Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет52/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
лекция микроб

Морфология. ECHO вирусының мөлшері: 10-15 мм.
Антигендік қасиеті. 32 серологиялық типі бар.
Қоршағаи орта факторына төзімділігі, инфекция көзі, таралу жолдары полиомиелит вирусындай.
Патогенез. Вирус ECHO көптеген аурулар қоздырады: серозды менингит, энтеровирусты қалтырау, миокардит, т.б.
Алдын - алу шаралары. Жалпы санитарлық шаралар.
Арнайы шаралары жоқ.
Емі. Симптоматикалық
Вирусологиялық зерттеу әдістері - полиомиелит вирусындай.
Гепатит қоздырғыштары.
Вирустық гепатит өте ертеден белгілі. Гиппократ аурудың жұқпалы екенін анықтаған. 1883 жылы орыс дәрігері С.П.Боткин ұзақ зерттеулерден кейін бүл инфекциялық ауру екенін дәлелдеген. Боткиннің қүрметіне бұл ауруды "Боткин ауруы" деп атаған. Соңғы кезде вирусты гепатит 2 бөлек ауру екені дәлелденген. Гепатит А -вирустық, гепатит В - сарысулық.
Гепатит "А" вирусы

1973 жылы Фейстон аурудың нәжісінен электронды микроскоппен анықтаған.


Морфология. Бұл ұсақ вирус - 20 - 25 нм. Нуклеин қышқылының типі түпкілікті анықталмаған, бірақ РНК - ден тұрады деп болжанған. Түрі куб тәрізді, ол нуклеоидтан және сыртқы қабықшадан тұрады.
А вирусын HAV деп атайды (hepatitis A virus)
Культивирлеу. Тірі ағзада культивирлейді.
Антигендік құрылымы. Гепатит А вирусының серотиптері анықталмаған.
Қоршаган орта факторына төзімділігі. Гепатит А вирусы қайнатқанда 30 - 40 минуттан кейін белсенділігін жояды. Төмен температураға, кептіруге, қышқылдардың, эфирдің әсеріне төзімді. Ультракүлгін сәулесі оларды бұзбайды. Дезинфекциялаушы ертінділер 40-60 минуттан кейін өлтіреді.
Жануарлар қабылдаушылығы. Гепатит А вирусына маймылдар (шимпанзе) сезімтал.
Инфекция көзі. Клиникалық саргайған және сарғаймаған түрімен ауырған аурулар.
Таралу жолдары. Гепатит А вирусы тамақ арқылы жұтады, таратушы шыбындар. Вирус аурудың алғашқы күндері жүғады.
Патогенез. Вирус ішек - қарын жолының кілегей қабаты аркылы енеді. Ішек - қарын жолынан вирус ішектің кілегей қабатынан қанға өтеді, вирусемия пайда болады. Қанмен вирус бүкіл ағзаға тарап, паренхиматозды мүшелерді зақымдайды. Көбінесе вирус бауыр клеткілерш бұзады, оның цитоплазмасында көбейеді, одан белок және көмірсу зат алмасу процессі бұзылады. Қанда өт қышқылдары пайда болып, нэжіс түссізденеді, зэр қараяды. Көмірсу зат алмасуының бұзылуынан сарысуда ферменттер көбееді: альдолаза жэне трансфераза.
Гепатит А вирусымен көбінесе балалар 1 жастан 15 жасқа дейін ауырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет