Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктері Лекция жоспары: Педагогикалық кәсіби қасиеттер Мектеп мұғалімі



бет5/7
Дата18.02.2022
өлшемі60,92 Kb.
#132312
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№ 1 лекция

Ұйымдастырушылық біліктілігі


Білік-әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. "Білікті әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерін тандай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді. Біліктің қалыптасуының және дамуының ең тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы шарттары:

  • тұжырымдалған ережені түсіну;

  • орындайтын, қажет әрекет бейнесін қалыптастыру;

  • жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелілігі жөнінде хабар алып отыру болады. Бұлар педагог, студенттердің т.б., оқу- тәрбие үдерісіндегі біліктілігі негіздерін құрайды.

Күрделі біліктіліктер қатарына педагогтің тек атқаратын негізгі функциясына қатысты іс-әрекеттерден де басқа әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырушылығы да жатады.
Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарлы, күн тәртібіне негізделеді. Сондықтанда мұндай іс-шаралардың күн-тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы, босқа уақыт өткізуден, жалаңдықтан, формалдылықтан сақтандырады. Мұндай іс-шараларда сөз өнерінің, тілдің маңызы зор.
"Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас" үшін, сөз сөйлей білушілікті аддымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән әкелетінін, өзара қарым-қатынасымыздың жанды көпірі,-деп түсінген жөн.
Дәмді сөйлеп, дәйекті, бол! -дейтін қағиданың да астарында қарапайым өмірлік сыр-сабақ жатыр. Сөздің қадір қасиетінің мәнін жоймау себебін адам
жаратылысының ұдайы санальшыққа ұмтылуымен ғана түсіндіруге болады. Ал сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады.
Мұндайда тіл тазалығына мән берген дұрыс. Өйткені, тіл-халықтың сонау ғасырлық санасы мен зердесінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған, тарихтың жауындары мен дауылдарынан да желкенін жықпай өтіп, халықпен бірге жасасып келе жатқан қасіретті құбылыс, талайды тақымына басып, талайды шаңына көмген тарихтың өзі тәнті боларлық киелі қасиет.
Дағды туралы
Дағды - еңбек және басқада іс-әрекет барысында белгіленген дәлдікпен және шапшаңдықпен ойын, міндеттерін орындауда, қайталау нәтижесінде алған білік негізінде қалыптасқан әрекет. Сондықтанда дағды біліктілікпен тығыз байланысты.
Егер адам қандай да бір нәрсені істей білсе және ол әрекеті жиі қайталанса, ол автоматтандырылады, орындау жеңілдейді, оған кететін энергия шығыны да азаяды. Десекте, мұның бәрі мақсаттылық пен саналылық бақылауы арқылы жүзеге асып отырады.
Көбінесе ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысты, жағдайды жылдам, бір сәтге, бағалай алу, соған байланысты мүмкіндіктер шеңберінде әрекеттсрді жоспарлау, атқаратын жұмыстарды бөлу, бақылау, жұмыс барысында жәрдем беру, соңында іс-әрекеттерге баға беруте қатысты дағдыларға дұрыс пікірлер айтылады.
Дағды да, біліктілік сияқты практикалық іс-тәжірибе негізінде қалыптасады.
Педагогикалық шеберлікке барар жол.
Педагогикалық энциклопедияда: ”Шығармашылық - дегеніміз адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғары формасы” – деп анықтама берілген. Ал адамның белсенді де дербес іс-әрекетінің шегі жоқ алуан салалы. Тұтас педагогикалық үдерісс мұғалім мен оқушы арасындағы өзара тығыз байланысты іс-әрекетпен сипатталады. Бұл жерде еске алатын нәрсе мұғалімнің қызметінің ерекшелігі өсіп-дамып келе жатқан жас адамның ішкі жан дүниесін үнемі сезе білуі. Сондықтан ешбір оқулық та, бағдарлама да мұғалім мен бала арасындағы жанды ынтымақтастықты алмастыра алмайды. Бұдан туындайтын ой: бүгінгі мектептегі педагогикалыық үдерісте мұғалімді де, оқушыны да бірдей шығармашылық позицияға қоятын педагогикалық ситуация туғызу. Кезінде көрнекті ғалым-педагог Б.П.Есипов мұғалімнің еңбегіне мән беріп, оқушылардың шығармашылық еңбегі жаңа бір нәрсені жасау, табу мен ғана шектелмей, оның со жаңаны табуға, жасауға жету жолында, әдісін де қамтитынын түсіндірген.
Педагогикалық-психологиялық және философиялық, социологиялық зерттеулерде әсіресе, соңғы жылдары дүниежүзілік іргелі ғылыми ашулар негізінде білім беру жүйесіндегі білімдарлықпен қатар адамның еңбектегі шығармашылығы шешуші орын алатынын дәлелдейді.
Мәселен, ғылым саласында Нобель сыйлығының лауреаттары басқа елдермен салыстарғанда сан жағынан АҚШ-та басым. Өйткені, АҚШ-тың білім беру жүйесінде шығармашылық жоғары сатыға қойылған. Мектеп
тәжірибесінде оқушылардың таланты мен қабілетінің дамуына, олардың ойлау іс-әрекеттерімен дербес идеяларының орындалуына оқу үдерісін ұйымдастыру барысында да, сабақтан тыс, жұмыстарда да мұғалім тарапынан ешбір тежелу жасалынбайды. Ал мұндай жағдай балалардың мектеп жасынан бастап-ақ қабілеттерімен бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік туғызады да, таланттардың шығуына жол ашады.
Шығармашылық - бұл белгілі қатынастар арқылы өзара байланысқан және өзгеру жағдайында педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызметтің жүйесі. Педагогикалық шеберліктің іске асуы байқалатын тәжірибені мақсатты және белсенді түрде пайдалануға байланысты. Шеберліктің ең жоғарғы деңгейіне жетудің жолы жан-жақтылықпен оның құрамына енетін педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуы мен сипатталады. Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалімдердің өз білімдерін және жұмыс әдістерін жаңартып отыруы – мамандық заңдылығы. Сондықтан мұғалім педагогикалық әрекеттерді іске асыру әдістерін меңгеруі тиіс.
Шындығында, педагогикалық қызмет өз табиғатынан шығармашылық сипатқа ие. Көптеген типтік және жалпы педагогикалық міндеттерді шеше отырып, мұғалім зерттеуші сияқты өз әрекетін ізденістердің жалпы ережелеріне педагогикалық жағдайды талдау, нәтижелерді бастапқы мәліметтермен салыстыра отырып жобалау, іздеп отырған нәтижеге жарамды қолда бар нәрселерді анықтау, оқу-тәрбие үдерісін іске асыру, алынған міндеттерге баға беру, жаңа мәліметтерді тұжырымдау қызметін атқарады. Осыған орай әрбір мұғалім педагогикалық қызметті шығармашылықпен жүргізу талап етіледі. Осы жерде
В. А. Сухомлинскийдің мектеп жетекшілеріне айтқан сөзін келтірген жөн: ”Егер, сіздер, педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіздер, күнделікті сабақ іш пыстыратыын бір сарынды міндетке айналмасын десеңіздер, әрбір мұғалімді шығармашылық еңбектің бақытты соқпағына түсіріңіздер” (В. А. Сухомлинский. Мектептің жас директорымен сырласу. Алматы, ”мектеп” баспасы, 1987. 70-бет).
Педагогикалық шеберлік мазмұны және олардың көріністері
Педагогикада педагогикалық шеберлік ұғымына аса көп мән береді. Десекте, әлі күнге оның мазмұны мен құрылымы жайлы ортақ пікір қалыптасты деу қиын.
Педагогикалық шеберліктің негізгі ерекшеліктері бағдарлық қабілеттілігі, педагогтік әдептілік, айқын сөйлеу екпіні, педагогтік техника, педагогтік тәуекелдік, бедел болып табылады.
Бағдардық қабілет адамды қалыптастыру қоғамдық қатынастар жүйесінде, мақсатты тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны дөлелдейтін қағида оқыту мен тәрбие берудің ғылыми теориясының бірден-бір негізгі болыл табылады. Барлық түйін адамның көрегендік негізінде деп есептейтін биологизаторлық қөзкарасқа қарама-қарсы педагогика ғылыми тұқым куалаушылық факторлардың белгісі бар, рөлі барлығын жоққа шығармайды, жеке бастың қабілеттері мен қасиеттерін адамның өмірі мен қызметі продесінде қалыптасып, дамиды деп дәлелдейді.
Табиғат адамға ішкі мүмкіншіліктер негізін салып береді, олар белгілі бір әлеуметтік жағдайларда болмаса, көзге көрінбей қалуы да мүмкін. Бұл оптимистік педагогиканың концепциясы, тәрбие мен оқыту, ісінің барлық теориясы осыған негізделеді. Олай болса қазіргі кезде иителлектуалдық ерекшеленетін, дарындылық, қабілеттілік бейімділік, байқататын оқушыларды анықтау, оларға қамқорлық, бағыт бағдар беруде педагоггің бағдарлық қабілеттілігі маңызды қасиет болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет