Қайталау сұрақтары:
1.
Темперамент дегеніміз не?
2.
Мінез бен темпераменттің арақатынасы неде?
3.
Мінездің құрылымы.
9 апта
№ 6 Тақырыбы:
Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани
негізі ретінде
Жоспар:
1.Тұлға жөнінде жалпы ұғым.
2.Адам индивид, тұлға, жеке-даралық, іс-әрекет субъектісі.
3.Тұлға құрылымы. Тұлға теориялары.
4.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. Тұлғаның өзіндік санасы.
1. Жеке адам жөнiнде түсiнiк
Ә
леуметтiк
қатынастар субъектi әрi әлеуметтiк мәндi қасиеттердiң иегерi ретiнде әрбiр
адам - жеке адам
болып сипатталады.
"Жеке адам" түсiнiгiмен қатар бiздiң қолданымы-мызда "адам", "дара адам (индивид)",
"даралық (индивидуальность)" терминдерi бiрге жүр. Бұл түсiнiктердiң әрқайсысы өз
ерекшелiктерiмен ажыралады, бiрақ бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Осылардың iшiнде ең
жалпыланған, көп қасиеттердiң бiрiгiмiн - "адам" түсiнiгi қамтиды. Адам - өмiр дамуының ең
жоғарғы деңгейiнiң көрiнiсi, қоғамдық еңбек барысының жемiсi әрi табиғат пен әлеуметтiк
болмыс тұтастығын аңдататын тiршiлiк иесi. Алайда, адам әлеуметтiк-тектiк мәнге ие болғанмен,
ол жалпы табиғат туындысы ретiнде - дара адамдық (индивид) сипаты жағынан жанды мақұлық
дүниесiнен бөлектенбейдi.
Дара адам - "homo sapiens" тектiлердiң өкiлi, адам-дық даму нышандарының иесi - нақты
адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтiк қабылдаған қайталанбас ерекшелiктерi
мен қасиеттерi.
"Жеке адам" түсiнiгiне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәндi сапалары еленедi.
Адамның әлеуметтiк мәнi оның қоғаммен байланысында қалыпта-сады да көрiнiс бередi.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өл-шемдерi (эталон) әрқилы келедi. Қоғам
социологиясы нақты қоғамның психологиялық типiн анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең
жоғарғы да жетекшi деңгейi-
Достарыңызбен бөлісу: |