Көлемді штамптау. Осылайдеп, металдың деформациялануы бүкіл көлеміне беріліп, ал оның жайылуы, кескіні, пішіні жасалатын дайындаманың кескіні мен формасына сәйкес штамп қабырғасының өлшемімен шектелетін тәсілді айтады.
Көлемді штамптау жаппай және сериялы өндірісте көп қолданылады)
Е ркін соғу арқылы алынған шыңдалған сом темір косымша өндеуден өткізуді қажет етеді. Ал штамптау арқылы сом темірге қосымша өңдеу жұмысы шамалы ғана жүргізіледі немесе қажет етілмейді. Сондықтан штамптау кезінде еңбек өнімділігі еркін соғуға қарағаида бірнеше есе жоғары болады.
1 – дайындаушы жылға, 2 – июші жылға, 3 – тазалағыш жылға
66 – сурет. Ыстықтай штамптау үшін жоғарғы (а) және төменгі (б) штамптар.
Штамптарды қатты және берік металдан жасайды. Штамптарды жасау көп уақыт алады, әрі көптеген жабдықтарды қажет етеді.
Алайда егер көп мөлшерде бұйым жасау қажет болған жағдайда штамп жасауға кеткен шығын өтеледі. Өйткені сом темірді еркін соғудан гөрі штамптаумен өңдеу әлдеқайда арзанға түседі. Штампты көлемді етіп жасайды (66-сурет). Штамптар қабырғасындағы арықтар деп аталатын белдеулерді тік жасамай, 5°—10° болатындай еңкіш жасайды. Бұл штамп қуысының тез толып, металдың одан күшсіз тез түсіп қалуын оңайлатады.
Белдеулердің айналасындағы металдың артығын шығару үшін қуыс жасалады. Металл сығылған кезде бұл бұйым төңірегінде жұқа қабыршақ түрінде қатып қалады.
Металды ыстық және суық күйінде штамптайды. Ыстық күйінде штамптағанда штамп қуысының өлшемі шама жағынан дайындама өлшемінен үлкен болуы керек және дайындама суыған кезде сызықтық өлшемімен сәйкес келуі керек.
Штамптау кезінде дайындамаға қажетті металл мөлшерін дұрыс анықтауға көңіл аударған жөн.
Металл мөлшерінің кемдігінен штамп қуысы толмай қалады, ал молдығынан дайындаманы престерде қырқатын үлкен қабыршақ пайда болады.
Қыздырылған дайындамаларды бу-ауалық, фрикциондык және басқадай механикалық престерде, сондай-ақ горизонтальды-соғу машиналарында штамптайды.
67-суретте горизонтальды-соғумашинасымен болтты штамптаудың сұлбасы көрсетілген.