ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында: 9) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыру;
10) Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды жүзеге асыру;
11) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталығын ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды іске асырады.
1
«Заңды тұлғаның жылжымайтын мүлiкінiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» қызметін электрондық үкмет порталында онлайн алу ерекшеліктерін, қызмет құны мен уақытын көрсетіңіз.
https://egov.kz/cms/kk/services/pass077_mu_ul
Үлгі жауап:
Заңды тұлғаның жылжымайтын мүлiкінiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы электрондық үкмет порталында онлайн алуға болады. Ол үшін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы(ЭЦҚ) және электрондық үкімет порталында тіркелуі қажет.
Қызметті онлайн алу үшін:
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басу қажет.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойып (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу керек.
Қызмет құны тегін.
Қызмет көрсету мерзімі
Қызметті беруші және порталда - 20 минут ішінде. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде - 1 жұмыс күніне дейін созылу мүмкін.
2
«Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін электрондық үкмет порталында онлайн алу ерекшеліктерін, қызмет құны мен уақытын көрсетіңіз.