Лекция конспектісі 5В012800-«Астрономия» мамандығы үшін


ЛЕКЦИЯ № 13 Тақырып: Жұлдыздардың температурасы мен түсі



бет36/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#123444
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Астрономия лекция 15

ЛЕКЦИЯ № 13


Тақырып: Жұлдыздардың температурасы мен түсі
Жоспар:

  1. Жұлдыздардың спектрі мен химиялық құрамы.

  2. Жұлдыздардың жарқырағыштығы

  3. Жұлдыздардың радиустары

Жұлдызды аспанды бақылау кезінде біз жұлдыздардың түстері әр қилы екендігін байқауымыз мүмкін.Қызған метальдың түсі бойынша оның температурасын болжауға болатыны сияқты, жұлдыз түсі де оның фотосферасын, температурасын көрсетеді.Сәуленің максимал толқын ұзындығы мен температурасы арасында белгілі байланыс (29) бар.Әр түрлі жұлдыздардың сәуле шығару максимумы әр түрлі толқын ұзындығына келеді.Мысалы біздің Күн-сары жұлдыз.Капелла да осы түсті жұлдыз,оның температурасы 6000 К шамасында. Температурасы 3500-4000 К болатын жұлдыздар қызғылт түсті (Альдебаран).Қызыл жұлдыздардың (Бетельгейзе) температурасы 3000 К-ге жуық.Қазіргі кезде белгілі жұлдыздардың ең суықтарының температурасы 2000 К-нен аз.Мұндай жұлдыздарды спектрдің инфрақызыл бөлігінде бақылауға болады.Күннен көп ыстық жұлдыздар көптеп саналады.Оларға,мысалы,ақ жұлдыздар (Спика Сириус,Вега) жатады.100000-200000 К аралығында.Фотосферасының температурасы 300000-500000 К болатын көгілдір-ақшыл жұлдыздар кездеседі.Жұлдыздардың қойнауындағы температурасы 100000000 К-нен кем емес.


Жұлдыздардың спектрі мен химиялық құрамы.
Жұлдыздардың табиғаты туралы маңызды мәселелерді астрономдар олардың спектрін талдау арқылы алады.Көпшілік жұлдыздардың спектрлері Күн спектрі тәрізді жұту спектрі болып табылады:үздіксіз спектр реңкінде күңгірт сызықтар байқалады.
Жұлдыздардың бір-біріне ұқсас спектрлері жеті негізгі спектрлік кластарға топтастырылған.Олар латын альфавитінің бас әріптерімен таңбаланады:

O – B – A – F – G – K – M


және тізбекте реті бойынша солдан оңға қарай ауысқанда жұлдыз түсі (О класы) аққа (А класы), сарыға (G класы), қызылға (М класы) өзгереді.Демек,осы бағытта кластан класқа өткен сайын жұлдыздардың температурасы кемиді.


Сонымен,спектрлік кластар тізбегі жұлдыздардың түстері мен температуралары айырмашылығын көрсетеді.Мысалы,F спектрлік класында келесі қосалқы кластар бар:

F0 – F1 – F2 - F3 - F4 - F5 - F6 - F7- F8 - F9


Күн G2 спектрлік класына жатады.Негізінде жұлдыздар атмосферасының химиялық құрамы ұқсас: олардағы ең көп таралған элементтер, Күндегі сияқты, сутегі мен гелий болып табылды. Жұлдыздар спектрлерінің әртүрлілігі ең алдымен олардың температураларының әртүрлі болуынан деп түсіндіріледі. Жұлдыздар атмосфераларындағы заттардың физикалық күйімен спектрінің түрі температураға байланысты. Жоғары емес температурада (қызылжұлдыздар) жұлдыздар атмосферасында бейтарап атомдар,тіпті қарапайым молекулалық қосындылар (C2,CN.TiO,ZrO жәнет.б.) бола алады.өте ыстық жұлдыздар атмосферасында иондалған атомдар басым.


Температурадан басқа, жұлдыз спектрінің түрі қысыммен фотосфера газының тығыздығымен, магнит өрісінің болуымен, химиялық құрамының ерекщелігімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет