Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен маңызы Лекция мақсаты мен міндеттері: Педагогикалық шеберлік, оның



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата22.12.2021
өлшемі394,72 Kb.
#127411
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-лекция
Matematika, A ауа b к н c топыра d жары e таби ат Ежелгі грек ойшылы Фалес, ИКТ 3 ответы, license, license, license, license, license, license, Турсынхан Д, 777, «Бастауыш сынып оқушыларына сабақтан тыс жұмыстар арқылы экономикалық білімін қалыптастыру»
Педагогикалық  өнер  түсінігі  және  педагогикалық  шеберлік.

  

Мұғалімдер  мен  тәрбиешілерге  тән  педагогикалық  біліктілік,  шәкірттер 



бойында  білім,  ептілік  және  дағдылар  қалыптастыру  мүмкіндіктері  және 

олардың өз бетінше іске асу жағдайларын жасау бірдей емес. Педагогикалық 

қызметте 

әртүрлі 


жетістік 

деңгейлері 

кездеседі. 

Педагогикалық 

әрекеттестіктің  әрқилы  деңгейлері  мен  сипатын  сөзбен  өрнектеуде  бірнеше 

термин  түсініктер  колданылады:  «педагогикалық  өнер»,  «педагогикалық 

шеберлік», «педагогикалық техника», «педагогикалық технология». 

Педагогикалық 

іс-әрекет 

пен 


оқу-үйретімнің 

ең 


жоғары 

жетістігін 



педагогикалық өнер

 деп атау қабылданған. 

Педагогикалық өнер – бұл педагогикалық үдерістің жоғары тиімділігін 

айқындаушы белгілі кәсіптік, іскерлік және тұлғалық сапалардың бірлігі. 

Педагогикалық  өнер  педагогтың  кәсіби  қызығушылығымен,  дамыған 

педагогикалық  ойлау  және  сезімталдығымен  ұштасқан  психологиялық-

педагогикалық білім, ептілік және дағдылардың барша шындығын мүлтіксіз 

меңгере білуінен қалыптасады. 




Педагогикалық  өнердің  мәнді  де  маңызды  бір  қыры  – 

педагогикалық 

шеберлігі

.  Нақтырақ  айтсақ,  шығармашылдығы  жоқ  педагогикалық  еңбек 

болмайды,  болуы  да  мүмкін  емес,  себебі  шәкірттер,  жағдайлар,  педагогтың 

өзіндік  тұлғасы  қайталанбас  құбылыстар,  осыдан  қалаған  педагогикалық 

шешім қай уақытта да бірыңғай қалыпқа келмейтін осы жағдайлардан бастау 

алады.  Педагогикалық  шығармашылдық  бірегей  де ерекше  құбылыс 

болуымен ғалым, жазушы, әртіс қызметтерімен етене жақын келеді. 

  

Педагогикалық  шығармашылық  мәні,  көбіне  өз  алдына  дербес, 



сонымен  бірге  қайталанбас  оқу-үйретім  жағдайларына  сәйкес  әрекетке  келе 

білуді - өз іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық білімдер тұрғысынан пайымға 

салу,  сондай-ақ  автоматтасқан  және  автоматтаспаған  бірліктердің  ара 

қатынасын  дұрыс  топшылау  қабілеттерімен  орынды  байланыстыра  білуден 

аңғарылады.  Педагогикалық  шығармашылдықтың  анайылылығы,  оның  қай 

жағдайда  да  мақсатты  бағдар  сипатына  ие  болуында:  үдеріс 

қатысушыларының  өзара  баю,  байытуын  қамтамасыз  етеді,  мұғалім  және 

шәкірт  шығармашыл  қызметтестігіне  дем  береді.  Бір  жағынан,  педагогтың 

шығармашылыққа  тікелей  араласуынан  шәкірт  танымы  кеңейеді,  алға 

ілгерілейді және қандай да бекім, нәтижеге келеді. Екінші жағынан, педагог 

өзі  ойлау,  таным  жөніндегі  ғылымның  тарихи  кезеңдері  мен  оның  негізгі 

даму заңдылықтарын еріксіз меңгеріп барады. 

Өзегі  «жоғары  мәртебелі»  шәкірт  болған  «педагогикалық»  болмысты 

қайта  жасауға  бағытталған  мұғалімнің  белсенді  іс-әрекетінің  аса  жоғары 

формасы  –  бұл  педагог  шығармашылығы.  Аталған  орайда,  егер  мұғалімнің 

жасампаздык  іс-әрекеті  ғылыми  теориялық-педагогикалық  білімдер 

түрғысынан,  өзіндік  дербес  кәсіби  бағдар  таңдауға  көмектесетін 

педагогикалық  болмыстың  нақты  сәтІнде  кәсіптік-шығармашыл  міндеттерді 

шешудің  бірегей  де  тиімді  жолдарын  түзу  сиякты  көрсеткіштерімен 

сипатталатын  болса,  педагогикалық  шығармашылдық  өз  дәрежесінде 

болғаны.  Бұл  өз  кезегінде  педагогикалық  шығармашылдықтың  қызметтік 

өрісін  кеңейте  түседі.  Педагог  шығармашылдығы  екі  алғышартты  арқау 

етеді: 

1) бір тұтастықтағы көптеген психикалық үдерістер, қалыптар және тұлғаның 

жеке  дара  психологиялық  қасиеттерінің  (сезімталдық,  қиял,  саналы және 

бейсаналы  бастаулар,  табандылық,  сындарлылық,  еңбеккерлік,  жоғары 

сөйлеу мәдениеті) өзара әрекеттестігі - ішкі, жан-дүние шарттарын кұраса

2)  шығармашылықтың  сырттай  шарттары  қатарына  білімдер,  дүниетаным, 

педагогикалық  техника  мен  ойлау  және  өзіндік  сана  мәдениеті,  педагогтың 

дербес кәсіптік бағыт-бағдары, көзқарасы кіреді. 

Шығармашылдықтың  кұрамдас  бөліктерін  педагог  тұлғасының 

мазмұндық  бірліктері,  педагогикалық  болмыстың  педагог  сезімінде, 

санасында,  есінде  бейнеленуінен  пайда  болған  өнімдері  ретінде  де 

қабылдауға  болады,  әрі  бұлардың  бәрі  мұғалімнің  шығармашыл  қуаты  мен 

мүмкіндіктерінің нәтижесі. Шығармашылдық құрамын педагог барша кәсіби 

іс-әрекетінің үздіксіз барысында қалайды. Психикалық іс-әрекеттер негізінде 

ерекше  «дәнекер»  есебіндегі  шығармашылдықтың  құрамдас  бірліктері 



жетіліп  барады.  Осы  бірліктердің  арқасында  кәсібиліктен  шеберлікке, 

шеберліктен  жанпидалыққа  жетелеуші  дербес  кәсіби  бағыт-бағдар 

қалыптасады.  Осыдан  шығарылатын  қорытынды:  шығармашылдықтың 

құрамдас  бөліктерінің  қандай  да  бірі өз  қызметінде  әлсіздік  танытса, 

педагогикалық табысты күтудің қажеті де болмайды. 

Педагогикалық өнердің маңызды бөлімі – бұл педагогикалық шеберлік. 

Педагогикалық  шеберлік  тұлғаның  тәлімі  мен  қалыптасу  үдерісіндегі 

педагогикалық  өнердің  толық  іске  асуын  қамтамасыз  етуші  ептіліктер  мен 

дағдылар қорының педагог тарапынан мүлтіксіз меңгерілуінен көрінеді. 

Әдетте,  «шеберлік»  өз  кәсібін  жете  меңгерген  жұмыскердің  бай 

тәжірибесімен  байланысты.  Оның  қалыптасып,  кемеліне  жетуі  тәжірибеге, 

тәлім,  тәрбие  істерінің  құралдарын  шығармашылдықпен  түсіне,  пайымдай 

білуіне  тәуелді.  Сонымен  бірге  кәсіби  мәселелерді  шешуде  тиімді  әдістер 

жүйесін  қолданып,  жоғары  сапада  орындай  алуда,  педагогикалық  ықпалды 

жеке-даралыққа  келтіріп,  педагогикалық  әдеп  сақтаумен  қарым-қатынасқа 

түсу  мен  ортақтасуда,  еңбекке  ынталандырудың  әсерлі  жолдарын 

пайдалануда көрінеді. 

Сондай-ақ 

педагогикалық 

шеберлік 

мазмұнын 

келесідей 

көрсеткіштермен саралауға болады: 

1) психологиялық-педагогикалық ой-өріс; 

2)  дамыған  кәсіптік  қабілеттер  (кәсіби  қырағылық,  болашаққа  сенімді 

болжам,  епті  ұйымдастырушылық;  шапшаң  ауысымдылық,  жауап  әрекеттер 

сәйкестігі, педагогикалық сезімталдық); 

3) педагогикалық техника меңгерімі (мұғалімнің балаларға ықпал жасаудағы 

өзіндік тәсілдер жүйесі). 

Шебер  педагогқа  тән  негізгі  сипаттар:  күрделі  мәселелерді  түсінікті 

тілмен,  ұтымды  да  ұғымды  формада  ұсына  білу  ептілігі,  өз  әрекетімен қай 

баланы  да  еліктіре  білуі,  шәкіртті  белсенді  іс-әрекетке  келтіріп,  оны 

шығармашыл  білім  ізденісіне  бағыттау:  бақылай  білу,  өз  өміріне,  оның 

әркилы  қылық-әрекетінің  себептеріне,  олардың  қалыптасуына  ықпал 

жасаушы  деректер  мен  құбылыстарға  талдау,  өзінің  қызмет  мәнерін 

ескерумен  білімдену  кеңістігін  ұйымдастырудың  нақты  шарттарына 

сәйкестікке,  теориялық  және  қолданбалы  психологиялық-педагогикалық 

білімдерді,  озат  педагогикалық  жетістіктерді  өзгеріске  келтіріп,  жаңалап 

бару. 

Педагогикалық шеберлік шеңберінде мазмұн мен әдістеме саласындағы 



мұғалімнің  өрісін  ғана  емес,  оның  адамзат  білімдері  мен  тәжірибесін  епті, 

түсінікті, орынды әсер жолдарымен жеткізу тәсілдерін меңгерумен ғана емес, 

тәрбиеленуші көңіл-күйін жоғары да нәзік сезімталдықпен тану қабілетін де 

ескерген  жөн.  Ұстаздың  бұл  қасиетін  шәкірттері  оның  іс-әрекетін 

болжастыра,  ұйымдастыруынан,  қамқорлы  да  белсенді  өзара  жәрдемге 

негізделген іскерлік және өзара түсіністік жағдайларын жасауынан байқауға 

болады. 

Оқу-тәрбие  үдерісінде  шексіз  кезігіп  жататын  педагогикалық 

міндеттерді  жоғары  табыс  дәрежесінде  шеше  білудің  жаңа  әдістері  мен 



формаларын  іздестіруге  болған  ынталылықты  да  -  педагогикалық 

шеберліктің  аса  маңызды  қырынан  десек  қателеспейміз. Сонымен  бірге, 

кейбір  мектептерде  мұғалімдер  қызметін  бағалаудың  бірден-бір  беделді 

белгісі ретінде ғылым мен педагогикалық болмыстың табиғи байланысынан 

сырттай  қалған  мұғалімнің  ғылыми  дайындығы  оқу  үдерісінің  қажетті 

тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі өз 

ішіне  ол  айналысқан  кызметтің  психологиялық  құрылымындағы  барша 

бірліктерді  таза  күйінде  қамтиды  әрі  оның  өз  ғылыми  ізденістерінен 

құралады,  яғни  мұғалім  шеберлігі  –  біртұтас  -  ғылыми  педагогикалық 

шығармашылдықтың  өнімі.  Педагог  шеберлігі  теориялық  білімдер  мен 

тәжірибелік ептіліктердің табиғи бірлігінен туындайды. Ал шеберлік деңгейі 

мұғаліммен  әрекеттестік  қатынасқа  түскен  шәкірттерге  бағытталған 

педагогикалық  ықпал  тәсілдерін  меңгеруі  мен  олардың  нақты  жағдайларға 

сәйкестік дәрежесіне тәуелді. 

Бүгінгі  педагогикада  қабылданған  ереже:  педагогикалық  шеберлік  -  бұл 

дамыған  психологиялық-педагогикалық  өй  толғастырудың,  педагогикалық 

білімдер, дағдылар, ептіліктер және жарқын да түсінікті ұсына білудің көңіл-

күй,  еріктік  кұралдарының бірігімі.  Егер осы  бірігім  тұлғаның  сапаларымен 

ұштасатын  болса,  педагог  әрқашан  да  өзіне  жүктелген  оқу-тәрбие 

міндеттерін 

табысты 

шешуіне 


мүмкіндік 

алады. 


          Педагогикалық  шеберлік  құрылымы  күрделі  де  көп  қырлы,  ол 

педагогикалық  іс-әрекет  мазмұнымен,  кәсіби-шығармашыл  міндеттерімен 

айқындалады.  Педагогикалық  шеберліктің  өзекті  бірлігі  сондықтан 

педагогикалық 

қызметтің 

шығармашыл 

болуына 

негіз 


беретін 

дамыған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет