Лекция тақырыбы: Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі34,18 Kb.
#98034
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
12.Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі


12 Лекция тақырыбы: Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: бұл сабақта мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жергілікті деңгейде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы бойынша студенттерге ақпарат беру маңызды міндет болып табылады.
Тірек сөздер: мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, әкімшілік реформа, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу.
Лекция мазмұны:
12.1. Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау.
12.2. Мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
12.3. Жергілікті деңгейде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы

12.1.Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау.
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс көптеген елдерде экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар проблемалардың туындауына әкелді, саясаткерлер мен ғалымдардан қоғам мен әрбір адамның өміріндегі мемлекеттік басқарудың рөлін жаңаша бағалауды қажет етті.
Бүгінгі күні адамзат пен жекелей алғанда әрбір халықтың алдында тұрған мәселелердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге де тәсілдерді қолдануды талап етеді. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, түрлі себептермен (нарықтың дамуы, демократиялық үдерістердің тереңдеуі және т.б) мемлекет рөлінің әлсіреуі дұрыс ұйымдастырылмауға, хаос, анархия, әлеуметтік қақтығыстар мен шиеленістерге әкеліп соғатыны белгілі. Бұны бірқатар елдердің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі сәтсіз тәжірибесінен көруге болады. Жаңа талаптар мемлекетті өмірдің жаңаша талаптары мен жаңа өзгерістеріне бейімделуін қажет етеді. Дағдарыс жағдайларындағы мемлекеттің рөлі дағдарысқа қарсы шара қолданумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, қаржы секторы мен экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды ескере отырып, кешенді мемлекеттік саясат әзірлеуден көрінеді құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы заманауи шешімдер мен нақты іс-әрекеттерін қабылдауды көздейді.
Қазіргі жағдайда кез келген мемлекет үшін ортақ мәселе – елдің ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды факторы ретінде мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру болып отыр. Әкімшілік реформалар жүргізу бойынша шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру басқару әдістері мен нысандарын өзгерту, басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу, сондай-ақ ұйымдық құрылымдарды жаңғырту және оларды жаңа міндеттермен сәйкестендіру арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, халықтың және жеке тұлғаның тарапынан билікке деген сенімін нығайту маңызды міндет болып табылады. Қазіргі заман талабына жауап беру үшін мемлекет болып жатқан өзгерістерді негізге ала отырып, әкімшілік жүйесін реформалауға, саясаттың басымдықтарын айқындауға мәжбүр.
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бірнеше кезеңдерден өтті, олардың әр қайсысының өз ерекшеліктері болды және олар сол кезеңде мемлекеттік шешуі тиіс міндеттермен айқындалады. Осылайша, тәуелсіздіктің бірінші онжылдығында мемлекетімізге елдің қоғамдық өмірінің барлық саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін жедел құруына тура келді.
Бұл кезеңде ауқымы үлкен командалық-салалық басқару құрылымы айтарлықтай қысқартылып, оңтайландырылды және нарықтық экономиканың талаптары мен жаңа саяси процестерге бейімделген мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. Орталық басқару органдарын оңтайландыру негізінен әртүрлі мемлекеттік органдардың функцияларының қосарлануын болдырмауға, басқару буындарының санын азайтуға, сонымен қатар ведомствоаралық қарым-қатынас және жауапкершілік пен есеп берушілік мәселесін реттеуге мүмкіндік берді.
Қазақстанның мемлекеттік басқаруын одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары «Қазақстан – 2030» Стратегиясында айқындалды. Дамудың осы кезеңінде стратегиялық міндетті табысты іске асыру негізі жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі болды. Бұл кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар күрделі қайта құрулар жүргізілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы», 1999 жылғы 13 қазандағы «Мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыреттерін нақтылау жөніндегі іс-шаралар туралы», 2000 жылғы 13 желтоқсандағы «Жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы» Жарлықтарға қол қойды.
Қайта құру жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдардың қызметінде шешімін таппаған мынадай мәселелер болды:
– мемлекеттік аппарат үлкен күйінде қалды;
– мемлекеттік басқарудың горизонтальдық және вертикальдық деңгейлерінде функциялардың қайталануы сақталды;
– бюджетаралық қатынастар саласында өзгеріс енгізу талап етілді;
– жекелеген мемлекеттік органдардың жұмысы ашық болмай қалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы мәселелерді шешу үшін басқару және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру деңгейлеріарасындағыөкілеттіктердіажыратубағдарламасыдайындалды. Бағдарламада Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды жүргізу барысында негізге алынатын қағидаттар бекітілді. Оның ішінде ең негізгілері: мемлекеттік басқарудағы тікелей және жанама басқарудың ара жігін нақты ажырату; құрылымдардың қайталануын болдырмау; мемлекеттік басқару функцияларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; бюджеттік мәселелермен бірге өкілеттіктерді бөлу мәселелерін шешу; мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту және және т.б. болды.
2004 жылдың 17 қыркүйегінде әкімшілік реформаны өткізу бойынша өткен кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде кең ауқымды әкімшілік реформаның басталғаны туралы жариялады. Ол мемлекеттің дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын айқындап берді, атап айтқанда:
- орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру;
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалау. Бұл мемлекеттік басқаруды орталықтандыруды, жергілікті билік органдарына жалпы мемлекеттік саясат шеңберінде жергілікті даму мәселелерін дербес шешуді ұсынуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруды көздейді;
– мемлекеттік басқаруды қағазбастылықтан арылту. Шаруашылық субьектілерін тіркеу рәсімін жеңілдету, «бір терезе» тиімді қағидатын енгізу, электрондық үкіметті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені ұсынылды;
– мемлекеттік қызметті жетілдіру, ұлттық және шетелдік оқу орындары негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет