Лекция ЭҮ стратегиялық мақсаттары



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі59,21 Kb.
#85092
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Электронды үкмет -40 жауап

Лекция 1
www.egov.kz веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез келген нүктесінен өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл төлей алады немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле алады.
ҚР электрондық үкіметі веб-порталы – www.egov.kz мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба ҚР Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған ҚР Электрондық үкіметті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
egov.kz веб-порталы атқаратын маңызды қызметтері бұл Мемлекеттік қызметтер мен ақпараттты онлайн қамтамасыз ету
https://egov.kz/cms/kk

12


«Ашық деректер» порталы мүмкіндіктері туралы мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.


https://data.egov.kz/pages/about


Ашық деректер, Ашық үкіметтің бастамасы ретінде Қазақстан Республикасының 'Электрондық үкіметінің' жеке элементі болып табылады.
'Ашық деректер' порталының көмегі арқылы, жұртшылық, мемлекеттік органдар құрған деректерді оңай табады, жүктейді және пайдаланады. Портал деректердің мемлекеттік деректер жиынының сипаттамасын, сондай-ақ деректер жиынына және қосымша құралдарға қалай қол жеткізілетіні туралы ақпаратты қамтиды. Деректер каталогының жиыны, сонымен қатар, деректердің өздері де тұрақты негізде толықтырылып отырады.
Электрондық демократия
'Ашық деректер' порталының жетістігі , халықтың, порталдың өзімен, сондай-ақ деректермен жұмыс істеуге қаншалықты жұмылдырылатынына толық тәуелді. 'Ашық деректер' порталының негізгі мақсаты жұртшылыққа деректерді пайдалану және олардың негізінде қосымшалар құру, жан жақты талдаулар және зерттеулер жүргізу арқылы мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін ұсыну болып табылады.
'Ашық деректер' порталын жақсарту жөніндегі жұмыстар келесі құралдардың көмегімен тұрақты түрде жүргізіледі:

  • кері байланыс:

  • пайдаланушылардың комментарийлері және ұсыныстары.

Біз үшін Сіздің деректер жиынында нені көргіңіз келетініне қатысты пікіріңіз, Сіздің ағымдағы деректер жиынына беретін бағаңызды және комментарийлеріңізді, сондай-ақ порталды жақсарту турасындағы ұсыныстарыңызды алу маңызды.
Біз Сіздердің «Ашық деректер» порталы туралы идеяларыңыз бен комментарийлеріңізді асыға және қызыға күтеміз.
Мақсаттар
1. Ашық мемлекеттік деректерге қолайлы қолжетімділік
2. Талдау мен зерттеулерді оңай ету
3. Үкімет жұмысының ашықтығы
4. Мемлекеттік органдардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру.



13

«Ашық НҚА» порталы мүмкіндіктері туралы мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

https://legalacts.egov.kz/help

"Ашық НҚА" порталға кіру рұқсатын алу үшін "Электрондық үкімет" порталында http://egov.kz/cms/ru жеке тұлға ретінде тіркелу және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-на ақпаратты орналастыру бойынша жауапты тұлғалардың Т.А.Ә., ЖСН, мемлекеттік органның атауы, электрондық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген ресми хат жіберу қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда, 1414 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.


НҚА жобаларын қарау және жүктеп алу
НҚА жобаларын табу үшін, «НҚА» бөлімін пайдалануға болады:
Курсормен меңзегенде, НҚА жобаларын бейнелеудің нұсқалары шығады:
Категорялар бойынша;
ОМО бойынша;
Облыстар бойынша;
Барлық НҚА көрсету.
Осы бөлімге курсормен басқан кезде НҚА жобаларының беті ашылады.
Осы бөлімдерде келесі түрлер бойынша НҚА жобаларын сұрыптау мүмкіндігі бар:

  • Заң;

  • Жарлық;

  • Үкім;

  • Тұжырымдама;

  • Қаулы;

  • Бұйрық;

  • Есеп;

  • Шешім;

  • Регламент;

  • Келісім;

  • Ереже;

  • Мемлекеттік қызмет стандарты.

Бұдан басқа, іздеу жолағымен пайдалануға және беттің жоғарғы іздеу алаңында НҚА жобаларының атауларын енгізуге болады. Порталдың барлық бөлімдерде іздеу жолағымен пайдалана аласыз.
Қажетті НҚА жобасын таңдағаннан кейін (Мысалға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы), Сізге НҚА жобасының атауын басу қажет, содан кейін НҚА жобасының өзін көрсететін терезе ашылады. Бұл жерде НҚА жобасының мазмұнын (мәтінін), оның мәртебесін, НҚА жобасының түрін, жария талқылау күнін, НҚА жобасына файлдарды қарауға болады, сондай-ақ НҚА жобасына және осы НҚА жобасына келіп түскен пікірлерге дауыс беруге болады.Бұдан әрі, НҚА жобасын жүктеп алу үшін «Жүктеу» батырмасына басу қажет, НҚА жобасы –docx форматында жүктеледі.
НҚА жобалары онлайн талқылауда болғанда, сондай-ақ жоба архивте болғанда есептің алғашқы және соңғы нұсқасын – excel форматында жүктеуге мүмкіндік бар.


14

«Ашық диалог» порталы мүмкіндіктері туралы мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

https://dialog.egov.kz/application/help




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет