Бақылау сұрақтары:
Руникалық жазу ескерткіштерінің мәлім болған аймақтары.
Алғашқы әріп жазуының бір тармағы.
Орхон-Енисей жазулары.
Көне түркі алфавиті.
Есік қаласында табылған қорым туралы.
Қажетті әдебиеттер:
С.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы.
Ғ.Айдаров. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.
7-лекция. Тақырыбы: Графикалық жүйе болып қалыптасқан көне түркі руникалық алфавиті.
Жоспары: 1. Руникалық көне түркі алфавитінің құрамы.
2. Дыбыстардың таңбалануы.
3. Жіңішке әріптердің жуан әріптердің орнына қолданылуы.
Лекция мақсаты: Студенттерге лекцияда көне түркі алфавитімен таныстырып, оның құрамымен, дыбыстардың таңбалануындағы ерекшеліктеді түсіндіріп, көне түркі таңбаларымен таныстыру.
Лекция мәтіні: Көне түркі алфавитінің құрамында 35 әріп және дауыссыздардың тіркесін білдіретін 4 таңба бар. 35 әріптің 4-і 8 дауысты білдірсе, қалған 31 әріп 16 дауыссыз дыбысты белгілейді. 11 дауыссыз дыбыс жуан-жіңішке вариантты таңбаларымен ажыратылады, ал 6 дауыссз фонема жеке таңбалармен белгіленеді. Көне түркі әліпбиі көне түркі тілінің фонетикалық құрылымын бейнелейтін қалыптасқан графикалық жүйе болып табылады. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінің тілі бір-біріне өте жақын. Сондай-ақ, мамандар пікіріне сүйенсек, диалектілік ерекшеліктер де айқын аңғарылады. Мұндай ерекшеліктер фонетикалық, лексикалық, кейбір грамматикалық ауытқулардан көрінеді. Көне түркі жазба мұралары барлық түркі халықтарына ортақ мұра. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері дүниеге келген VІ- VІІІ ғ.ғ. Түрік қағанатының құрамында қыпшақ, оғыз, ұйғыр, түргеш т.б. көптеген түркі тайпалары болды. Осындай көне түркі тайпаларының диалектілері негізінде көне түркілік жазба әдеби тіл қалыптасқандығын ескерткіштер тіліндегі диалектілік ерекшеліктер айғақтап отыр.
Академик Ә.Қайдаров және М.Оразов еңбектерінде Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілін екі топқа бөліп қарайды:
1) Көне оғыздар мен қырғыздар тілінен дерек беретін Орхон-Енисей жазулары. Негізіг ерекшеліктері:
1) ң, н, й дыбыстарының алмасып қолданылуы;
2) сөз соңындағы ғ-мен в-ның орнына б дыбысының қолданылуы;
3) сөз басында б,м дыбыстарының алмасуы;
4) көсемшенің –ып, -іп қосымшаларының орнына –пан қосымшасын қолдану;
5) ІІ жақ өткен шақтың –тығ, -тығыз қосымшасының болуы;
6) ІІІ жақ бұйрық райдың –сук, -чук формасының болуы;
7) етістіктің –сығ тұлғалы рай қосымшасының болуы;
8) -ғырынч демеулігінің қолданылуы.
Түркітанушы ғалымдар қазіргі түркі тілдерімен салыстыра отырып мынадай ерекшеліктерді көрсетеді:
Фонетикалық ерекшеліктер бойынша:
а) сөз басында о,ө дауыстылары кездеспейді; у,ү өте сирек ұшырасады.
б) ғ, г, б, д ұяң дауыссыздары сөз соңында жиі ұшырасады.
в) сөз басында екі дауыссыз кездеспейді, түбір мен қосымшаның жігінде жиі кездеседі. Көне жазбалар тілінде з-д-т-й сәйкестіктері жиі байқалады (атғыр-адғыр-азғыр-айғыр), т-д (тегрі-дегрі «дейін»), ч-ш (кічі-кіші), е-й ( ел-ил), ң-й (қоң-қой), н-й (анығ-айығ) сияқты қазіргі түркі тілдеріне тән дыбыс алмасуларын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |