Лекция Лекция тақырыбы: Математикалық есептерді шешуге арналған қолданбалы программалар пакеттері. Maple жүйесі Жоспар: Кіріспе. Қолданбалы программалар пакеттері жайлы түсінік



бет4/7
Дата27.10.2023
өлшемі72,14 Kb.
#188735
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-8-Maple

<= (салыстыру амалы «аспайды»),
>= (салыстыру амалы «кем емес»),
<> (салыстыру амалы «тең емес»),
= (салыстыру амалы «тең»),
and ( логикалық амал "және"),
or ( логикалық амал "немесе"),
not (логикалық амал "емес").
:=меншіктеу амалы, мысалы, w1:= sqrt(2); – w1 идентификаторының
мәні квадрат түбір астындағы 2-ге тең болады.
.. (екі нүкте) параметрдің өзгеру аралығын білдіреді.
Maple кітапханасының функциялары
Кең өріс алған функциялар (Мысалы, синус, косинус, логарифм, квадрат түбір және т.б.) Maple ядросында немесе Maple кітапханасына енгізілген. Олар өздігінен есептеледі: функцияның атын және жақша ішіне аргументін жазсақ жеткілікті. Мысалы: sin(2*Pi*x); ln(1+s^2); sqrt(4).
Төменде бірнеше функциялардың аттары келтірілген.
sin(x)синус х-тен тәуелді,
cos(x) – косинус х-тен тәуелді,
tan(x)тангенс х-тен тәуелді,
cot(x) – котангенс х-тен тәуелді.
sinh(x), cosh(x), tanh(x), coth(x) – гиперболалық функциялар.
arcsin(x), arccos(x), arctan(x), arccot(x) – кері тригонометриялық фунциялар.
ln(x) – натурал логарифм х-тен тәуелді.
log10(x) – ондық логарифм х-тен тәуелді
log[a](x) – негізі а болатын логарифм х-тен тәуелді
exp(x) – көрсеткіштік функция "е дәрежесі х".
sqrt(x) –квадрат түбір астындағы х.
signum(x) – сигнум х-тен тәуелді. signum(x) = 0, егер х=0; signum(x) = 1, егер х>0;
signum(x) = –1, егер х<0.
abs(x) – модуль астындағы сан х-тан тәуелді.

Өрнек – бұл Maple жүйесінің конструкциясы, ол белгілі ережелер бойынша құрылады. Әдетте ол идентификатлардан, амалдардан, жақшалардан, функция атауларынан тұрады. Мысалы, (x+sin(y+2))*exp(x), rrr3 and (x_1 or not(x_1<= rr3 )) –өрнек. Өрнек не ‘:’ (қоснүкте) белгісімен, не ‘;’ (нүктелі үтір) белгісімен аяқталады. Егер өрнек "қоснүктемен" аяқталса, онда өрнек "есептеледі", бірақ нәтиже экранда көрінбейді. Егер өрнек " нүктелі үтірмен" аяқталса, онда өрнек "есептеледі", ал нәтиже экранда көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет