Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІЛІГІ



бет37/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІЛІГІ
Қазіргі кезде балалардың тұтығуын түзету үшін логпедиялық іс-әрекеттердің бірнеше әдістері бар. Бірақ оны бәрі-бір ғана мақсатқа бағынады: ол балаларды тұтығусыз еркін, дұрыс сөйлей білуге тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді іске асыру үшін сабақтың алғашқы күндерінен бастап, оқудың соңына дейін тұтыөпа еркін сөйлей алатын жағдайға жеткізу үшін жүйелі жаттығулар системасы қажет.
Сабақты бірте-бірте күрделендіре отырып, балалардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен, тұтығуды жою үшін барлық сабақтар негізгі дидактикалық принциптің кезектілігііне және жүйелілігіне бағынуға тиіс.
Тұтығатын баланың мүдірмей сөйлеуін қамтамасыз ететін сабақтардың кезектілігі неден тұрады. Баланың күннен-күнге тұтықпай, еркін сөйлеуіне жағдай туғызатын сабақтың жүйелілігі қалай жүзеге асырылады?
1958 жылы Р.Е.Левина тұтығатын балаларда сөйлеудің қатынас қызметін дамыту идеясын ұсынады және жаттанды сөйлеудің тиімсіздігін дәлелдейді.
Н.А.Чевелева 8-9 ай ішінде балаларды мүдірмей еркін сөйлету үшін сөйлеудің жеңіл /ситуативтік/ түрінен контексті сөйлеуге дейін тәрбиелей алатын сабақтар системасын жасады. Тұтығатын балалардың сөйлеу тілінің дамуы осындай жүйелілікпен жүруі тиіс. Ол үшін заттардың немесе іс-әрекеттердің, көрнекілігі міндетті түрде қажет. Өйткені балалар көз алдындағы заттарды атап, әректтерді айтып беруге қиналмайды. Қажетті сөзді таба алмай қиналған жағдайда сілтеу есімдіктерін қолданады. /Мысалы, бұл, анау, сондай т.б./. Мұнда тұтығу байқалмайды. Көрнекілікті бірте-бірте азайта отыры, балалардың сөйлеуін күрделендіруге болады. Сөйтіп көрнекіліксіз – ақ контексті сөйлеуді қолдану қабілетін дамытуға болады.
Тұтығатын балалардың өз бетімен байланыстырып сөйлеуінің даму жүйелері қарапайымнан күрделіліге қарай құрылуы тиіс. Алғашқы сабақтардан бастап-балалар логопедтің сұрақтарына жай және қысқа сөз тіркестермен жауап береді. Ойыншықты түрлі заттардығ геометриялық формалары, олардың үлкендігі түсі; әртүрлі іс- әрекеттері аталады. Мысалы, мынау, машина т.б.
Одан соң балалар заттар мен орындалған іс-әрекеттің көрнекілігі бойынша кең таралған жай сөйлемдермен жауап береді. Мысалы, соңында балалар балалар логопедтің қиын сұрақтарына жауап бере отырып, тұтықпай сөйлей алатын қабілетке ие болады.
Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дамуының мұндай кезектілігі мен жүйелілігі баланың қажеттігі сөздерін оңай және жылдам табуына, ойын құруына, мүдірмей сөйлеуіне жағдай туғызады. Бұл жүйелілік принципі басқа да көптеген әдістерді пайдалан отырып сабақ жүргізгенде ескеріледі.
Логопедиялық сабақтар «Бала-бақшадағы тәрбие мен оқытудың бағдарламасымен және жалпы күн тәртібіндегі жағдайлармен /процестермен/ байланысты болу керек.» Жоғарыда айтылғандай, балалардың өз бетімен байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін мынандай жағдайлар жасау қажет. Алдымен көрнекілікті кеңінен пайдаланып, кейінірек оларды бірте-бірте азайтуға мүмкіндік беру және мектепке дейінгі нақты көрнекіліксіз –ақ ойын анық жеткізуге дағдыландыру қажет. Мұндай қолайлы жағдайларды барлық балабақшаға арналған бағдарламаның негізгі бөлімдерін оқыту кезінде жасауға болады. / «Сөйлеудің даму» ,«Айналамен танысу» т.б./.
Бейнелеу әректі кезінде /қағаздан, картоннан және басқа материалдардан құрау, дайын қиындылардан аппликация жасау, саз балшық пен пластилиннен жасау, қарындашпен, бояумен сурет салу/ балалар заттарды көреді. Заттарды өз қолымен жасауға қатысады; сосын сол туралы осы жүйелікпен әңгімелейді. Сондықтан бейнелеу сабақтарының бағдарламасын логопедиялық сабақтардың алғашқы кезеңінен бастап толық және ешқандай өзгеріссіз ретімен қолдануға болады.
Тұтығуды түзету үшін арнайы сабақтармен қатар күн тәртібіне қатысты-сабаққа дайындық, топтағы кезекшілік, серуенге шығуға дайындық т.б. кезеңдерді пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет