Лекция тақырыбы: Философияның пәні мен әдісі



бет4/5
Дата06.02.2023
өлшемі30,98 Kb.
#167662
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лекция

Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.
Оқытудың техникалық құралдары: кестелер, бейнефильмдер.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру
Деңгейлік тапсырмалар:
1 –деңгейлік сұрақ .
Философия және дүниетаным мәселесі
2–деңгейлік сұрақ.
Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі
3–деңгейлік сұрақ.
Философияның пәні, қызметтері, міндеттері мен алатын орны
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
ОБӨЖ тапсырмалары: Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері
БӨЖ тапсырмалары: Философияның мәдениеттегі алар орны
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т. Философия. Оқулық. Алматы, «Заң әдебиеті», 2018.

  2. Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 2- том, Орта ғасыр философиясы: оқулық. Алматы, 2018.- 400 б

  3. Темірғалиева Қ.А., Бәкірова А.Т. Философия: оқу құралы. Алматы, 2016.

  4. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихы:оқулық. Алматы, 2015.

  5. Алтаев Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Оқулық. Алматы, 2017.

6. Алтаев Ж., Қасабек А. Қазақ философиясы. Оқулық. Алматы, 2017.
7. Хрусталев Ю. М. Философия:учебник. 2015.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет