Стереографикалық проекция Q стереографикалық проекция жазықтығы ретінде экваториалдық
жазықтық таңдалады, оған сфера проекция шеңбері түрінде проекцияланады
(26 сурет). Бұл сфераның полюстерінің біріне S көру нүктесі («көз нүктесі»)
орналастырылады.
Түзуді, мысалы ОА-ны проекциялау үшін проекция сферасында S көру
нүктесін дейін осы бағыттың А полюстік нүктесінен AS түзуін жүргіземіз.
AS түзуінің проекция шеңберімен қиылысуының а нүктесі АО бағытының
стереографикалық проекциясы болып табылады.
Бағыттардың стереографикалық проекциялары прокция шеңберінің
ішіндегі нүктелермен кескінделеді (27 сурет). Әлбетте, вертикаль бағыт
проекция шеңберінің центрінде нүкте ретінде, горизонталь – экватордағы екі
нүкте ретіндепроекцияланады. О нүктесі арқылы өтетін және сфераны қиып
өтетін жазықтық стереографикалық проекцияда үлкен шеңбердің сәйкес
доғасы
түрінде
проекцияланады.
Сызбаны
күрделендірмеу
үшін,
жазықтықтың жоғарғы жарты сферамен қиылысын ғана проекциялайды, ал
жазықтықтың төменгібөлігін әдетте проекцияламайды.
Горизонталь жазықтықтардың стереографикалық проекциялары (28
сурет) проекция шеңберлерінің шектерімен сәйкес келетін шеңберлер болып
табылады; вертикаль жазықтықтардың проекциялары проекция шеңберінің
диаметрлерімен сәйкес келеді, ал көлбеу жазықтықтар проекциялары
проекция шеңбері диаметрінің ұштарына тірелетін доғалармен бейнеледі.
Стереографикалық проекция тұрғызу үшін оның екі қасиеті өте
маңызды:
1)
Сферада жүргізілген кез келген шеңбер стереографикалық
проекцияда да шеңбермен бейнеленеді (кейбір жағдайдатүзу
сызықпен);
2)
Бұл проекцияда бұрыштық қатынастар бұрмаланбайды: үлкен
бұрыштардың доғалары бойынша өлшенген сферадағы жақтар
полюстерінің арасындағы бұрыш сол доғалардың стереографикалық
проекцияларының арасындағы бұрышқа тең.
Стереографикалық проекциялар негізінен кристалдың симметриясын
көрсету үшін қолданылады. Бұл бөлімде олар симметриялық өзгерістерді
және кристалдың сыртқы формасын бейнелеу үшін, 4 бөлімде –
кристалдардың физикалық қасиеттерінің анизотропиясын бейнелеу үшін, 5
бөлімде – кристалдардың құрылымының пластикалық деформациясын және
ақауларын қарастыру үшін қолданылады.