Лекция концерт. Тақырып: «Дина Нұрпейсованың шығармашылығы мен өмір баяны»



бет2/2
Дата02.07.2018
өлшемі0,49 Mb.
#45341
түріЛекция
1   2

Қорытынды: « Ой жинақтау»

Мұғалім: - Ал енді оқушылар бүгінгі сабақта не үйрендік, не білдік, бәрін естеріңе түсіріп, қортындылайық, менің қолымдағы мына карточканың 1- жағында сұрақ, 1- жағында домбыраның суретінің бір бөлігі бар. Алдымен сұраққа жауап береміз де, домбыраның суретін құрастырамыз.

Сұрақтар:

1.Дина неше жасында қолына домбыра ұстады? Дина тоғыз жасында күйшілік өнерді еркін меңгерді.

2.Дина кім ? Дина Нұрпейісова әйгілі күйші, Күй атасы Құрманғазының батасын алған төл шәкірті.

3. Динаның ұстазы кім? Күй атасы- Құрманғазы.

4. Динаның туған жері. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Бекетай деген жер.

5.Динаның қандай күйлері бар? « Әсем қоңыр», «Жеңіс». «Еңбек ері»

«Сауыншы», « Байжұма», «Той бастар», « Көгентүп», « Кішкентай», «1916 жыл».

6. « Той бастар»күйі қандай күй? Құрылымы жағынан төкпе күй, арнау күйдің түріне жатады.

7. Дина қандай күйшілердің күйін орындап « домбырашы қыз» деп атаған?

Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсан сияқты күйшілердің күйін орындап домбырашы қыз атанған.

8. Динаның туған жылы. Дина 1861 жылы дүниеге келіп, 1955 жылы қайтыс болған.

Мұғалім: Міне, оқушылар қазақтың қасиетті де, қадірлі аспабы домбыраның суретін құрастырдық.



Міне балалар бүгінгі Дина апамыз туралы лекция концертіміз осымен аяқталды.Барлықтарыңа белсене қатысқандарың үшін рахмет.Сау болыңдар!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет