Ф.7.04-35
SILKWAY халықаралық университеті
«Информатика және математика» кафедрасы
ЛЕКЦИЯ КЕШЕНДЕРІ
Аналитикалық геометрия пәнін оқыту әдістемесі
Мамандығы 5В010900 Математика
Кредит саны 4
Құрастырушы: аға оқытушы Кыдырбаева А.С.
Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к. Жидебаева А.Н.
Шымкент, 2019
1 апта
1 лекция
ВЕКТОРЛЫҚ АЛГЕБРА ЭЛЕМЕНТТЕРI.
§1. Векторларды қосу, азайту және санға көбейту.
Оң бағыты көрсетiлген түзу ось делiнедi. Осьтiң кез келген екi нүктемен шектелген бөлiгi кесiндi болады. Оны түрiнде белгiленедi. Егер кесіндінің ұштарының берілген реті есепке алынатын болса, кесіндісі бағытталған кесінді деп аталады
Математика, физика, техникада қолданылатын шамалар екi топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа өзiнiң сан мәнiмен толық анықталатын шамалар, екiншi топқа толық анықтау үшiн сан мәнiмен қатар бағыты қажет болатын шамалар жатады. Олардың бiрiншiсi скалярлық, екiншiсiн векторлық шамалар дейдi. Геометрияда векторлық шамаларды бағытталған кесiндiлермен кескiндейдi.
Сонымен, геометриялық вектор қай ұшы бастапқы, қай ұшы соңғы нүктесi екенi көрсетiлген кесiндi. Векторлардың бастапқы нүктесi – оның басы, соңғы нүктесi – ұшы делiнедi және бағыты басынан ұшына қарай алынады. Оны екi әрiппен былайша немесе бiр әрiппен былайша ,… белгiлейдi. Сызбада вектордың ұшына стрелка қойылады.
Басы мен ұшы беттескен вектор нөлдiк вектор делiнедi де, арқылы белгiленедi.
Бiр түзуде немесе параллель түзулерде жататын векторлар не бағыттас , не қарама-қарсы бағытта болады.
векторларының ұзындығы немесе модулi деп, оны кескiндейтiн АВ кесiндiсiнiң ұзындығын айтады және оны немесе жәй ғана
Достарыңызбен бөлісу: |