Лекция Лекцияның тақырыбы: Композицияның сюжеттен тыс элементтері Лекцияның жоспары: Тақырыптың атауы Эпилог, пролог Көркем кеңістік пен уақыт композициясы. Лекцияның мақсаты



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі476,15 Kb.
#154466
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
9 лекция

Баяндау.
Жазушы, ақындар оқиғаны бірөңкей суреттей бермейді. Портрет те, 
мінездеу де, күйініш-сүйініш те, пейзаж да, сайып келгенде, суреттеуге 
жатады. 
сондықтан 
жазушылар 
кейде 
қатысушылардың 
монголог, 
диалогтарын араластырады. бұлардың бәрі де керекті. Бірақ көркем 
шығармаларды оқығанда көп орын алатын баяндау,яғни оқиғаны автордың өз 
сөзімен айтып берушілік,екендігін көреміз. Мұнда суреттеп жатпайды,оқиға 
қалай болады,қатысущыдар не жасады,тек соны ғана өз сөзімен 
баяндайды.Кейде ло қатысушылардың тартыстарының нақтылы себебін 
ашуы,кейде екі суреттеудің арасына дәнекер болуы, қиюластыруы,кейде 
көрсетейін деген өмір құбылысына бағыт сілтеуі тағы басқа да оның сан алуан 
себептері болуы мүмкін.Қайткен күнде де,баяндау көркем шығармалардан кең 
орын алады. 
Мысалы, «Шұғаның әке-шешесінің бір артық жері-16-ға келгенше 
Шұғаны күйеуге бермейді.Осы күнгі байлар қызы шырылдап жерге түсісімен 
біреудің малын алады ғой....Уақытында талай мырзалар айттырды,бәріне де 
нәсіп болмады. Ат жетер жердегі бай балалары мүлде зерігіп болды. «Есімбек 
қызының бағын байлады. Енді бұған тәуір күйеу кездеспейді»-деп жұрт өсек 
қылып та жүрді. Ол әншейін бір сөз ғой, құдайдың жазуынан артық не 
болмақ». 
Бұл үзіндіде суреттеудің ұшығы да жоқ..Шұғаның әке-шешесінің 
қызын күйеуге бермеуі жайлы жай ғана ақпар беру. Мұнда автор біреуге 
сөйлетеді, ол тек әдісі ғана. Онан баяндаудың мазмұнына келетін ешбір 
кемшілік жоқ. 
Көркем шығарманың құрылысын талдағанда,мақсат тек 
байланысын, дәлелдеуін, шарықтау шегі, шешуін немесе образдың жасалу 
жолдарын,пейзаж баяндауларын танып,біліу ғана емес,әрине,олар да керек. 
Бірақ негізгі мәселе солардың өз ара қалай қиюласып, бір бүтін нәрсе болып, 
жігін байқатпаулараының заңдылығын жазушының шеберлігін ашу және бәрі 
жиналып шығарманың идеялық мазмұнынын оқушыларға жеткізу үшін 
қолданатындығын түсіну болу керек. 


Көркем шығармадағы сюжет, портрет, қатысушы адамдардың сөздері, 
пейзаж, затты суреттеу тағы басқалардың бәрі бір-бірімен байланысты. 
Осылардың барлығы келіп бір бүтін нәрсе туғызады. Бұлардың барлығы 
да,автордың өмірді қалай түсініп,қалай тануына қарай,оның бір құбылысын 
суреттеу үшін пайдаланады. Автор көркем шығарманың барлық бөлімдерін 
алғанда, оларды қиюластырғанда,өзінің көздеген бағытына қарай бағыт сілтеп, 
оқушыға әсер ететін бір-біріне байланысты, мақсатты сурет жасауға 
тырысады. Сол мақсатпен алады. Шығарманың түрлі бөлімдерін таңдап 
алып,оларды қиюластырып және байланыстыруын шығарманың
 композициясы
дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет