Енгізу жүйесі – бұл деректердің алынуына жауап беруші бағдарламалы блок; оның
керек көздері бейнелерді растрлы суреттер түрінде шығаратын сканер, карталардың
сандандырылуы жүзеге асырылатын дигитайзер (сандандырғыш), электрондық теодолит
пен басқа геодезиялық құралдар сияқты әртүрлі электрондық құралдар болуы мүмкін.
Ақпаратты клавиатурадан қолмен немесе басқа компьютерлік жүйеден енгізуге болады.
Оның көздері арнайы жұмыс бекеттерінде өңделіп шығарылатын аэрофото- және ғарыштық
түсірімдер болуы мүмкін (2.2-сурет).
2.2-сурет. Ақпараттарды ГАЖ-ға енгізу көздері
ГАЖ-ды шығару жүйесі, жұмыс нәтижелерін пайдаланушыға қолайлы түрде беруге
арналған. Мысалы, плоттердің (графасалушы) көмегімен өте сапалы қара-ақ және түрлі-
түсті бейнелер – іс жүзінде даяр картаны алуға болады. Сонымен қатар әртүрлі лазерлі
принтерлер де қолданылады. Жұмыс нәтижелері дискіде жазылған бейнефильмдер, есеп
беру түрінде басылып шығарылып, желі арқылы сыртқы компьютерлік жүйелерге жіберілуі
мүмкін (2.3-сурет).
2.3-сурет. ГАЖ-дың шығару жүйесімен деректерді беру
Әдетте деректерді енгізу/ шығару мүмкіндігінің кең спектрі тек кейбір ірі ГАЖ-
дарда ғана бар. Көптеген жүйелер деректерді енгізу/ шығару варианттарының шектелген
жинағына ие. Жүйені ұстанатын құрылғылардың нақты тізімі, тұтынушы сұранысы
бойынша жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: