біліктілік сипатына, кəсіби қызмет нысандары мен түрлеріне, білім алуды жалғастыру мүмкіндіктері жəне т.б. талап қояды. Стандарттарға негізгі білім бағдарламаларына, олардың мазмұнына қатысты міндетті минимумға жалпы талаптар қояды. Негізгі білім бағдарламаларына базистік оқу жоспарлары, оқу пəндерінің бағдарламалары, оқу жəне өндірістік тəжірибелер бағдарламалары кіреді. Оқу барысын өз қызығушулықтары мен қажеттіліктеріне сəйкес құру мүмкіндігін МемСТБ-да білім мазмұнының өзгермелі құраушысы болғандығы қамтамасыз етеді.
Жоғары кəсіби білім берудің мемлекеттік білім стандарттарында білім беру ортасына, сондай-ақ əр бағыттағы тəжірибелерді, қорытынды мемлекеттік аттестаттауын ұйымдастыруға жəне түлектердің кəсіби дайындық деңгейіне деген талаптар тұжырымдалған, бұл операционал- ды түрде көрсетілген құзыреттіліктер жиынтығына сəйкес келеді. Со- нымен, қазақстандық жоғары мектепте мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттары білім жүйесі мен білім мекемелерін басқарудың негізі болып табылады.
МемСТБ жетілдіру келешегі ҚР-ның 2011-2025 жылдарға арналған Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында айқындалған: оның ішінде нормативтік құжаттардың мəліметтері əртүрлі сала, қызмет аясы мен біліктілік деңгейлеріне қатысты талаптар көрсетілген кəсіби стандарттардың негізінде жасалуы керек. Нақты кəсіби стандарт- тар негізінде əзірленген білім берудің мемлекеттік жалпы білімді стандарттардың үлесі 2020 жылға таман 90%-ды құрауы керек. МемСТБ əзірлеуге ҚР БжҒМ ғана емес, сонымен қатар жергілікті орын- даушы органдар, кəсіби ассоциациялар мен жұмыс берушілер қатысуға міндетті .

TQM-ға түсініктеме беру керек. Мынаны келтіріп жаз.


Сапаны тотальды басқару (TQM - англ. Total Quality Management)
дегеніміз - кез-келген қажетті бұйымды (затты) өмірге келтіру
барысындағы процестердің (үрдістердің) сапасын қамтамасыз ету
концепциясы. Бұл концепцияға жан-жақты ойластырылған, сапаны
басқарудың арнайы тәсілдері мен жүйелерінің бұйым шығарудағы
барлық кезеңдерінде қолдану шарт.
• Общеорганизационный метод непрерывного повышения качества
всех организационных процессов.
• Әсте бұйым шығарудың аталған кезеңдеріне ғылыми-зерттеу және
құрастыру, саудаға даярлау, қызмет ету және бұйым істен шыққаннан
кейінгі пайдалану мәселелері кіреді. Осы кезеңдердің бәрінде де
басшылық және көптеген өндіріс қызметкерлері өздерінің
техникалық-технологиялық мүмкіндіктерін орынды пайдаланулары
қажет.
• Нақтылай айтсақ TQM дегеніміз - қойылатын талаптарға қарай
сапаны, жіктелген мақсаттарды және техникалық шарттарды басқару.
2. Diapositiva 2
• Сапаны тотальды басқаруда, өзінің үш бөліктен тұратын
ұйымдастырушылық құрылымы бар, сапа жақсарту үрдісінің басқару
технологиясы, олар: жетілдіру жүйесі, техникалық қызмет өтеу
жүйесі
• және түпкілікті жүйе.
• Түпкілікті (өзекті жүйе) жүйе дегеніміз - зерттеу және талдау үшін
қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұлар жалпы қалыптасқан
математикалық аппаратта, тексерудің статистикалық әдістерінде
отырады, сондықтан бұларды барлық фирмалар қолданады және
оларды шет елдерге де импорттауға болады.
• Техникалық қызмет өтеу жүйесі дегеніміз-жұмысшы кадрларды
арнайы бағдарламалар мен амалдар арқылы жұмыс бабына үйрету.
Бұл жүйе әр елдің ондаған мекемелердің ерекшелігін көрсетеді.
• TQM жүйесінің жетілдірілуі және дамуы өте ерекше, мұның ел
экономикасы мен ондаған заңдылықтарға тигізетін әсері өте зор.

3. Diapositiva 3


• Сапаны тотальды басқару (TQM) жүйесінің негізінде 9000
сериялы ИСО стандарты жатыр. Дегенмен заманауи сапа жүйесі
үшін бұл стандарттың қоятын талаптары өте мардымсыз да,
оның минимальды фундаментін құрады.
• 9000 сериялы ИСО стандартында сапаны басқаруға
төмендегідей әдістер мен құралдар пайдаланылады:
• • жаңа техника мен технологиялар енгізу;
• • тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру;
• • сапа аудиті;
• • сапаны метрологиялық тұрғыда қамту;
• • жетілдіру бағдарламалары;
• • сапа бойынша сыйақылар:
• • жабдықтаушылар мен байланыс.

4. TQM жүйесінің 9000 сериялы ИСО стандартынан өзгешелігі-мұндағы қолданылған стадиялар арқылы сапа басқару процесі жүргізілген.

TQM үшін олар:
• сапа саласындағы жұмыстарды реттеу;
сапа жұмыстарын жабдықтаушымен бірігіп жасау;
• сапа бойынша жұмысшылар тобы;
• адами факторларды басқару;
• сапа бойынша ұлттық компаниялармен бірлесу;
• сапа саласындағы саясат болу;
• сапа мәдениетін қалыптастыру;
• жаңа бұйым жасаудағы тексеру жұмыстары;
• материал қабылдаудағы кірме тексеріс;
• тәжірибелік бұйыымның сапасын бағалау, бұйым сапасын және
өндірістік процесті жоспарлау;
• дайын бұйымды тексеру;
• бұйым сапасын бағалау;
• бұйым сапасынан ақпарат беретін аппаратураны тексеру;
• сапа қамту әдістеріне персоналды үйрету;
• кепілді күту;
• тағы басқалай әрекеттер.

5. Diapositiva 5


• Біріншіден, TQM жүйесі мекемедегі сапа басқарудағы кешендіұйымдастырушылық жүйе болғандықтан қазіргі кезеңдегі ең
жаңа жүйелер санатына кіреді.
• Екіншіден, TQM жүйесінде адами фактор өте ұтымды
ескерілген. Жұмысшылардың еңбегі дұрыс бағаландықтан
мекемеде тек жұмыспен ғана айналысатын еңбекқорлар тобы
қалыптасқан. Мекеме жұмысшылардың біліктілігін ылғи
жетілдіріп, оларды оқытып отырады. Мекемеде сапа
менеджері қызмет етеді. Ол әмбебап маман, нарық талабын
игерген, қаржылық мәселелерге қанық, психолог, маркетолог.
• Сонымен, TQM жүйесі қазіргі заманның ұтымды жүйесі болып
тұр. TQM принципі (сапаның тотальды менеджменті). TQM
теориясының дамуына америка ғалымдары Э.В.Деминг (19001993), Д.М.ДЖуран (1904) және Ф.Б.Кросби (1926-2001) сияқты
ғалымдар елеулі үлес қосты.

6. Diapositiva 6


7. Diapositiva 7
• TQM включает 2 механизма:
• Quality Assurance (QA) — обеспечение качества —
поддерживает необходимый уровень качества и
заключается в предоставлении компанией
определенных гарантий, дающих клиенту уверенность в
качестве данного товара или услуги.
• Quality Improvements (QI) — повышение качества —
предполагает, что уровень качества необходимо не
только поддерживать, но и повышать, соответственно
поднимая и уровень гарантий.
• Два механизма: контроль качества и повышение
качества — позволяют «удерживать мяч в игре», то есть
постоянно совершенствовать, развивать бизнес.

8. Diapositiva 8


• Главная идея TQM состоит в том, что компания
должна работать не только над качеством
продукции, но и над качеством организации
работы в компании, включая работу
персонала. Постоянное параллельное
усовершенствование 3-х составляющих:
• качества продукции
• качества организации процессов
• уровня квалификации персонала
• — позволяет достичь более быстрого и
эффективного развития бизнеса.

9. Diapositiva 9

Шухарт-Деминг циклі (PDCA циклі) – процестердің үздіксіз жақсартуларының белгілі үлгісі, осыған
байланысты айналым Шухарт-Деминг циклі деп аталады немесе PDCA айналымы – жоспарла, істе,
тексер, әсер ет. Осы айналымды әртүрлі қызмет саласында қолдану, жүйелік негізінде қызметті
тиімді басқаруға мүмкіндік беріп отыр (3-4 сурет).
PDCA (Ағыл. «Plan-Do-Check-Act» -жоспарлау-әрекет-тексеру -түзету) циклді сапа менеджментінде
пайдаланылатын шешім қабылдау процесін қайталау.
PDCA әдістемесі қарапайым алгоритм жолымен басқару процесінің басшысы мен оның
мақсаттарына қол жеткізу болып табылады. Циклді басқару жоспарлаудан басталады.
Деминг Уильям Эдвардс (ағылш. William Edwards Deming, 14 қазан 1900-20 желтоқсан
1993), әрі Э́двард Де́минг атымен белгілі — америкалық ғалым, статистик әрі сапаны
басқару теориясы кеңесшісі. Деминг өзінің «ұқыпты өндіріс» атты Жапония және басқа да
елдерде кеңінен пайдаланылатын мекемелерді
қайтаұйымдастыру инновациялық ұсыныстары арқасында кеңінен танымал болды.
Уолтер Шухарт (1891-1967)- әлемге әйгілі американдық оқымысты және басқару теориясының
консультанты.
1924 жылы ақаулы өнімдерден бұрын анықтау үшін нормалар мен әдістерден бас тартып, басқару
әдістеріндегі революцияны жасаған әдісі ұсынылды(тексеру картасын пайдалану).
Көп еңбектенгенінің арқасында Шухарттың “Алты сигма” статистикалық тұжырымдамасы жүзеге
асырылды

10. Diapositiva 10


• 2-суреттегі Деминг-Шухарт Циклы (PDCA циклі) келесі
міндеттерді қарастыраы:
• Жоспарлау – мәселелерді теңестіру және талдау;
мүмкіндіктердің бағасы және қажетті өзгерістердің
жоспарлануы.
• Орындау – жоспарланған шаралардың мәселелері және
шешімдердің іздестірілуін жүзеге асыру;
• Тексеру – нәтижелердің бағасы және сәйкесінше
қойылған есептің қорытындылары.
• Әрекет ету – алған қорытындылар негізінде шешім
қабылдау, егер өзгеріс қойылған есепті шешпесе,
жоспарға түзетулер енгізіп, айналымды қайталау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет