Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы


лекция. Тілдің тарихын дәуірлеудің негізгі теориялық мәселелері



бет2/16
Дата15.02.2022
өлшемі81,7 Kb.
#131811
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Тілдің тарихын дәуірлеу Дәрістер

2 лекция. Тілдің тарихын дәуірлеудің негізгі теориялық мәселелері. «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері" пәні "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы " пәнімен және "Көне түркі тілі", "Түркологияға кіріспе" пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.
"Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері" пәні тілдердің ежелде бір тілден (праязыктен) шыққандығы, тарағандығы жөнінде алпысыншы жылдардың аяғында пайда болған ностратикалық теорияны ескерусіз қалдырмайды. Оған дәлел ретінде мыңдаған жылдар бойы өзгермей келе жатқан негізгі сөздік қордың көптеген тілдерге ортақ болып шығуын есепке алады. Ежелгі Тұран даласынан Месопотамияға көшіп барып, өздерімен бірге Еуропа мен Азияға мәдениетті , тілді, жазуды ала барған Шумерлер жайлы зерттеу деректерін, қазақтың халық болып құралу процесінде үлкен рол атқарған тайпалық одақтардың тілі мен түркі халықтарының тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтерілген көне түркі тілі мен орта ғасыр түркі тілдерінің материалдарын тілге тиек етеді. Материал беретін зерттеу көздері ретінде Ә.Баһадүрхан, Рашид-ад-Дин, Н.Аристов, В.Бартольд, В. М. Иллич-Свитыч, Н.Баскаков, Б.Я.Владимирцов, Г.Е.Грум-Гржимайло, САманжолов, Ә.Қайдаров, О.Сүлейменов, А.Бахти, С.Қойшығара, Ө.Панзарбеков т.б. еңбектер пайдаланылуы қажет.
"Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері " пәні бұл аталған пәндерден мазмұны, мақсаты мен міндеті, оқыту әдісі жағынан өзгеше. "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы" тарихи-салыстырмалы әдіске сүйеніп, тілдік тұлғалардың қандай жолдармен өзгеріске түсіп, бүгінгі күндегі дәрежеге қалай жеткенін түйіндей тұжырымдаса, "Көне түркі тілі " пәні сипаттау әдісіне сүйеніп, көне түркі тілінің қалпын баяндайды. Ал "Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері" пәнінде әрі тарихи, әрі сипаттама әдіске сүйене отырып, қазақ тілінің шығу тегін, түркі тілдерімен бірге басып өткен жолын, көне түркі тілінің жалғасы екендігін дәлелдейтін теориялық негіздерді басшылыққа алады. Мұндай теориялық негізге шумерология және түркітаным мәселелері жатады. Шумерлер мен көне түркілердің жақындығын танытатын тілдік қор, тарихи лексика және олардың семантикалық жүйесі, өзгеру жолдарындағы заңдылықтар, жазу түрлері, тайпалық одақтардың атрибуттары, ежелгі дәуірден сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ойлау жүйесі, түркілердің дүниетанымы, олардың тілдегі көрінісі орта ғасырдағы халық тіліне, кейінгі дәуірдегі ұлт тіліне тигізген әсері ашылуға тиіс.
Қазақ тілі өз дамуының бүгінгі сатысында қазақ халқының бірыңғай ұлттық тілі, ұлттық әдеби тіл болып отыр. Бұл күнде ол әртүрлі стильдік салаларда дамыған, тілдік нормалық белгілері нақтыланған, лексикасы бай, грамматикалық құрылысы жетілген, орамды әдеби тілге, жазу тіліне айналды. Әрине, мұндай дәрежеге жету үшін тіл шындалып жетілудін талай өткелдерін басып өтті.
Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан зерттеп білудің сол тілді жетік меңгеру үшін мәні зор. Тілдің тарихын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес. Қазақ тілін ғылым ретінде танып білудегі ең маңызды нәрсе - негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір тілдік мәселеге тарихта сол құбылыс қалай шықты, өзінің_дамуында ол қандай басты-басты дәуірлерді өтті деген тұрғыдан қарау керек, сонда ғана оның қазір қандай күйде екенін білуге болады.
"Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері" курсын өтуде мынадай жайттар ескерілуі кажет: бірінші, қазақ тілінің түркі тілдерінің ішінде алатын орны, түркі тілдерімен бірге жүріп өткен жолы, түркі тілдерімен жақындығы бар көне тіл-шумер тілінің сипаты, көне түркі тілінің шумерлік сипаты, қазақ тіліндегі көне түркілік элементтер, орта ғасырдағы халық тілі болып қалыптасуы жайындағы зерттеу еңбектерін теориялық негіз етіп алады. Қазақ тілінің тарихын (тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу тарихын) түсіндіру үшін, алдымен қазақтың халық болу, одан кейін ұлт болу процестеріне жүгінеді. Қазақтың халық болып қалыптасу тарихы қазақ жеріндегі бұрынғы ірі тайпалық одақтармен, жүздермен, олардың тарихымен тікелей байланысты. "Жүз деп әдетте қазақ халқына қарасты және тарихи дәстүр арқылы белгіленген жалпы қазақ территориясының бір бөлігін мекендеген тайпалардың ірі бірлестіктерін (немесе одақтарын) атау қабылданған"(Қазақ ССР тарихы, 2т, Алматы, 1983. 258- б.)
Екінші, қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдері жалпы түркі тектес тілдердің даму дәуірлерімен бірлікте, соның шеңберінде алып қарастырғанда ғана толық түсінуге болады. Олар: шумер дәуірі, алтай дәуірі, гұн дәуірі , көне түркі дәуірі, ортағасырлық дәуір, түркі тілдерінің жаңа және ең жаңа дәуірі. Осы дәуірлердегі тарихи жазба ескерткіштердің қазақ тарихына қатыстыларына тоқталу қажет.
Үшінші, қазақ тайпаларының халық болып бірігуі, қазақтың халық тілінің қалыптасуы ірі тайпалық одақтар тілі бірлестігінен, 15-16 ғасырларда қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан, ноғай ордасынан бөлініп шығуына, монғол басқыншылығынан кейін қазақ жерінде патриархтық феодалдық қатынастың күшейіп, алғашқы қазақ хандықтарының пайда болуына байланысты екені, бұл процестің 19ғ. екінші жартысына дейін созылғаны ескерілуі қажет.
Төртінші, қазақ тілінің тайпалық, халықтық дәуірлердегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық кұрылысының тарихи дамуы қазақ тілінің даму кезендеріне байланысты екендігін таныту мақсатында оның типологиялық белгілері өтіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет