5 лекция «Электрондық үкімет» пен электронды демократияны құру идеясын алғаш рет Америка Құрама Штаттары (одан әрі – АҚШ) және Ұлыбритания ғалымдары ұсынды, мұның астарында жаңа АКТ-ларды негізгі демократиялық құндылықтарды қорғау мен дамыту үшін және бірінші кезекте билік органдарының шешімдер қабылдау үдерісіне және мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуы үшін пайдалану жатты.
Электрондық демократия - бұл барлық деңгейлерде - жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінен бастап халықаралық деңгейге дейін - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ұжымдық ойлау мен әкімшілік процестердің негізгі құралы ретінде қолданумен сипатталатын демократияның бір түрі.
19
«Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру» қызметін электрондық үкмет порталында онлайн алу ерекшеліктерін, қызмет құны мен уақытын көрсетіңіз.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет құны тегін. Қызмет көрсету мерзімі
Қызметті беруші және порталда - 20 минут ішінде. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде - 1 жұмыс күніне дейін созылу мүмкін.
20
«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» қызметін электрондық үкмет порталында онлайн алу ерекшеліктерін, қызмет құны мен уақытын көрсетіңіз.
https://egov.kz/cms/kk/services/state_support_measures/pass268_msh
Қызметті онлайн алу үшін
Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін www.qoldau.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).
Өтінімді www.qoldau.kz сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.
Қызмет құны тегін.
Қызмет көрсету мерзімі
Қызметті беруші және порталда - 20 минут ішінде. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде - 1 жұмыс күніне дейін созылу мүмкін.