Қазіргі педагогикалық-әлеуметтік әдебиеттерде қарастырылып отырған «отбасы» деген қасиетті ұғымға көптеген анықтамалар берілген. Солардың барлығын топтастыра отырып мынандай анықтаманы атап өтуге болады. Отбасы - балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.