Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет20/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Теория 2

Металды электр ұшқынымен өңдеуді совет ғалымдары Б. Р. Лазаренко мен Н. И. Лазаренко ашты. 1943 жылдан бастап бұл әдісті өндіріске пайдалану ұсынылды. Бұл әдіс диаметрлері өте кішкентай және әр түрлі формалы тесіктерді жасауда, штамптар дайындауда, кездері тар саңлаулар мен торларды жасауда және аспаптардың беттерін нығайту үшін таңбалағыштардың, винттердің, шпилкалардың, болаттардың сынықтарын тесіктерден шығарып алу үшін, және электрмен басу, электрмен жазу және басқа түрлі жұмыстарға қолданылады.
Электр ұшқынымен өңдеу әдісі электрлік эррозияға, яғни электр ұшқынының разрядымен әсер еткенде металдың бетінің бұзылуына негізделген.
Аспап пен біз өңдегелі отырған бөлшекға белгілі бір күші мен кернеуі бар тұрақты ток көзі қосылады. Бұл жағдайда аспап пен өңделетін бөлшек электродқа айналады. Егер аспапты (катод) бөлшекға (анод) жақындастырсақ, онда белгілі бір қашықтықта (соққы саңлауы) электр өрісінің әсерімен электрондар бөлініп шыға бастайды. Бұл кішкентай аралықта (шамамен 0,05 мм кернеуі 220 в сыйымдылығы 300—400 мкф) едәуір мөлшерде электрді өзімен бірге алып жүретін интенсивті электрондар ағыны пайда болады. Электр шоғырында кез келген металды сұйық бөлшектер турінде атқылап буға айналдыратын, балқытатын өте жоғары температура пайда болады.
Электрод-бұйымдардан разряд күшімен жұлынып алынған ме­талл бөлшектері электрод-аспапқа тиіп, оның формасын бұзбас үшін, ұшқын жүретін аралық А сұйықтармен (керосин, май) толтырылады. Сұйық орта ұшып келе жатқан металл бөлшектерін тоқтатып, оларды өңдеу аймағынан шайып кетеді. Әрбір разряд электрод бұйымнан белгілі бір металдар ұнтақтарын жұлып алады және олар разряд кезіндегі электр энергиясының мөлшеріне бай­ланысты болады.
Ұшқын разрядтарының интенсивтігі мен ұзақтығы токтың купи­не, сыйымдылыққа, ток көзінің шамасына, кернеуге, электрод материалдарының құрамына (аспап — катод, бөлшек — анод), аспап пен бөлшекдар арасындағы ұшқын жүретін аралықтағы жұмысшы ортасының құрамы мен күйіне байланысты өзгеріп отырады.
Сыйымдылық энергияны жинап, оларды аз уакыттың ішінде күшті ұшқынды разряд түрінде шығару үшін қолданылады. Метал­дарды электр ұшқынымен өңдеу тәсілінде пайдаланылатын сыйымдылық шамасы 0,25-тен – 600 мкф-ға дейін болады. Ток күші мен кер­неу өңдеу түріне байланысты алынады (0,2 ден 300 а-ға, 10 нан 220 e-ға дейін). Сыйымдылықтың, ток күшінің, кернеудің азаюынан өңдеу сапасы артады.
Тесік жасаушы электр ұшқынды ста­ноктың жұмыс істеу принциптері төмендегідей (172-сурет): Өңделетін затты 2 үстелге 5 және 7 тұтқа арқылы бекітеді, ал электрод (аспап 3 бөлшекдағы тесілетін тесіктің тұсына дәлденіп қойылады. Онан кейін тұтқаны 9 бұрай отырып, бөлшек сұйыққа


172 – сурет. Тесуге арналған электр ұшқынды станоктың жалпы көрінісі


(керосинге) еніп көрінбегенше 1 бакты көтереді. Міне, осыдан кейін станокка жұмысқа қосып 4 тұтқамен электрод-аспапты 3 бірінші разряд пайда болғанға дейін төмен түсіреді. Кейінгі өңдеу автоматты түрде жалғасады. Тесу жолдары прибор 6 арқылы бақыланады. Өте аз диаметрлі тесіктерді электр ұшқын әдісімен өңдеу өте пайдалы, үнемді. Мысалы, Ленинградтың В. В. Куйбышев атындағы карбюратор зауытында диаметрі 0,15 мм тесікті өндеу үшін 25 секунд уақыт кетеді, ал бұрын механикалық бұрғылаумен өңделуге 2 минут уа­қыт кететін. Сондай-ақ өте кіші диаметрлі тесіктерді бұрғымен тесу өте қиын. Себебі бұл жағдайларда бұрғының айналу жылдамдығы минутына 60 000 болу керек.
13.2. Электрлі түйісу және электр импульсті өңдеу
Электрлі түйісу әдісімен металдарды бұрғылау, кесу және ұштау. Бұл әдістер электр кедергісі жоғары тізбектен атап айтқанда контакт арқылы электр тогы өткен кезде бөлінетін жылуды пайдалануға негізделген.
Екі металл электродының — кесуші дискімен 1 кесілетін металдың 2 азғана қысыммен жанасуы (173-сурет) кесу орнында (кон­такт) жоғары ауыспалы кедергінің пайда болуына әкеп соғады Сол жерден өткен ток металды қыздырып, балқытып кесуді жеңіл­детеді. Ал кескіш дискнің (аспаптың) балқып кетпеуі үшін 40—50 м/сек оған айналу жылдамдығы беріледі немесе суытады. Осы айтылған электр контактілі жылу шығару құбылысы металл өңдеудің технологиялық операцияларында (кесу, фрезерлеу, ажар­лау, қайрау, тесу және т. б.), сондай-ақ басқа да тегістеу опера­цияларында қолданылады.


1 – кесу дискісі, 2 – дайындама, 3 - сұйық
173 – сурет. Электр контактісімен (а) және электр ұшқынымен (б) металдарды кесу сұлбасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет