Қашықтықтан оқытудың қолайлылығы жоспарланған оқыту формасы тәрізді электронды
және басқа да технологиялардың көмегімен жүзеге асатын арнайы әдістерді талап ететін
арнайы ұйымдастыру мен әкімшілік мәселелер құруға байланысты.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — жоғарғы білім беру жүйесінде мәнді
инновациялардың бірі, яғни ақпараттық қоғам мен білім қоғамының даму
бағдарламасымен байланысты қазіргі білім беру парадигмасының мәнді элементі ретінде
қарастырылады. Еліміздің бірқатар ғалымдары да қашықтықтан оқытуды дамыту
мәселелерін зерттеуде өз үлестерін қосуда.
Қашықтықтан оқыту қазіргі кезде үздіксіз білімді қамтамасыз ететін оқытудың
бірден бір формасы болып табылады. Олай дейтініміз, басты орында қашан да сапалы
білім тұрады. ХХІ ғасыр білім, ғылым және сапа ғасыры болғандықтан, Қазақстанның
білім беру жүйесінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен күнге
жаңарып жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, еңбек нарығындағы
бәсекелестіктің артуы осыған дәлел. Соған сәйкес әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім
берудің орны ерекшеленіп тұр. Сондықтан бүгінде елімізде білім берудің қашықтықтан
оқыту технологиясы жақсы жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарды
компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мәселесіне зерттеу жүргізу және талдау жасау
еңбекке қабілеттіліктері шектеулі жандарды оқытудың компьютерлік технологияларына
қаншалықты бейімделетінін анықтайтын
аналитикалық есеп
жасауға мүмкіндік туғызады.
Білігін бейімделу үдерісі мәселесіне зерттеу жүргізу және талдау жасауға мүмкіндік
жасайды. Алынған аналитикалық есеп мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруін
жақсартуға арналған мүгедек мамандарды АКТ жабдықталған заманауи кәсіпорындарға
жұмысқа орналастыру және кедергісіз ортаны құру сияқты айрықша маңызды сұрақтарды
шешуге жағдай жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі
мәселелерін зерттеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға
бейімделу үдерісін зерттеудің қазақстандық және әлемдік тәжірибесіне шолу жасалып,
зерттеу және талдау жүргізіледі.
Жүргізілген зерттеулер негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік
оқытуға бейімделу үдерісі бойынша оқытушыларға арналған факультативтік курстарды
құру әдістемесі әзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: