4. Темперамент және iс-әрекет
Адамның жеке динамикалық бiтiстерi оның сырт-тай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана
емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттерi мен қызмет бабынан кө-рiнедi. Темперамент
ерекшелiктерiнiң оқу мен еңбек ба-рысына ықпал етуi табиғи құбылыс. Дегенмен, темпера-мент
айырмашылықтарындағы басты қасиет - олардың пси-хикалық мүмкiндiктер деңгейiнде емес,
өзiндiк iске асу көрiнiстерiнде.
Егер iс-әрекет қалыпты жағдайда жүрiп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында
ешқандай тәуелдi байланыс болмайды. Бұл ғылыми дәлелденген. Сонымен, тұлғаның қалыпты
жағдайдағы әрекет нәтижесi оның шап-шаң не енжар екендiгiне қарамай, бiрдей өлшемде бола-ды,
себебi соңғы өнiм нәтижесi басқа факторларға, әсi-ресе сеп-түрткiлер мен қабiлет деңгейiне
байланысты келедi. Темперамент ерекшелiктерi сол әрекеттi орындау тәсiлдерiн өзгертуге ықпал
жасауы мүмкiн.
Темпераментiне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен
ажыралады. Темпераменттiң тума ерекшелiктерi тәжiрибе, әлеуметтiк ортаға және өз басын билей
алуға байланысты психикалық процестерде көрiнiс бередi. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция),
бiр жағынан жүйке жүйесiнiң сипатына, екiншi тараптан - оқу тәрбие мен кәсiби тәжiрибеге
тәуелдi (Р.М.Грановская). Мысалы, тәжiрибелi ұшқыш-тың, боксердiң, жүргiзушiнiң әрекет
шапшаңдығы тума бе-рiлген қасиет емес, жаттығу мен үйренудiң нәтижесi. Ал сол әрекеттердiң
iске асу шегi жүйке жүйесiнiң мүмкiндiктерiмен анықталады.
Көптеген кәсiби қызметтер үйрету, оқытумен ке-мелденбейдi, ондайда темперамент бiтiстерi
шек қояды. Мысалы, домбыраны әркiмде тартуы мүмкiн, ал шебер күшi болу - кемде-кем адамға
берiлген өнер. Мұндайда маман дайындау үшiн кәсiби таңдаумен бiр кәсiби бағ-дарлы тәрбие
әбден қажет. Психологиялық ерекшелiк-терiне негiздеп, кәсiби мамандандырылған адамдар өз ең-
бегiнде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.
Адам iс-әрекетiнiң жемiстi болуы сол адамның тем-перамент ерекшелiктерiне тiкелей
байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тiлдесу қажеттiгi көп
жерде, бiр өмiр қалпынан екiншiсiне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пай-
даланған абзал. Ал флегматиктер әрекетте сылбыр, енжар көрiнгенiмен, жай, бiрқалыпты, тұрақты
бiр тәртiппен орындалатын қызметтерде өте тиiмдi келедi. Қайталануы көп, жалықтыратын,
қарапайым iстерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда
онша шаршап-шалдықпайды, көп қайталанған әрекеттен олар жалықпайды. Ал қызмет бабы мен
әдiстерi шектелген, еркiн қимылға мүмкiндiк жоқ жерде – сангвиник пен холерик типтi де
шыдамайды.
Оқу мен тәрбиенi оңтайластыру мен олардың ти-iмдiлiгiн көтеру жолында әрбiр педагог өз
шәкiртiнiң тем-перамент типiн мүмкiндiгiнше нақты анықтап алған жөн. Осы тұрғыдан
мұғалiмдерге кеңес: холериктiң оқу iстерiн мейлiнше жиi бақылауға алған дұрыс. Бұл типтi
оқушымен қатты сөзбен, жекiрiп қатынас жасауға тiптi болмайды - қатынасқа сай келеңсiз жауап
әрекет болуы сөзсiз. Сонымен бiрге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әдiл бағалануы
тиiс. Сангвиниктердi үздiксiз жаңа, қызғылықты, зейiн тоқтатып, белгiлi күш жұмсауды талап
еткен iстерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсендi iс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей
жеткiзiп тұру қажет.
Флегматик қызғылықты, белсендi әрекетке келiп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны
бiр iстен екiншi-сiне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс iстеуде дөрекi сөз,
тұрпайы қатынас қана емес, тiптi жай дауыс көтеру, әзiл-оспақтың өзi орынсыз. Онымен жiберген
қате-кемшiлiктерi жөнiнде оңаша әңгiмелескен жөн. Оған ерекше назар бөлiп, әрқандай iс-
әрекетте көрсет-кен белсендiлiк ұшқыны үшiн де мезетiнде мақтап, қоше-меттеп бару керек.
Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүм-кiндiгiнше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Ме-
ланхолик - өте сезiмтал, өкпешiл тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейiрлi, жақсы ниет бiлдiре,
қатынасу керек.
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз iс-әрекетiн жүзеге келтiруi тiкелей
темпераментке байла-нысты. Темперамент психикалық процестердiң желiсiнде көрiне отырып,
еске түсiру, қабылдағанды бекiту жылдамдығына ықпалын тигiзедi, ой жүйрiктiгi мен зейiн тұ-
рақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |