Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет14/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Пісіру түрлері. Пісіріп қосудың негізгі түрлері мен тәсілдері 18-кестеда берілген. Сұлбадан пісірудің негізгі түрлері-металды қатты күйінде деформациялау арқылы қысыммен пісіру, ал қосылатын жапсарды электр тогының, жанғыш газдың немесе химиялык реакцияның жылуы көмегімен болатын балқытып пісіру екендігі көрсетілген. Тұткырлығы жоғары металдарды пластикалық пісіруде қалыпты температурада қыздырудың көмегінсіз, қысыммен ғана пісіріледі. Ал тұтқырлығы аз металдарды пластикалық күйге жет­кенше алдын ала қыздырады. Пісіру түрлерін таңдап аларда алдымен металдың пісірілгіштігі, яғни оның берік қосылыс түзей алатын қабілеті ескеріледі.


а, б – жиектерін қисатпай түйістіру, в – жиектерін V әрпі тәрізді қисайтып түйістіру, г – жиектерін Х тәрізді қисайтып түйістіру, д, е - жиектерін Ү әрпі тәрізді қисайтып түйістіру, ж, з – таврлы әдіспен қисатпай түйістіру, и – бұрыштық қосу, к – айқастыру арқылы электрмен тойтару (электрозаклепка), м, нойып пісіру, о – жиектерін қаусыру
74 – сурет. Доғалық пісірумен орындалатын пісіру жапсарлары мен қосылыстарының түрлері.


Металдың пісірілігіштігі олардың химиялық құрамы мен физикалық қасиетіне байланысты болады. Өз ара балқығыштығы жақсы, жылу өткізгіштігі жоғары, аз отырылатын және сызықтык ұлғаю коэффициенті аз металдар жақсы пісіріледі.
Шойынның пластикалық қасиеті төмен болғандықтан оны пісіру жапсарын балқыта отырып пісіреді. Құрамында көміртегі аз болатын болаттар (С<0,25%) кез келген әдіспен жақсы пісіріле береді. Болатта көміртегінің мөлшері көбейген сайын (0,3 пайыздан астам) болаттың пісірілу қабілеті кеми бастайды, өйткені жапсар аймағында шынықтыру жарықшактарының пайда болуына бейімділік туа бастайды.
Фосфор мен күкірттің болуы пісіру жігінін беріктігін кемітіп, морт сынғыштығын арттырады. Болатта олардын тым аз болғаны жөн.


75 – сурет. Контактілі түйістіріп пісірудің сұлбасы


Пісіру жапсарының беріктігін металл жапсарын марганец, кремний және басқа элементтермен легірлеу арқылы арттыруға болады. Құрамында 0,7 пайызға дейін марганец бар болаттың пісірілгіштігін арт­тырады, ал кремний қышқылдандырғыш болғандықтан болат құрамына оның 0,25 пайызға дейінгі мөлшері ғана қосылады.
Легірленген болатты пісіргенде қосылу беріктігі оның жылу өткізгіштігінің жоғары болмау салдарынан кемиді: Жоғарғы тем­пература тек қыздырылған орынға шоғырланады, бұл кернеудің болуын туғызады, ал кейде жарықшақтың пайда болуына әкеліп соғады. Пісіру жапсар беріктігінің нашар болуы, сондай-ақ легірленген болаттың қызғаннан кейін ауада салқындатқанда шынықтырылу қабілетінен пайда болуы мүмкін.
Сондықтан легірленген болаттарды пісіруде осы құбылыстарды болдырмас үшін бұйымды пісіру алдында пісіру режимін қатал орындау қажет және бұйымды пісіруден кейін термиялық өңдеуден өткізу қажет.
Пісіру қосылыстары түрліше болады. Доғалық пісіру кезінде жіктер мен жапсарлардың негізгі типтері 75-суретте көрсетілген.
Пісірілетін бұйымда жапсардың орналасуына қарай жапсарлар төменгі, горизонталь, вертикаль және төбелік болып бөлінеді, әсіресе төбелік жапсардың пісірілуі қиын болады.


11.2.Қысыммен пісірудің түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет