1. Электрондық үкімет порталында тіркеуден өту қажет (egov.kz).
2. Біздің сервистер бөлімінде Өтініш қалдыру сілтемеден өту, немесе МО бірінші басшыларының блогтары бөлімінде басшыны таңдап, Өтініш қалдыру сілтемесіне басып өту.
Смс-арқылы. Е-үкімет порталына тіркелген Сіздің телефон нөміріңізге хабарлама - өтініштерін жіберген кезде, Сіз SMS түрінде жіберіледі, код толтыру арқылы тиесіліні растауңыз тиіс. Бұл ретте SMS - хабарламаны кодымен алу ақылы емес.
«Ашық бюджеттер» порталы мүмкіндіктері туралы мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
https://budget.egov.kz/application/help
"Ашық бюджеттер" порталға кіру рұқсатын алу үшін "Электрондық үкімет" порталында http://egov.kz/cms/ru жеке тұлға ретінде тіркелу және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-на ақпаратты орналастыру бойынша жауапты тұлғалардың Т.А.Ә., ЖСН, мемлекеттік органның атауы, электрондық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген ресми хат жіберу қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда, 1414 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асыру туралы есептерді түсініктеме беру үшін авторландыру қажет. Порталда авторландыру үшін, Сіз «электрондық үкімет» веб-порталында» eGov.kz тіркелген болуы тиіссіз. Сұрақтарыңыз немесе тіркелуде қателер болған жадайда, Сіз Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 нөмірлерін хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін!
Мемлекеттік аудит және қаржалақ бақылау нәтижелері туралы ақпаратты, бюджеттiк және шоғырландырылған қаржы есептілігін қарауы және жүктеуі Деректерді табу үшін, «Материалдар» бөлімін пайдалануға болады:
1. Егер осы бөлімді меңзегенде материалдардың түрлерін пайдалануға болады:
2. таңдалған материалдың түршесін меңзермен басқан кезде таңдалған түрі бойынша барлық есептермен бет ашылады, сондай-ақ мемлекеттiк органдар бойынша сол жағында фильтрлеу мүмкіндігі бар.
«Материалдар» жылы мүмкіндігі бар:
мемлекеттік органдардан (жергілікті және орталық мемлекеттік органдар) иеленгендер бойынша фильтрлеу
«Мұрағат» бөлімінде өзекті емес бюджеттік бағдарламалар сақталады.
16
Электрондық үкімет порталында алғашқы рет кіргендегі қажетті әрекеттерді тізбектеп көрсетіңіз.
https://egov.kz/cms/kk/information/eds/Vpervye-na-portale
Компьютерге Java, NCALayer БҚ және ҚР ҰКО түпкі сертификаттарын орнатыңыз.
Java БҚ Java.com ресми сайтынан көшіріп алуға болады.
NCALayer БҚ ҚР ҰКО ресми сайтынан көшіріліп алынады. Орнату үдерісі интуитивтік түсінікті, бірақ қиыншылықтар туындаған жағдайда нұсқаулықты (PDF) пайдалануға болады.
Порталда тіркелу және авторизациялау үшін, сондай-ақ онлайн-қызметтерді алу үшін қажетті ЭЦҚ кілттерін алу.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы.
ЭЦҚ алуға өтінімді ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлімі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Өтінімді қауіпсіздік мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады.
Онлайн – өтінімді бергеннен кейін сізге оны растау үшін ХҚКО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен басып шығарылған өтінім болуы қажет. Тексергеннен кейін оператор растауды жасайды және сіз ЭЦҚ өз компьютеріңізге жүктеп, оған өз пароліңізді орната аласыз.
AUTH_RSA деп аталатын ЭЦК кілттердің RSA – дан айырмашылығы неде? RSA электрондық құжатқа/сұрау салуға қол қоюға арналған, ал AUTH_RSA пайдаланушыны түпнұсқаға сәйкестендіруге, яғни кіруге/авторландыруға арналған. ЭЦҚ қолданыс мерзімі 1 жыл, бірақ пайдаланушының ағымдағы ЭЦҚ мерзімі өтіп кетпей тұра, оны тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар екендігін атап өтеміз. Мерзімін ұзарту бойынша нұсқаулықтар – жеке тұлғалар үшін, заңды тұлғалар үшін.
ЭЦҚ түрлі ақпарат жеткізгіштерінде сақтауға болады, бірақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуін жауапкершілікпен қадағалау қажет.
ЭЦҚ арқылы порталда тіркеліңіз. Тіркеу рәсімі интуитивтік түсінікті, бірақ сұрақтар туындаған жағдайда нұқсаулықты (PDF) пайдалануды ұсынамыз.
Тіркеу бетіне өтіңіз, пайдаланушының келісімімен танысыңыз және «ЭЦҚ-пен тіркеу» батырмасын басыңыз;
Парольді ойлап табыңыз және өз жеке e-mail көрсетіңіз. Пароль латын әліпбиінің жоғарғы және төменгі регистрдегі цифрлық және әріптік символдар комбинациясын қамтуы тиіс (кемінде 8 символ, бірақ 30 символдан артық емес);
Өз ЭЦҚ (RSA) таңдаңыз және тіркеуді растаңыз.
Тіркелуден кейін және ЭЦҚ болған кезде сіздің алдыңызда электрондық үкіметтің eGov.kz. порталының барлық мүмкіндіктері ашылады. Сіздің қарамағыңызда көптеген электрондық мемлекеттік қызметтер мен сервистер болады, сондай-ақ сіз мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталатын дербес деректерді мониторингілеуге көмектесетін Жеке Кабинетке қол жеткізе аласыз.
Оның үстіне, ЭЦҚ Ашық үкімет порталдарында авторландыруға және Elicense.kz электрондық лицензиялау порталында тіркелуге мүмкіндік береді.
ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі – 1 жыл тек файлдық жүйеге таратылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасымалдаушыларға жүргізілсе (Жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) онда әрекет ету мерзімі 3 жыл болады.
17
Электрондық цифрлық қолтаңба және оның маңызы туралы мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы.
ЭЦҚ алуға өтінімді ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлімі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Өтінімді қауіпсіздік мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады.
Жеке тұлғадан онлайн-өтінімді беру.
Заңды тұлғадан онлайн-өтінімді беру;
Онлайн – өтінімді бергеннен кейін сізге оны растау үшін ХҚКО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен басып шығарылған өтінім болуы қажет. Тексергеннен кейін оператор растауды жасайды және сіз ЭЦҚ өз компьютеріңізге жүктеп, оған өз пароліңізді орната аласыз.
18
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын тізбектеп көрсетіңіз.
https://digitalkz.kz/kz/napravleniya-programmy/
БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БЕС НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:
1. «Экономика салаларын цифрландыру» - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.
2. «Цифрлық мемлекетке көшу» - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.
3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
4. «Адами капиталды дамыту» - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
5. «Инновациялық экожүйені құру» - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.
19
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін тізбектеп көрсетіңіз.