Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет2/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Теория 2

асозғанға дейінгі құрылым, б – бірінші созудан кейінгі құрылым,
в – көп рет созудан кейінгі құрылым
48 – сурет. Өткізе созуда құрылымның өзгерісі.


Құйма металдарды қысыммен ыстықтай өңдеу олардың қасиеттерін жақсартуға көмектеседі: металдың химиялық құрамы біркелкірек болады;
металдың құрылысы ұсақ түйірлі болып шығады;
қуыстар мен газ көпіршіктері пісіріліп, бітеліп, металл тығыздалады.
Сонымен қабат қысыммен ыстықтай өңдегенде металдардың механикалық қасиеттері әр түрлі бағытта бірдей болмауы мүмкін (айқын анизотоптық), осының салдарынан талшықты құрылым пайда болады.


1 – теріс, 2 – дұрыс
49 – сурет. Болаттан (а), шығыршық пен тісті дөңгелекті (б) соғып жасағаннан кейінгі металл талшықтарының орналасуы.


Талшықты құрылыс металды созғанда түйірлердің ұзаруының нәтижесі және ол созу бағытындағы сынықка қарағанда оңай байқалады (48-сурет). Металл құрылымының бұл ерекшелігі созудың бойымен және көлденең бағытта механикалық қасиеттердің бірдей еместігін туғызады. Қысыммен өңдеуде талшықтардың орналасуын ескеру өте маңызды. Бұйымға салынатын күш талшық бойымен емес, көлденең бағытталатындай ету қажет. Бұл шарттарды сақтамау соғып жасалған бұйымдардың соққыға тұткырлығының кемуіне әкеліп соқтырады.
40-суретте әр түрлі дайындамаларды өңдегеннен кейін талшықтардың дұрыс және теріс орналасуы көрсетілген.


9.2.Қысыммен өңдеуде металдарды қыздыру
Қыздыру құралдарына мынадай негізгі талаптар қойылады: қыздырылып жатқан металдың температурасы кез келген уақытта белгілі болуға тиіс. Қыздырылатын дайындамалар жалынның тотықтырғыш әсерінен оқшаулануы қажет; қыздыру бірте-бірте және бір қалыпты жүргізілуге тиіс.
Осы талаптарды орындағанда металда өте тез және ала-құла қыздыкенн туатын ішкі кернеулерді болдырмауға; әрбір металл үшін қажетті температура мөлшерін ұстауға және онымен аса күйдіру мүмкіндігін болдырмауға; дайындамалардың бетін тотығып, бүлінуден сақтауға мүмкіндік туады.
Д айындамаларды қыздыру үшін жалынды пештер, методикалық пештер, қыздыру құдықтары, электр пештері қолданылады. Жалынды пештер қатты, сұйық және газ тәріздес отындармен жұмыс істейді. Мұндай пештерде жұмыс кеңістігінің көлемі аса үлкен емес, көлемі шағын дайындамаларды қыздыруға болады.

1 – итергіш, 2 – тиеу терезесі, 3 – түсіру терезесі


50 – сурет. Методикалық қыздыру пеші.


Прокат өндірісінде металл методикалық пеште немесе қыздыру құдығында қыздырылады. Методикалық пештің түрі ұзынша болады (50-сурет). Дайындамалар итергіш құралдың көмегімен тиеу терезесі арқылы жанған газ ішіне кіреді және пештің еденімен бірте-бірте жылжи отырып, терезеден 3 түсіру кезіне белгіленген температураға дейін қызады. Бұл тәсілде дайындамаларды қыздыру процесі автоматтандырылған.


Методикалық пештерде қыздыру бірте-бірте бір қалыпты жүргізіледі және қызған дайындамалар үздіксіз шығарылып отырады. Пеш неғұрлым ұзын болса, жылу соғұрлым толық пайдаланылады.
Ауыр салмақты құйма кесектері, мысалы, құрылыс, рельс және басқа прокаттары қыздыру құдықтарында қыздырылады. Бұларда бұйымдарды түсіру, сондай-ақ оларды шығарып алу төбедегі қақпақ арқылы жүргізіледі.
Қыздыру пештерінде дайындамаларды түсіру, орын ауыстыру, шығарып алу механикаландырылған.
Ең жақсы қыздырғыш құралдар — камералық және методикалық типті кедергілі электр пештері болып табылады.
Бұларда дайындамалар жалынды пештерден гөрі бірнеше есе тезірек қыздырылады. Әдетте электр пештер температураны реттеп отыру үшін приборлармен және пеш ішінде бұйымдарды жылыту үшін конвейрлермен жабдықталған. Мұнда қыздыру процесін механикаландыру мен автоматтандыруға толық мүмкіндік бар.
Қыздырудың үдемелі әдістері — электрмен қыздырудың индукциялық және контактілі әдістері болып табылады. Электрмен қыздыруды қолдану дайындамаларды ұста және пресс цехтарында автоматтандыруға мүмкіндік береді. Металдарды қысыммен өңдеудің негізгі түріне — прокат, тартып созу, еркін соғу, престеу, штамптау жатады.


9.3. Прокат
Прокат операциясында металл прокат стандарының айналып тұратын біліктері арасында қысып сығылады.
Прокат — металдарды қысыммен өңдеудің ең жаппай тараған әдісі. Металлургия зауыттары шығаратын прокатталған металдардың мөлшері еліміздегі металл өнеркәсібінің даму дәрежесінің ең мадызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Прокат арқылы рельстер, алуан түрлі қималы құрылыс арқалықтары, әр түрлі қалыңдықтағы табақ темірлер, шыбық материалдар, құбырлар, яғни өнеркәсіптің, құрылыстың, транспорттың көптеген түрлерін дамытуға арналған негізгі өнімдер жасалады.
Прокат сұлбасы 51 – суретте көрсетілген.


51 – сурет. Прокат процессінің а – табақты прокаттау, б – күрдел сұлбасы қиманы прокаттау
52 – сурет. Металдыпрокаттайтын біліктер:


Сұлбада көрсетілгендей, бір-бірінен һ (саңлау) қашықтықта орналасқан екі жұмыр білік әр түрлі жаққа айналып, қалыңдығы Н дайындаманы үйкеліс арқылы қысып суреттегі стрелка бойымен жылжытады. Біліктер арасынан өту процесінде дайындаманың Н биіктігі һ мөлшеріне дейін кішірейеді де, ұзарады. Н һ шамасы сығылудың абсолюттік шамасы деп, ал қатынасы – сығылу дәрежесі, немесе салыстырмалы сығылу деп аталады.
52-суретте табақтарды және профильдерді прокаттайтын біліктер көрсетілген.
Станинаға орнатылған біліктердің тобы буын деп атайтынды құрайды.
Арнаулы қосалқы қондырғымен өз ара байланыстырылған бірнеше буын прокат станы болады.
Стандар жасалатын өнімдердін түріне қарай табақ прокаттары (табақтар жасау), сорт прокаты (арқалық, шыбық, полоса жасау), труба прокаттары (құбырлар жасау) рельс-арқалық және арнау­лы прокаттарға бөлінеді.
Прокат стандары, сондай-ақ металдың ыстықтай немесе суықтай күйінде өңделуіне қарай да бөлінеді.
Прокат стандары біліктердің санына қарай екі білікті, үш білікті, көп білікті болады. Егер прокат ерсілі-қарсылы бағытта жүргізілетін болса стандар реверсивті деп аталады.
Соңғы жиырма жыл ішінде совет конструкторлары жоғары өнімді және жылдамдығы үлкен көптеген прокат стандарын жасап шығарды. Жұқа лента
прокаттауға арналған стан секундына 35 метрге дейін дайын өнім бере алады. Мұнда металл 125 км/сағ. жылдамдықпен, яғни ең жедел поездың жылдамдығымен жылжып отырады.
Ірі құймаларды алдын ала сығымдауға арналған үлкен қуатты прокат стандары блюмингтер және слябингтер деп аталады. Біліктердің диаметрі 840—1150 мм келетін блюмингтер қимасы 140Х140—450X450 мм сығылған құймалар түрінде өнім алуға мүмкіндік береді. Сығылған шаршы қималы мұндай құймалардың (блумстардың) салмағы 10—12 тоннаға дейін және одан да артық тартады.
Қалыңдығы 250 миллиметр және ұзындығы 5 метрге дейін жазық дайындамаларды прокаттауға арналған қуатты стандар сля­бингтер деп аталады. Блюмингтердін де, слябингтердің де өнімділігі өте зор — олар жылына 1,5—2 миллион тонна құйма өткізеді.
Үлкен кесек құймалар алудың қажеттігі металды тұтынудың күн санап өсуімен және соған (байланысты мартен пештерінің көлемін ұлғайтуға мәжбүр өтетіндігімен түсіндіріледі, ал болатты үлкен пештерден ұсақ ұяларға құю қиынға соғады және экономика жағынан тиімсіз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет