Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Келушілерді қабылдау және әңгімелесу



бет263/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
Басшылар жұмыс уақытының көпшілік бөлігін өзінің қарамағындағы адамдармен әңгімелесуге, жұмыстың орныдалуын бақылауға, келушілерді қабылдап, жаңа мәліметтер алуға арнайды. Мұның өзі кездесуді ұйымдатырғанда, біріншіден, жұртшылықтың сеніміне ие болу үшін, екіншіден әңгімелесуші қолайлы, әрі түсінікті нышанда оған қажетті мәліметтерді беру, өз жұмыс тәжрибесін көрсету, пайдалы иницативаны қолдау үшін іскерлік танытуды қажет етеді.
Басшы жекелей кездесудің көпшілігін қызмет үстінде қабылдау кезінде жүзеге асырады. Қабылдау мәнері бойынша басшылар 3 топқа бөлінеді:
1 – топ – мұндай басшыларға барлығы тобымен келеді, жалған демократ. Егер басшының қарамағында жиырма шақты қызметшілері болса онда « Ашық есік саясаты » дұрыс деп саналады.
2 - топ – мұндай басшыға кіру де, оны орнынан табу да өте қиын.
3 – топ – мұндай басшының қабылдау тәртібі болады, кезектілік пен регламент сақталады, бұл үнамды топ.
Қабылдау екі түрге бөлуге болад: басшының иницативасы шақыру бойынша қабылдау және қол астындағылардың өтініші бойынша қабылдау.
Басшы қол астындағылады қабылдауға шақырғанда қоятын мақсаты, олармен танысу, жұмысын ауыстыру, тапсырма беру немесе жаза қолдану.
Басшы қол астындағыларды әңгімеге тарта білуі, өзіне сендіре білуі тиіс. Егер қол астындағылар өз мәселесін басшысыз шешуге тырысатын болса, онда мұндай басшыға сенім болмайды.
Кездесудің бастапқы сәті бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Басшы орнынан тұрмайды, бірақ келген адамға қарайды.

  2. Орнында отырып амандасады.

  3. Орнынан тұрып амандасады.

  4. Келушіні қарсы алып амандасады, орын ұсынады.

Тиімді қабылдау үшін қажеттісі:

  • қызмет мәселелерінің және тікелей өзі қабылдайтын адамдардың тізімін белгілейді.

  • Кезек күтірмейтін мәселелер бойынша қабылдау уақытын уақытын дәл белгілеу, мұндайда қабыладу бағыныштының баяндамасы немесе мәлімдемесі түрінде өтеді ( көбінесе жұмыс бастлған кезде ).

Кезек күтірмейтін шаруалар бойынша қабылданғанда басшылар, олардың орынбасарлары, көмекшілері қатыстырылады. Басқадай қызмет мәселелері бойынша қабылдауды дербес, әңгімелесу түрінде өткізеді.
Өзінің өй – пікіріңді, позицияңды жеткізудің ең қолайлы жолы жылы жүзді әңгімелесу. Әңгімелесу жиі өткізіле бермейтіндіктен, әсіресе кездесуге әр түрлі мамандар мен басшылар қатысатын болса және егер де әңгіме өтікізу инициатива қызметі жоғары адамдар тарапынан болған жағдайда мұндай кездесуде барлық мүмкіндікті пайдалану қажет.
Осыған орай әңгімелесудің тәртібімен және тактикасымен, сондай – ақ әңгімелесушінің ой – ниетін бағалау тәсілімен жете танысудың зор маңызы бар.
Егер әңгімелесушінің көңілін аудара алмасақ, егер ол бізді тыңдамаса, онда бізге жалпы бір нәрсе айтудың қажеті қанша ? Сондықтанда бірінші принцип - әңгімелесушінің көңілін аудару «әңгімелесудің басталуы »
Әңгімелесуші адам біздің сөзіміздің пайдалы екеніне сенімді болса, ол бізді ықылас қойып тыңдайды. Демек, біз әңгімелесушіні сөзге тарта білуіміз қажет. Бұл екінші принцип мәлімет беру.
Келесі қадамның мәнісі мынада: біздің идеямыз бен ұсыныстарымызға келісе отырып, ол қолайлы шешім қабылдайды, өйткені бұл идея мен ұсыныстарды жүзеге асыру оған және оның кәсіпорнына, бөлімшесіне едәуір пайда келтіреді. Бұл іскерлік әңгіме өткізудің үшінші принципі – мұқият негіздеу принципі.
Әңгімелесуші біздің идея мен ұсыныстарды, оның тиімді екендігін мойындауы мүмкін, алайда, ол әлі де сенерін де сенбесін де білмейді, әрі біздің идеямыз бен ұсыныстарымызды өз кәсіпорынында ( өз ұсынысы ретінде ) қолдану мүмкіндігіне көзі жепейді. Сондықтанда әңгімелесуі айтылған жайыттарға қызықтыра және сендіре отырып, біз оның не ойлап отырғанын айқындауымыз қажет. Демек, төртінші принцип бізбен әңгімелесушінің тілегін айқындап, күдігін сейілту.
Іскерлік әңгімені өткізудің маңызы сегіз нұсқауын есте сақтау қажет. Оның әмбебап, тың сипаты мынандай қарапайым фактіге негізделеді: біз кез келген кеңесуде әңгімелесушіге бейімделуіміз немесе онымен оңтайлы қарым – қатынас орнатуымыз қажет.
Әңгімелесушінің сөзін ақыр аяғына дейін мұқият тыңда. Көп жағдайда әңгімелесушілер бірін – бірі мұқият тыңдамағандықтан кеңесу нәтижесіз болып шығад. өкінішке орай, бір француздың айтқаны шындық: « Қызу айтыс – бұл көбінесе кінәмшіл әңгіме, мұндайда екі адам бір – біріне сөз айтқанымен, тек өз сөзін ғана тыңдайды ». Әңгімелесушінің не айтқысы келетінін мұқият тыңдау бұл оған деген ізет, құрмет қана емес, кәсіптік қажеттілік.
Әңгімелесуші адамның иландыра айтқан сөзін ешқашан теріске шығарма. Жоқ нәрсеге сене қалатын, тырнақ астынан кіір іздейтін адамдар өкінішке орай, арамызда жиі кездеседі. Өз басымыздан өткенді еске түсірейікші: біз көп жағдайда фактілерді мұқият таразылап алмай тұрып, пікір айтамыз. Өзіміз де әңгімелесуші әріптесіміз де осындай кемшілікті мойындауға тиістіміз.
Кикілжіңнен, дәлелсіз сөзуарлықтан аулақ бол. Айтқан сөзін түсінкті, көрнекі, жүйелі, қысқа, ең алдымен қарапайым, әрі түсінікті болсын.
Әңгімелесуші әріптесіңді құрметте. Өйткені, әңгіме өткізу техникасы – бұл адамдармен қарым – қатынас онату өнері. Іскерлік әңгімеде сөз байыбына бармай әріптесіне қарсы дәлел айту, кекесінишара көрсету ешқашан тиімді нәтиже бермейді.
Мүмкіндігінше сыпайы, ашық – жарқын, кең пейілді, өнеглі бол.
Сыпайылық өтінішіне немесе бұйрығына көп жағдайда кедергі жасай алмайды, қайта әңгімелесушінің іштей қарсылығын тежейді . Әрине, мұндайда сыпайылық жарамсақтыққа, арзан мақтуға үласпауы тиіс. Жылы шырайлы қалыпта болу іскерлік әңгіменің ойдағыдай аяқталуын ықпал етеді.
Қажетті жерінде жігерлі бол, бірақ әңгіме барысы қызу айтысқа ұласқанда салқын қандылық көрсет. Егер әңгімелесуші ашуға ерік жіберсе, шиеленіске барма. Кеңсуге төселген тәжірибелі адамдар мұндайда табандылық көрсетіп, әріптесіне реніш білдірмейді.
Бар мүмкіншілікті пайдаланып әңгімелесуші әріптесіңе өз тезистерін мен ұсыныстарыңды жеткізуге тырыс. Ол үшін оның іштей ықыласы мен нақты мүмкіндіктерін ескер. Басқаш айтқанда әріптесің сіздің қысым көрсетуіңізбен жеңілген сынайы танытқандай болмасын немесе ол сіздің бастапқы ой – пікірінен мүлде бас атрты деп ойламасын.
Ең қолайлысы, сізбен әңгімелесуші адам өзіңіздің пікіріңіздің дұрыс екендігіне бірте – бірте көзін жеткізгеннен кейін иланатын болсын. Демек, сіз әңгімелесушіге ешқандай дайын шешіміңізді қабылда деп талап етпейсіз, қайта екуіңіз бірлесіп «үңгірдің екі жағынан жол ашасыз ». сондықтан ешқандай асығыстық жасамай, әңгімелесуші әріптесіңізге өз идеяңызды дұрыстығына көзі жететіндей уақыт беріңіз.
Іскерлік кеңестің табысты болуы, әріптесіңіздің мінез – құқындағы ерекшеліктерді қаншалық білгендігіңізге, әрі әңгімені дұрыс арнаға салатындығыңызға байланысты.
Қабылдау ұымдастырудың техникалық жақтары: келушілерді алдын ала «сүзгіден өткізу» және есебін алу, оларды белгіленген мерзімге шақыру кезегін сақтау т.б. Мұның ең дұрысы қызметкердің біреуіне ( хатшыға немесе көмекшіге) жүктеген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет