Лекция 11. Геодеректер қорын жобалау. Деректердің логикалық үлгісін жобалау
Геодеректер базасында нысандар байланысқан реляциялық кестелерде сақталады.
Осы кестелердің бір бөлігі кеңістіктік нысандардың жинағын көрсетеді. Басқа кестелер,
кеңістіктік нысандар арасындағы түзетуді тексеру ережелері арасындағы қатынастарды
және домендер атрибуттарын береді.
Осы құрылымды және кестелердің осы жүйесінің тұтастығын басқаруға мүмкіндік
беретін бағдарламалар бар және географиялық деректерге қатынасатын нысандар арқылы
деректердің нысанды-бағдарлық үлгісін көрсетеді.
Барлық тұтынушыларға және құрастырушылардың көпшілігіне ГДБ-ның
(геодеректер базасы) ішкі құрылысы детальдарын білудің немесе назар аударудың
қажеттілігі жоқ.
ГДҚ жобалау кез келген геодеректер базасын жобалауға ұқсас. Себебі геодеректер
базасы географиялық деректерді көрсету үшін қосымша құрылымы бар геодеректердің
реляциялық базасының данасы болып табылады.
Геодеректер базасы географиялық нысандардың кеңістіктік және топологиялық
қатынастарын көрсететін деректердің нысандық-бағдарлық құрылымдары арқылы ДБ
жобалау процесін кеңейтеді және жеңілдетеді. Осы құрылымның бір бөлігі нысандар
жинағын, өзен немесе жол тораптарын немесе жер телімдерінің жинағын интегралданған
жүйе түрінде көрсету үшін арнайы механизм болып табылады.
Деректердің реляциялық базаларының дәстүрлі жобалаулары екі негізгі сатыдан
тұрады – деректердің логикалық үлгілерін анықтау және геодеректер базаларының
үлгілерін (немесе схемаларын) физикалық қолдану.
Деректердің логикалық үлгілерін құрастырудың негізгі міндеті – қажет
нысандардың жинағын және олардың арасындағы қатынастарды нақты анықтау. Мысал
ретінде көшелерді, жер телімдерін, иелерін және құрылыстарды алуға болады. Олардың
қатынастары ретінде «...орналасқан», «...жекеменшігінде» немесе «бөлшегі болып...»
мысалға алуға болады.
Деректердің бастапқы логикалық үлгілерін құрған соң, оның тұтынушы талабына
деректерді енгізу, жаңарту және қатынасы бойынша сәйкестілігін, сонымен қатар оның
ұйымдарда қабылданған жұмыс процедурасы және істі жүргізу ережелеріне қатысты
тексеру қажет.
Логикалық жобалауда әрбір тұтынушылар топтарынан өкілдер қатысқаны дұрыс.
Бір топ үшін құрастырылған логикалық үлгіден басқа ескерілмеген тұтынушылар
тарапынан кемшіліктер шығады.
Деректердің логикалық үлгілерін құрастыру интерактивті процесс. Біртұтас «дұрыс»
үлгі жоқ, бірақ жақсы үлгілер және жаман үлгілер бар. Үлгінің қай уақытта толық және
дұрыс болатынын анықтау қиын, бірақ келесі сұрақтарға оң жауаптар бәрінің дұрыс
екенінің белгісі болып табылады. Деректердің логикалық үлгілері барлық деректерді
қосалқысыз сипаттайды ма, деректердің логикалық үлгілері ұйымдардағы істі дұрыс
жүргізудің ережелерін құптайды ма, деректердің логикалық үлгілері әртүрлі тұтынушылар
топтарының әртүрлі көріністерін ескере ме деген сұрақтар туады.
Бұрындары деректердің логикалық үлгілері мән-байланыс диаграммалары ретінде
көрсетілген. Бірнеше алдыңғы объекттік-бағдарлық үлгілерді құрастырушылар
жобалаудың әртүрлі әдістемелерін және осы схемалардағы белгілеу жүйелерін ұсынды.
Бұл әдістемелер деректер ағындары немесе деректерді пайдалану сценарий сияқты
әр түрлі аспектілерден тұрған, бірақ ER-диаграммалар проблемалары олардың сыртқы
түрлерді жобалау әдістемесіне байланысты өзгеріп тұрады.
Нысандық-бағдарлық үлгілерді құрастырушылардың көпшілігі бағдарламалық
қамтамасыздандыру және деректер қоры саласында компаниялар қабылданған нысандық
үлгілерді көрсетудің стандарттық жүйесі болып табылатын үлгілеудің типті тілін қолдана
бастады.
UML – жобалау әдістемесі емес, диаграммаларды көрсету жүйелері. Нысандық-
бағдарлық үлгілердің кез-келген әдістемесін алуға болады, және UML-ді пайдалана отырып
үлгіні стандартты тәсілмен көрсетуге болады.
|