Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет8/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Темір табақтарын штамптау. Болат, жез, мыс, алюминий қорытпалары және басқаларынан конструкциясы күрделі бөлшекдар алу үшін темір табақтарын суық күйінде штамптау кең өріс алып отыр.
Темір-штампты жұмыс операциясы әр түрлі болады және негізінен екі түрге бөлінуі мүмкін:

  1. Айырып бөлу сипаттағы операция:

Темір табақтарын тілкем немесе лента түрінде бөлу; тілкемдер мен лентаны өлшеу [бөлігіне бөлу; кесіп алу арқылы темір табақ материалынан қажетті контурдағы дайындама алу. Тесу — қажетті формада дайындамадағы тесіктің пайда болуы; материалдың артығын кесу және басқалар;
2) Темір табақтарын суықтай штамптаудың
форма түзегіш операциясы: майыстыру — белгілі бір формадағы темір табағы мен тілкемнің қатынасы. Вальцовка — дайындама бетінде пайда болған әр түрлі төмпешіктер — қабырға тектес қаттылық; оның ішінде толқынды (кеңірдектенген) бет; Таптау (накатка) — темір табақ дайындамасында фасонды беттің пайда болуы, мысалы, электр лампысының циколіндегі бұранда; Созу— темір табақ материалында, мысалы, ыдыстарды жасауда тереңдік алу.
Темір табақты штамптау созу, кесу, ию және басқа штамптардың жәрдемімен өндіріледі.
Кесу штампысының жәрдемімен темір табақтарынан дайында­ма немесе дайындамада кез келген формалардағы тесіктер кесуге болады. Созу штампының жәрдемімен жазық бетті дайындамадан қуыс бұйымдарды алуға болады.
9.8.Пластикалық деформациямен өңдеу
Қысыммен өңеудің барлық тәсілдерінде негізгі процесс металл өзінің тұтастығы мен беріктігін бұзбастан сыртқы формасын өзгертіп жіберетіндігі.
Басқаша айтқанда, пластикалық деформациямен өңдеу, ұнтақ-ағындық тойтару, таптау, тегістеу, жаю, колибрлеу, тесіктерді жазу (тегістеу), бедерлеу сияқты суық күйінде қысыммен өндеу түрлерін айтады.
Бұл әдіс дайындамалардың беткі қабатын тереңдігі бірнеше миллиметр болып келген, ал кей жағдайларда, тіпті ондаған мил­лиметр болатын қабатын оңай алуға мүмкіндік туғызады.


68 – сурет. Ұнтақ ағынымен тойтарудың сұлбасы


Ұнтақ ағынымен тойтару дайын бөлшектердің беттік қабатын өңдеуде жеңілдік жасау үшін қолданылады.
Арнаулы прибордың — дробеметтің көмегімен бөлшек беті серіппелі болат сымдарынан немесе ақ түсті шойыннан алынған ұнтақтар ағынының соққысынан өткізіледі.
Әрбір ұнтак соққысы ойық жасайды, ал осындай көптеген ұнтақтардың соққылауы нәтижесінде өңделетін бет аздап кедір-бұдырланып, қатты күйге келеді. Ұнтақ-ағындық тойтару сондай-ақ металдың коррозияға төзімділігін арттырады. 68-суретте айналмалы столды (б) механикалық дробемет пен рессорлық табақтарды (а) және автомобильдердің тісті дөңгелектерін ұнтақ-ағындық өңдеуден өткізу сұлбасы көрсетілген.
Ұнтақпен өңдеу нәтижесі ұнтақ материалына және оның өлшеміне, ұнтақтың ұшу жылдамдығына, аппарат пен өңделетін беттің ара кашықтығына, өңдеу ұзақтығына байланысты болады.
Ұнтақ-ағындық тойтару болаттан, сондай-ақ алюминийдің және басқаларының қорытпаларынан жасалған бөлшекдарға қолданылады.
Бөлшектерді осындай тәсілмен өңдеу мысалына, автомобиль рессорларын, беріліс қорабтары мен артқы мостың тісті дөңгелектерін, әр түрлі біліктерді, шатундарды төлкелерды алу жатады.
Сол сияқты ұнтақ-ағындық тойтару штамптардын, және кесу аспаптарының үскі темір (тескіш), таңбалағыштар, плашкалар және т.б. бетін өңдеу үшін қолданылады.
Өңдеуді жеңілдетумен қатар, бұйымның бетін тегістеу үшін қысым арқылы бөлшекдың бетіне бағытталатын абразивті түйіршіктері бар сұйық ағынының көмегімен орындауға болады. Мұндай тәсіл гидроабразивті тойтару деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет