Лекция Тақырыбы : 1917 -1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы



Дата17.04.2020
өлшемі23,4 Kb.
#62916
түріЛекция
Байланысты:
лекция 9
10-дәріс, лекция 9
9 –лекция

Тақырыбы: 1917 -1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы

Мақсаты: Кеңестік жылдардағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы жайлы ұғым беру, мазмұнын ашып көрсету.

Лекция жоспары:

  1. Ресейдегі балабақшалардың қалыптасу тарихы.

  2. Ғалымдардың еңбектерінің мектепке дейінгі тәрбиенің дамуына ықпалы

1.Ресейде мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға орыстың ұлы педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) орасан зор әсер етті. Оның педагогикалық жүйесі негізінде халықтық принцип алынды, осыған байланысты өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуы тарихи даму жағдайларына, халықты көкейкесті мұқтаждары мен қажеттерінен тиіс. К. Д. Ушинский былай деп атап көрсетті: тек халық құрған немесе халықтық негізде негізделген тәрбиенің педагогикалық жүйесі

пәрменді болады және шынайы патриотты тәрбиелей алады.

«Адам тәрбие тиегі» деген өзінің көрнекті еңбегінде К. Д. Ушинский әр баланың жас және психикалық ерекшеліктерін міндетті түрде есепке алу қажеттігі туралы осы маңызды қағиданы ұсынып, негіздеді. «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, ол оны алдымен барлық жағынан білуі тиіс» деп жазды. Қолда бар ғылыми-психикалық деректердің негізінде бала ойыны теориясын жасай отырып, К. Д. Ушинский оның білімдік- тәрбиелік маңызын көрсетті. Ол баланың қиялдау үлкен рөль атқарады, ол ойын кезінде анағұрлым толық жүзеге асырылады деп есептеді. «Ойын үстінде бөбек - деп жазды К. Д. Ушинский, - есейген адам, ол өз күшін байқайды және өз жасағандарына жеке билік етеді. Мектепке дейінгі балалармен жұмыста К. Д. Ушинский табиғатпен танысуға, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесіне ерекше орын берді.

Ол адамгершілік тәрбиесін беру арқасында бала адам болып қалыптасады деп есептеді. Ақыл-ой тәрбиесін беруде Ушинский бала ойлануының нақтылығымен, айқындылығымен, жоғары көркемділігімен ерекшеленуге тиіс. Оның меншікті шығармалары осы талаптарға толық сай. «Ана тілі» деген кітаптағы әңгімелердің көбі қазіргі уақытта мектепке дейінгі жастағы балаларға оқу және әңгімелеп беру үшін пайдаланылуда. Балалардың өміріне асыра шек қойғаны және ойын кезінде баланың тәуелсіздігі мен белсенділігін тежегені, баланың өзімен- өзі болуына мүмкіндік бермегені үшін, Фребель жүйесін және Фребельдің балалар бақшаларының жұмыс практикасын К. Д. Ушинский қатал сынға алды.

Қоғамдық тәрбиенің жақсы жақтарын жоғары бағалай отырып, К. Д. Ушинский мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін неғұрлым табиғи орта-семья деп есептеді және осыған байланысты балаларға семьяда тәрбие міндеттерін, сондай-ақ ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін айқындап берді, әсіресе ананың атқаратын рөліне ерекше көңіл бөлді.

2.Ғалымдардың еңбектерінің мектепке дейінгі тәрбиенің дамуына ықпалы


XVIII ғасырдан бастап орыстың мектепке дейінгі педагогикасы қалыптаса бастайды. Отандық ғылымды, оның ішінде педагогика ғылымын дамытуда аса көрнекті ғалымдар М. В. Ломоносов (1711- 1965), И. И. Бецкий (1704-1795), И. И. Новиков (1744-1818), А. Н.Радищев (1749-1802), Н. А. Добролюбов (1836-1861), В. Ф. Одоевский (1804-1869) ерекше орын алады.

М. В. Ломоносов «Орыс халқын сақтау және көбейту туралы» еңбегінде ұлттың нығайып дамуы үшін, қажетті әлеуметтік, медициналық, педагогикалық шаралар бағдарламасын ұсынды. Михайл Васильевич шаруалардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, помещиктердің озбырлығын азайту, жас босанған әйелдерге дәрігерлік жәрдем ұйымдастыру, ол үшін акушерлерді оқыту, «кіндік шешелердің съездерін" өткізу, отандық емшілерді дайындау мәселелерін жолға қоюды міндетті істер деп санады.

Халықтың надандығы мен жоққа сенушілігіне қарсы күресу мақсатында М. Ломоносов «Халық денсаулығы туралы кітапшалар» шығаруды ұсынды. И.И.Бецкий ұсынған жоба негізінде Ресейде бірінші рет тәрбие үйлері ашылып, олардың түрлі басқару орындары құрылды. И. И. Новиковтің «Балаларды тәрбиелеу және ұстаздық ету туралы трактаты» ерекше орын алды.

Бұл трактатта ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі мен эмоциялық даму мәселелерін жан- жақты ашып көрсеткен. А. Н. Радищев орыс революциясының, ағартушылық ой-пікірінің негізін қалаушы, қозғаушы. Ол халыр өмірін көріп, басыбайлы шаруалардың Е.Путачевтің басшылығымен помещиктерге қарсы көтерілісін қолдап, халық революциясының теориясын жасаған. «Петербургтен Москваға саяхат» шығармасында басыбайлы шаруалардың, олардың балаларының табиғаттан жаралған өмірге деген құштарлығы, адамға үйірлігі, қабілетінің аяққа басылғанын, қиын жағдайларын суреттейді. «Отанының ұлы туралы әңгіме» деп аталған еңбегінде, ол тәрбиенің басты мақсаты өз халқының бақыты үшін күресетін адам, азамат тәрбиелеу деп санады.



А. Радищев орыс және батыс еуропалық педагогтарды Бецкой мен Руссо т. б. баланы қоршаған ортадан, өмірден алыстату туралы пікірлерін сынға алды. А. Н. Радищевтің педагогикалық көзқарастары революционер-демократ В. Г. Белинский мен А. И. Герценге үлкен әсерін тигізген. В.Ф.Одоевскийдің өмірінде ағартушылық пен тәрбие мәселелері басты орын алады. Ол балалардың ақыл-ойын дамыту, дүниетанымын кеңейту, жан-жақты білім беру ой пікірді қолдаған. Бұл ой пікірлері, педагогикалық көзқарастары «Ғылымға дейінгі ғылым», «Жетімханаларда қолдану үшін жазылған әліппе», «Балаларға ең алғаш білім берудегі педагогикалық тәсілдер туралы тәжірибе», «Ириней атайдың кітапшасы» атты еңбектерінде орын алады.

Бақылау сұрақтары

  1. 1917 -1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуының маңызы

  2. Ресейдегі мектепке дейінгі білім берудің ерекшеліктері

  3. Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуына ғалымдардың қосқан үлесі

1-7 әдебиеттерді пайдалану


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет