Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет49/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Микроскопиялық зерттеу. Кейбір вирустық инфекцияларда клетканың цитоплазмасында және ядросында диагностикалық маңызы бар арнайы клеткаішілік қосымша - денелер анықталған (Бабеш-Негри денесі құтыруда, шешекте Гварниери денесі). Вирустың үсақ бөліктерін жэне қосымша денелерді иммерсиондық микроскоппен жасанды түрде үлкейтіп көреді (жағындьшарда Морозовтың күмістеу әдісімен). Ұсақ вириондарды электрондық микроскоппен көреді. Клеткаішілік қосымша денелерді кейбір авторлар вирустардың жиынтығы деп, кейбіреулер клеткінің вирустың енуіне әсерлестігі деп қарайды.,
Вирустар генетикасы.
Вирустар модификациясы (түқымқуаламайтын өзгерістер) вирустар көбеетін қожайын клеткісінің ерекшеліктерімен байланысты. Модификацияланған вирустар өздері өзгерген клеткілерді жұқтыруға қабілетті.
Вирустар мутациясы - бактерияларда мутация тудырған мутагендердің әсерінен болады (физикалық жэне химиялық факторлар). Мутация вирустардың әртүрлі қасиеттеріне байланысты болады.
Вирустардың генетикалық рекомбинациясы. Қожайын клеткасының бір мезгілде 2 вируспен жұқтыруына байланысты және 2 вирустың генінен тұратын рекомбинаттар құралады.
Вирустар генетикасының инфекциялық процесстерде маңызы
зор. Қоршаған орта факторына төзімділігі. Көптеген вирустар жоғары температураның эсерінен белсенділігін жояды. Кейбір вирустар, мысалы, гепатит вирусы температураға төзімді. Томен температураға вирустар сезімтал емес. Ультракүлгін сәулесі
вирустардың белсенділігін жояды. Вирустар глицеринге төзімді, сондықтан глицеринде көпке дейін сақталады. Олар антибиотиктерге төзімді. Қышқылдар, сілтілер, дезинфекциялаушы ерітінділер вирустардың белсенділігін жояды. Кейбір вирустар өзінің иммуногендігін сақтайды, сондықтан вакцина алуда пайдаланылады.
Жануарлар қабылдаушылығы. Құтыру вирусына көптеген жануарлар сезімтал. Кейбір вирустар тек бір түрлі жануарды зақымдайды; мысалы, иттің оба вирусі тек иттерді ғана зақымдайды. Кейбір вирустарға жануарлар сезімтал емес, мысалы: қызылша вирусы. Вирустар белгілі бір мүшені, тінді, жүйені зақымдауға қабілетті. Мысалы: құтыру вирусы нерв жүйесін, шешек вирусы теріні зақымдайды.
Вирустардың қоршаған ортаға бөлінуі. Ауру ағзадан вирустар нәжіс арқылы бөлінеді, мысалы: полиомиелит вирусы, т.б. энтеровирустар. Күлыру вирусы сілекеймен, түмау вирусы мұрын жұтқыншақ шырынымен т.б.
Вирустардың таралу жолдары. Ауа - түйіршіктері (тұмау, шешек), тамақ арқылы (полиомиелит, гепатит А), тұрмыстық - жанасу (құтыру), трансмиссивті (энцефалит).
Вируске қарсы иммунитет. Адам организмінің кейбір вируске қарсы туа біткен түрактылығы болады, Мысалы: адам ит обасына сезімтал емес. Жануарлар қызылша вирусына сезімтал емес. Вируске қарсы иммунитет арнайы және арнайы емес факторлармен және клеткілік, гуморальдық қорғаныс факторларымен байланысты.
Бейарнамалы факторлар. Белокты зат - интерферон. Сау ағзада ол аз мөлшерде болады, вирустардың әсерінен олар көбейеді.
Арнайы факторлар - вирусты нейтралдаушы қарсы денелер, гемагглютинациялайтын жэне преципитаттайтын қарсы денелер.
Вирустарды культивирлеу әдістері. Вирустар тек тірі клеткілерде ғана көбейеді. Оларды тауық эмбрионында, адамның және жануарлардың тіндерінде культивирлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет