Қазіргі қоғамдық өмірде «саясат» ұғымы мына мәндерге ие болады: 1-ші, мемлекеттің, мемлекеттік ұйымдардың ірі әлеуметтік топтар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қызметтері: әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, т.б.
2-ші, азаматтардың қатысуы, мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі, мемлекеттік құрылыстың формасын анықтау, қоғамды басқару, билік ықпал етуінің тиімді әдістері мен құралдарын анықтау, билік пен оның шешімдерінің легитимділігін мойындау.
3-ші, барлық мемлекеттік билік шешімдері, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларына ықпалы, саяси ықпал етудің тиімділігі.
4-ші, басқару өнері, өз еркі мен мақсатына жету, ол үшін барлық ресурстарды жұмылдыру, билік өкілеттілігін пайдалана білу, оны жүзеге асырудың тиімді күштері мен құралдарын анықтау, үстемдік ету мәдениеті. Билікке қысым жасау өнері.