Отбасы ұғымымен неке ұғымы қатар жүреді. Неке – айрықша әлеуметтік институт, ер мен әйел арасындағы қатынастарды, олардың құқықтарын және бір-біріне және олардың балаларына қатысты міндеттерін әлеуметтік жағынан реттейтін, тарихи қалыптасқан қатынас түрі. Неке – отбасын құрудың негізі. Неке және отбасы –қандас байланыста тұратын адамдар арасындағы байланыстарды реттейтін қоғамдық қатынас түрі, алайда аталған ұғымдар бір-біріне жақын болғанымен, ұқсас ұғымдар болып саналмайды. - Қазіргі кезде отбасында жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат – балалар санасына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіріп ұлт болашағын ойлайтын азаматтар тұлғасын қалыптастыру. Әр отбасында тұлғаның негізі, өзегі қалыптасатыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |