Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Басқару мәдениетінің элементтері: басқару қызметкерлерінің мәдениеті, басқару процесінің мәдениеті, еңбек шарттарының мәдениеті, құжаттау мәдениеті



бет261/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   292
Байланысты:
менеджмент

2.Басқару мәдениетінің элементтері: басқару қызметкерлерінің мәдениеті, басқару процесінің мәдениеті, еңбек шарттарының мәдениеті, құжаттау мәдениеті
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір ьәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әр бірін – бірі жетілдіріп отырады. Басшының ұжыммен қарым – қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым – қатынас орнгата білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым қатынасы бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.
Біріншіден: ұжымдағы қарым – қатынас жағдайында басшыға тиісті құқық пен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру, негізі болып саналады. Бұл қарым – қатынаста жеке адамдардың үйлесуі де үйлеспеуі де мүмкін.
Екіншіден: көпшілік ұжым үшін басшы – бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару сласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден: басшының ұжыммен қарым – қатынас этикасы топтасқандадықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік қызметін орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым – қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, құқығы ғана емес, сондай – ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамында қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынанда көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейдтіндігін өздері де аңғармай қалады.
Басшылық психологиясы мыныған байланысты:

  • сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауаты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40 % - дай тиімді ете алады. Басшы сойлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білу де тиісті.

  • Еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастырудына;

  • мінез – құлық мәдениетіне; этика, эстетика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді.

  • Сезім мәдениетіне; эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі басқалардан әлдеқайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі - өнегесін көрсете білуі тиіс.

  • Сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;

  • Сын жалпылама болмай, нақтылы адамдарға айтылуы тиіс «жеке басын емес, ісін сынау қажет »

  • Сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу;

  • Адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;

  • Сынау орнын және тәсілін ойластыру;

  • Сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.

Американдық менеджерлерге қойылатын басты талаптардың бірі – сынай білу және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазбалаудан жалтаруға болмайды.
Сынаудан қорқатын басшы – басшы емес. Әйтеуір қалайда сынау керек деген пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында «бәрібір басшының бабын таба алмайсын» деген сөз тарайды. Сын әділ болуы, нақты кемшілікті дөп басуы тиіс.
Білікті педагогтар оқыту процесінде оқушылардан тек қателік іздеуге болмайтынын жақсы біледі. Іскер педагог ешқашанда «бұлай істеме» деп айтпайды «бұлай істесек қайтеді» яғни, өктемдік көрсетпей, сыпайы ғана жұмсайды.
Әзіл оспақты түсіне білу. Өзкемшілігіне дер кезінде күле білудің айырықша маңызы бар.В.У. Терещенконың айтуынша, АҚШ – та әрбір менеджерлердің өз лақап аты болады, ол мұны білу тиіс. Карикатура келемеждеу емес. Адам неғұрлым әйгілі болған сайын, газеттер мен журналдар ол жөнінде карикатура соғұрлым көп болады. Адамды достық тұрғыда әзілдеу – бұл оның әйгілігінің, оның жақсы көретіндігін жақсы қарым – қатынаста екендігінің белгісі. Рузвельт өмір бойы өзі жайлы карикатураны жинаған екен. В.И.Терещенконың пікірінше, егер адамның беделі болса, егер ол көпке құрметті болса, онда ол карикатурадан сескенбейді, оған ашуланбайды, қайта өзіне өзі күледі.
Басшы өз ісіне сенуі, батылдылығы, мақсаткерлігі, қайсарлығы арқылы көрінуі, әрі осы қаиеттерін қарамағындағыларға көрсете білуі тиіс.
Егер адамдар өз ісіне сенетін қасиеті болса, онда оған басқа адамдарда еліктейді. АҚШ – та басшыларды даярлағанда және білімін жетілдіргенде осы қасиеттерін қалай көрсету қажетігін үйретіп қана қоймай, бұған қалай қол жеткізу, өзінде қалай қалыптастыру жолдарын түсіндіреді.
Бұл мәселе жөнінде бірқатар психологиялық ұсыныстар бар: кәсіпорынға келгенде өзіңді тік ұстап, ширақ жүру өзіңе деген сенімділік дағдысын қалыптастырады. Сен амандасқан кезде, қолыңды селқос бермей, өзіңмен сәлемдескен адамның қолын қатты қыс. Батылдық, табандылық және өзіңе деген сенімділік – жақсы басшының ұнамды, байсалдылық қасиеті. Күйгелектік, ашуланшылдық басшыға мүлдем жараспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет