Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


—1870 ж.ж. Орал, Торғай облыстары мен Маңғыстаудағы көтерілістер



бет27/80
Дата15.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#131814
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
Байланысты:
kazedu 201595

1868—1870 ж.ж. Орал, Торғай облыстары мен Маңғыстаудағы көтерілістер
1868 жылы желтоқсанда Торғай және Орал облыстарында отаршылдарға қарсы көтеріліс басталып, 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. 1869 жылдың көктеміңде көтерілісшілердің қаруланған отрядтары құрылады және олар басқару комиссиясына шабуыл жасап қарулы әскерлерге қарсылық көрсетеді. Көтерілісті Сейіл Түркебаев, Беркін Оспанов басқарып, олар Ембі өзенінің аумағын бақылауға алады. Көтерілісті басу үшін Мәскеу, Петербург, Харьков, Қазан әскери округінен, бекініс гарнизондарын қоспағанда 20 зеңбірегі бар 5300 адам жіберіледі. Жазалаушылар келгеңде көтерілісшілер Сағыз, Ембі өзендерінің бойына шоғырланады. 1869 жылдың 6 мамырында Жамансай шатқалында көтерілісшілер Штемпельдің 200 адамынан тұратын әскеріне шабуыл жасап, 20 мың көтерілісші 7 күндей оларды қоршауда ұстайды. Соңынан бұл отряд Калмыков бекінісіне шегінеді. Осындай шайқас Ашыбұлақ өзенінің бойыңда майор Тероговтың отрядымен де болады. 1869 жылдың наурызынан маусым айына дейін сұлтан, би, болыс басқарушыларының ауылдарына 3000 адам қатысқан 41 шабуыл жасалды. Көтерілістің қарқын алуынан қауіптенген патша өкіметі көтерілісті басуға мұқият дайындалды. Жазалау экспедициясын Орал облысының әскери губернаторы Н. А. Веревкин басқарады. Әскери отрядтың құрамыңда 1700-ден аса адам болады. Әскери қимылдар барысыңда көтеріліс басылып, оған қатысқаңдар ауыр жазаланды.
1870 жылы наурызда Маңғыстау түбегінде көтеріліс басталды. Оған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің әскерлері мен қазақтардың көмегімен адай тайпасының қазақтарына «уақытша ережені» қабылдауына мәжбүр еткен Ембі өзенінің бойына дәстүрлі маусымдық көшпелілікпен айналысуларына тыйым салуы себепші болады. Бозашы түбегіндегі көтерілісті Досан Тәжиев пен Иса Тіленбаев басқарады. 1870 жылы 15 наурызда пристав Рукиннің және қазақтардың отряды адайлықтарды жайлауға бара жаткан жерінен тоқтату үшін Құрыш шатқалына барады. 22 наурызда көтерілісшілер бұл отрядты қоршауға алады. Көтерілісшілер мен патша жазалау отрядтары арасында болған шайқаста патша әскерлері жеңіліске ұшырайды. Жарақаттанған Рукин өзін-өзі атып тастайды. Патша отрядының талқандалуы азаттық күресінің одан әрі күшеюіне себеп болады. Көтерілісшілерді балықшылар қолдайды. Көтерілісшілердің саны бұл кезде 10 мыңға дейін жетеді. 5 сәуірде көтерілісшілер Николаевск станциясына шабуыл жасап Александровск форпостын өртеп жібереді және әскери гарнизондардың құрал-жабдықтары сақталған қоймасы бар Нижнее бекінісін талқандайды.
9 сәуірде аймаққа Кавказдан граф Кутаисов бастаған әскер келеді. Мамырда Кавказдан тағы да жаңа күштер жіберіледі. Олар Атемаранск полкінің батальоны, екі атқыш ротасы, Дағыстан полкінің төрт ротасы, 200 қазақ әскері және т.б. еді. Көтерілісшілер табандылықпен қарсылық көрсеткеніне қарамастан жеңіліске ұшырайды. Көтерілістің басшылары И.Тіленбаев пен Д.Тәжиевтерді жазалаушылар отряды қудалайды. 1870 жылы олар өздерінің жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетеді. Патша өкіметі көтеріліске қатысушыларды аяусыз жазалап, соғыс шығыны ретінде адайлықтарға 90 мың қой көлемінде салык салады.
Революция қарсаңында өлкеде жұмысшылардың,шаруалардың және басқа да халық топтарының жергілікті өкімет орындарының,байлар мен өнеркәсіпшілердің озбырлығына қарсы жекелеген стихиялы бой көрсетулер болып өтті.Қазақстанда жұмысшы қозғалысы кеңейе бастады.Ереуілдер саны көбейіп,олар неғұлым бұқаралық және табанды сипат алды.1901 жылы Қарағанды кен орындарында Орынбор губерниясынан келген башқұрт жұмысшылары ереуіл жасады,олар жалақыны келісім-шарт бойынша төлеуді талап етті. Ереуілшілерді басқа да жұмысшылар –қазақтар, орыстар, татарлар т.б. қолдады.
Орынбор-Ташкент Темір жолы құрылысшыларының арасында да жұмысшылардың бой көрсетулері басталды,онда жұмыстан өз бетімен кетіп қалуға қоса құрылысшы жұмысшылардың азды-көпті ұйымдасқан бөлігі ереуілдер ұйымдастыра бастады.Бірақ нашар ұйымдастырылуы және саяси толыспағандығы себепті бұл ереуіллдер бытыраңқы,стихиялы және негізінен экономикалық сипатта болды.
Басталған орыс-жапон соғысы,оның импералистік сипаты және орыс әскерлерінің жеңілісі өлке халқы арасында патшалық режимге наразылық пен ашу-ызаның одан сайын өршуіне әкеп соқты.
Революцияның басында және 1905 жылдың күзіне дейін Қазақстанда ірі бой көрсетулер болған жоқ,өйткені жергілікті еңбекшілер патша өкіметінің 9 қаңтарда Петербургте бейбіт демонстранттарды қанға бөктіріп жазалауына ұйымшылдықпен қарсы шыға алмады.Тек Ташкентте,Омбы мен Верныйда ғана наразылық митингілері және демонстрацилар болды.Экономикалық сипатта болған жалпыресейлік қаңтар-ақпан бас көтеруіне өздерінің жұмыстас жолдастарын тартқан теміржолшылар ғана ерекше болы.
Қазақстандағы революциялық қозғалыстың айтарлықтай өрлеуі 1905 жылғы қазан-қараша айларында өтеді,ол кезде 17 қазандағы патша манифесінің жариялануы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан митингілерге,демонстрацияларға және халықтың қалың тобының басқа да бой көрсетулеріне ұштасқан болатын.
Бірінші орыс революциясы жағдайларында бірсыпыра дамыған Қазақстандағы аграрлық қозғалыс жалпы әлсіз болып қала берді және шаруалардың жекелеген бытыраңқы бой көрсетулерінің шеңберінен шықпады.
Бұл жылдары қазақтардың ұлт-азаттық діни күрес нысанына да ие болды,оның барысында Қазақстанда арнайы мұсылман діни басқармасын ұйымдастыру,мешіттер салу,діни мектептер ашу,қазақ тіліндегі мектептерде ислам дінін уағыздау.
Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік Дума майлауы да айтарлықтай рол атқарды,сайлау кезінде саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күрес өрістеді.Мемлекеттік Дума сайлауы Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдайлар талаптарымен өткізілді.Мұның өзі орасан үлкен өлкенің бүкіл қазақ халқын кемсітуге әкеп соқты.Бұл орайда өкімет органдарының озбырлығы ерекше болды,олардың басты мақсаты қазақ халқының өкілдерін патшалық ресейде алғаш рет құрылған заң шығарушы өкімет органдарына жібермеу болатын.Думада жер реформасына қатысты мәселе көтерген А.Бірімжанов болды.Алайда Думаның өмір сүруі көпке бармай таратылып жеберіп отырды.
Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін реакция кезеңі туды.Демонстрацияларға,митингілер мен жиналыстарға тиым салынды.Қоныстанушы шаруалар мен қазақ шаруаларының бой көрсетулерін басып жаншу үшін гарнизондардан казактардың жазалау отрядтары жіберілді.
Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі,патша өкіметінің аграрлық саясаты,өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне капиталистік қатынастардың енуі қазақ халқының ұлттық сана сезімінің өсуіне жеткізді.Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс біртекті болған жоқ,оған әр түрлі идеялық-саяси ағымдар қатысты,оған ұлттық зиялылардың өкілдері,Петербург,Мәскеу,Қазан,Томск және Орынбор университеттері мен училищелердің түлектері ұйытқы болды.
1911-15 жылдарда шығып тұрған Айқап журналы Қазақстандағы идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді.Оған Ж.Сейдалин,Б.Қаратаев,С.Торайғыров,Б.Майлин және т.б. қатысып тұрды.
1912 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрған Қазақ газеті либерал-демократиялық бағыт идеяларын білдірді.Онда қазақ конститутциялық-демократялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов және басқалар қызмет етті.
1910-1911 жылдарда жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуіл қозғалысы жандана бастайды.
Ресейдің дүниежүзілік импералистік соғысқа кірісуі Қазақстан еңбекшілерінің жағдайына ауыр тиді.Соғыс жылдарында салықтардың мөлшері ұлғайтылды.Шаңырақ алымы 4 сомнан 8 сомға дейін көбейтілді.Қазақ халқының жерін тартып алу жалғастырыла берді.Соғыс жылдарында егіс көлемі,мал саны азайды.1913 жылдан 1915 жылға дейін Торғай облысының қазақ тұрғындарында егіс көлемі 57 мың десятинаға жуық,ал мал саны 260мыңға кеміп кетті.Соғыс жылдарында ұлттық-отаршылдық езгі күшейді.Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар тастап,әдейі ұлтаралық араздықты тұтатты,қоныс аударған тұрғындардың үстем тобын қаруландырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты.Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады.Ер азаматттарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының д құлдырауына әкеп соқты.Оған сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірді..Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті.Патша үкіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті халықтан түйе,жылқы,сиыр жинады.Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті ьолғандығынан орын алды.
1916 жылдың алғашқы жартысынан ақ пісіп жетілген ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына ақ патшаның «соғысып жатқан армиялар ауданына қорғаныс құрылыстары мен тыс жұмыстарына Орта Азия мен Қазақстанның және ішінара Сібірдің ер адамдарын шақыру туралы» 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы себеп болды. Бұл жарлық бойынша аталған аудандардан 19 бен 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды ер адамдар алынуға тиіс еді.
Соғыстың алғашқы екі жылында ауыр шығындарға ұшыраған Ресей мемлекеті соғыс қажеті үшін еріксіз шақырылғандарды соғыс жүріп жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу, соғыс жүктерін тасымалдау жұмыстарына пайдалануды жоспарлады. Қазақстан мен Орта Азиядан 390 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мыңнан астам адам алынуға тиіс болды.
Патша жарлығына жауап ретінде Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын түгелге жуық қамтығын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі басталды. Алғашқы кезде стихиялы түрде және жергілікті сипат алған бас көтерулер көп кешікпей бүкіл өлкені қамтыған қарулы Көтеріліске ұласты. Патша жарлығы бойынша өкімет орындарындағы лауазымды адамдар, болыстар, имамдар мен молдалар, мекеме шенеуліктері, жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары тыл жүмыстарына шақырылудан босатыдды.
Бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліс Ресей империясының әскери-отаршылдық және кен көлемде орыстандыру саясатына, сонымен бірге өлкедегі бай-феодалдық басшы топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Жалпы халықтық сипат алған бұл көтеріліс елдің дағдарысы мен қайыршылануына алып келген империалистік соғысқа да қарсы бағытталды. Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық ша-руалардың кең топтары, қазақ жұмысшылары мен қолөнершілері болды. Көтеріліске сонымен бірге қазақ халқының өзге де топтары: болыс басқарушылары, байлар, сондай-ақ демократиялық интеллигенцияның өкілдері де қатысты.
Алғашқы кезден-ақ бұл көтеріліске қазақ қоғамындағы топтардың көзқарастары бірдей болған жоқ. Қазақ интеллигенциясы мен демократиялық бағыттың жұрт тани бастаған сол кездегі жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсьшов, М. Дулатов және т.б. халықты патша жарлығына қарсы шықпауға шақырды. Олар патша өкіметіне де бұл шақыруды кейінгі қалдыруды, оған тиісті дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы өтініштер де айтты. Олардың басты қаупі қарусыз халықтың патша өкіметінің жақсы жарақтанған жазалаушы отрядтарына қарсы тұра алмай босқа шығынға ұшырауы еді. 1916 жылғы қазан айындағы үндеу хатында олар «тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар» деп жазды. Олар сонымен бірге, соғыс жеңіспен біткен жағдайда ұлттық автономия құруға да үміттенді, өз елінің патриоттары ретіңде олар Ресейдің бұл соғыста жеңіске жететіңдіктеріне кәміл сенді.
Патша өкіметінің жергілікті әкімшілігіне шын берілген шенеуліктер мен бай-феодалдық топ басшыларының кейбір бөлігі патша жарлығын мүлтіксіз орындап қолдады және оны жүзеге асырушылар болды. Патша жарлығына батыл қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қайсар өкілдері халықты қарулы күреске шақырды. Көтерілісшілер қаһарына алдымен тыл жұмысына баратындардың тізімін жасаған және оны орындауға әрекеттенген болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері ұшырады. Қолдарына түскен құралдармен және ескі қарулар мен қаруланған көтерілісшілер болыс басқарушыларының, ауыл старшыңдарының кеңселері мен үйлерін өртеді, шақырылушы жастардың тізімін тартып алып жойып жіберді.
Көтерілісшілердің патша отрядтарымен қақтығыстары жиілей түсті. Стихиялық қозғалыстар бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады. Көтерілістің кең қанат жаюынан қауіптенген патша өкіметі тыл жұмысына шақыруды 15 қыркүйекке дейін кейінге қалдыруды ұйғарды. Бірақ басталып кеткен ұлт-азаттық күрестің жалынын жұбаныш сөзбен басу мүмкін болмады.
Бүкіл өлкені қамтыған көтерілістің ең ірі ошақтары Жетісу өлкесі мен Торғай облысы болды. Халық тығыз орналасқан Жетісу өлкесінде көтеріліс алғашқы күндерден бастапақ қарқын ала бастады. Аз ғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстық көлге жапсарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. 17 шілде де Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы енгізілді. 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып генерал Курапаткин тағайындалды. Бұл уакытта бүкіл Жетісу жері халық күресінің от-жалынына оранған еді.
Тамыз айының басында Ботбай, Кастек, Тайторы, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық отряды Самсы аңғарында патша өкіметінің жазалаушы отрядын қоршап алды. Қыркүйек айында Лепсі уезінде көтерілісшілердің патша әскерлерімен ірі қақтығыстары болды. Көтеріліс барысында қазақ, қырғыз, ұйғыр халықтарының патша өкіметіне қарсы бірлесіп күресу мүлделері айқын көрінді. Асы жайлауы маңындағы Албан руының көтерілісшілері ұйғырлармен, Ыстық көл қырғыздарымен және дұнғаңдармен күш біріктіріп шайқасты.
8 тамызда Ақсу жайлауында қазақ-кырғыз жиыны өтті, онда патша әскерлеріне, жалпы отарлық езгіге қарсы бірлесіп күресу туралы шешім қабылданды. Қазақ және қырғыз жасақтарының бірлескен 10 мың адамдық отряды Токмак қаласын қоршады. Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтарының бірі Қарқара аймағы болды. 1916 жылғы 11 тамызда көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап, бұндағы Кравченко бас-қарған жазалау отрядын талқандады.
Патша өкіметі көтерілісті басу үшін жазалау отрядтарымен бірге басқа да әдістерді қолданды. Ұлттық араздықты қоздыру үшін өлкедегі орыс қоныстанушыларын көтерілісшілерге қарсы айдап салды. Жетісу облысының генерал-губернаторы М.Фольбаумның бұйрығы бойынша Жетісу қазақтарынан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін оларды асығыс түрде қаруландыра бастады. Сонымен бірге, қоныстанушылар селоларындағы орыс кулактары мен шаруалары да қаруландырылды. Зор қарқын алған көтерілісті басу үшін патша өкіметі Жетісуға ірі көлемдегі әскери күш жіберуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің патша әскерлерімен ірі шайқастары Асы мен Қарқара жайлауларында, Қастек пен Нарынқолда, Шарын мен Қорамда және т.б. жерлерде болды. Мерке, Әулие ата көтерілісшілері жазалаушыларға қарсы табан тірескен шайқастар жүргізді. Күш тең емес шайқастарда көтерілісшілердің ерлік күрестеріне қарамастан Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырады. Патша өкіметі тек көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да аяусыз жазалады. Ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, 347 адам өлім жазасына кесідді, 578 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеде отыруға кесілді. Сонымен бірге, жүздеген адам сотсыз және тергеусіз атылды, жазалаушы отрядтар мен кулактардың қолынан қаза тапты. Жазалау отрядтарынан бас сауғалаған 300 мыңдай қазақтар мен қырғыздар Қытайға, Құлжаға және Қашқарияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Патша әкімшілігінің өз есептеулері бойынша. Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа, яғни, 30 пайызға кеміген. Көптеген ауылдар мен қыстақтар қираған үйінділерге айналдырылды. 1916-1917 жылдары 2,5 млн. десятина жер тартып алынып, қазақ отбасылары құнарсыз таулы аудандарға немесе Балқаш маңайындағы шөл далаға қуылды.
Торғай облысы Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің ең ірі орталықтарының бірі болды. Мұндағы өлке халқының күресі мейілінше табанды болып, ұйымдасқан сипат алды және ұзаққа созылды. Бұндағы көтеріліске қатысушылар саны 50 мыңға дейін жетті. Көтерілісті Кенесары Қасымұлы серіктерінің бірі Иман батырдың немересі Амангелді Күдербайұлы басқарды. Көтеріліске дейінақ халық мүлдесін қорғаушы және күрескер ретінде Амангелдінің аты ел арасыңда белгілі болатын. Халық жақтаушысы ретінде ол бірнеше рет патша түрмесінде отырып шықты.
1916 жылдың шілде айында көтерілісшілердің Амангелді бастаған алғашқы отряды құрылды. Тамыз айында едәуір күшке айналған көтерілісшілер Сұрша қойнауында Амангелдіні өздерінің қолбасшысы сардары етіп сайлады. Жергілікті ауылдық - болыстық әкімшілік басқаруы жойылып билік көтерілісшілердің қолына көшеді. Орта Жүздегі қыпшақ руының белгілі биі Нияздың немересі Әбдіғаппар Жанбосынов хан болып сай-ланды.
Амангелді армиясы әскерлерінің басқа көтеріліс отрядтарынан ұйымшылдығы мен тәртібі жөнінен едәуір айырмашьшығы бодды. Амангедді өз әскерлерін ондық қа, жүздік ке, мыңдық қа бөлінген ұйымдасқан, тәртіпті құрышымға негіздеді. Басқару ісі Әскери Кеңес арқылы жүргізілді. Кеңес жанындағы ұйым барлық әкімшілік мәселелерін шешіп отырды. Штаб жанындағы сот алқасы дауларды шешті және әртүрлі заңдық мәселелер-мен айналысты. Әрбір мың шаруашылыққа сайланған елбегі сарбаздар мен бейбіт тұрғындар арасындағы дауларды реттеп отырды. Салық пен көтерілісшілер үшін қажетті азық-түлікті арнайы жасақталған жасақшылар жинады.
Қараша айының ортасына қарай Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға дейін жетті. 17 қараша күні көтерілісшілердің Ақтөбе уезіндегі тобы Қарабұтақ селосын қоршайды, ал келесі күні Қожакөл маңында жазалаушы отрядқа шабуы жасайды және елеулі қарсылық көрсете алмаған патша әскерлерін кейін шегіндіреді.
22 қазанда Амангелді бастаған 15 мың сарбаз Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды. Көтерілісті талқандау үшін патша өкіметі генерал Лаврентьев басқарған 9 мың адамдық арнайы экспедициялық корпус жібереді. Жазалаушы әскери корпус қалаға үш жақтан, Қостанайдан, Актөбеден және Шалқар бағытынан шабуылдайды. Торғайға беттеген жолында жазалаушылар отряды бейбіт қазақ ауылдарын шауып тонады, қарапайым халықты қырғынға ұшыратып жазықсыз адамдарды қанға бояды.
Торғайға келе жатқан әскери корпус туралы хабардар болған Амангелді Торғай қаласын олар келгенше алуға ұмтылды. Бірақ 6 қараша күні қаланы тікелей шабуыл жасау арқылы алу әрекеті жүзеге аспаған Амангелді қаланы қоршауды тоқтатып, Түнқойма почта станциясы маңында Торғайға жақындап келе жатқан патша әскерлеріне шабуыл жасады. Патша әскерлері көтерілісшілердің ауыр соққысына төтеп беріп, бірнеше күннен кейін ғана Торғай қаласына кіре алды.
Подполковник Катоминнің жазалаушы отрядымен ауыр шайқастар жүргізген Амангелді, көтерілісшілердің негізгі күшін сақтап қалу мақсатыңда қараша айының екінші жартысыңда, өз сарбаздарын Торғайдан 150 шақырым жерге әкетіп, Батпақ қара мен Аққұм маңына шоғырландырды. Партизандық күрес тәсіліне кешкен көтерілісшілер шағын отрядтарға бөлініп, кенеттен шабуылдар ұйымдастырып, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Осындай шайқастарда Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батырдың ерлік істері көпке мәлім болды. 22 қараша күні Үлпан станциясы маңыңда көтерілісшілердің 4 мындық отряды жазалаушы әскермен соқтығысады. Әскери қақтығыстар Шошқалы қопа, Күйік қопа, Татыр, Доғал Үрпек маңыңда да болады.
Ерте жауған қар мен ерте түскен суық көтерілісшілердің соғыс қимылдарын қиындатады. Көтерілісшілердің біршама саябырлаған қимылдары 1917 жылы одан әрі жалғасып, Ресейдегі ақпан төңкерісіне ұласты. Акпан төңкерісінен кейін көтерілісшілер саны қайта өседі. 1917 жыддың соңына Қарай Амангедді Торғайды алады.
Торғай облысындағы көтерілісті патша әскерлері толық жеңе алмады, бірақ қазақ ауылдарының көтеріліс кезіндегі әлеуметтік-экономикалық Жағдайы күрт нашарлайды. Жазалаушы отрядтар тонауы мен қырғынына ұшыраған көптеген ауылдар Қытай мен Моңғолияға көшуге мәжбүр болдьі. Осы жылдары Ресей империясындағы қазақтар саны 600 мың адамға қысқарды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халкының көп ғасырлық ұлт-азаттык қозғалысыңда ерекше орын алады. Патша өкіметінің отаршыддық саясатына және империалистік соғысқа қарсы бағытталған кең байтақ өлкенің көп бөлігін қамтыған көтеріліс ұлт-азаттык және бүкіл халықтық сипат адды. Көтеріліс жеңілгеннен кейін патша өкіметінің отаршыл әкімшілігі қазактарды тыл жұмысына шақыруды күштеп жүргізді. 260 мың адамды еріксіз тыл жүмысына айдап әкетсе, 10 мың адамды өлкедегі өнеркәсіптік және әскери жүмыстарды істеуге қалдырды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жеңілуінің басты себептері оның бытыраңқылығы мен ұйымшылдықтың жеткілікті болмауы еді. Ұлттық демократиялық интеллигенция қатарыңда да бірлік болмады. Сонымен бірге, көтерілістің біртүтас басшылығы мен ұйымдық орталығы да жоқ еді. Жеңіліске ұшырағанына қарамастан 1916 жылғы көтерілістің Қазақстан тарихындағы маңызы зор және бұл көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің құрамды бөлігі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет