Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Құқық қорғау жүйесіндегі информатиканың рөлі



бет30/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Құқық қорғау жүйесіндегі информатиканың рөлі.

Информатиканың даму кезеңіндегі ең бір болашақ ағым – ол компьютерлік жүйенің мағлұматтарымен толық қанық болуы. Мұндай жүйелер қазіргі уақытта барлық жер жүзінде құрылуда. Олардың негізгі мақсаты – көп межелік шешімдерді әрекеттің ең қиын жағдайында қабылдануын қолдау. Ал ондай жағдайлар адамның іс-әрекетінің әр түрлі саласында пайда болуы мүмкін, ол дәрігерлік, әскери істе, басқармада және қиын техникалық құралдарды пайдаланымға берген кезде іске асады. Мағлұматтарға негізделген компьютерлік жүйелер құқық қорғау органдарының қылмысты әшкерелеу және тергеу жұмыстарында өз орнын алу керек екендігіне негіздеме жасауға болады.

Қылмысты ашу (әшкерелеу) және тергеуде компьютерлік жүйені жасау мен енгізу мынадай шарттармен анықталады:


  • құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмысты ашу және тергеу жұмыстарын жүргізу кезінде олардың жиынтық тәжірибе жасау істерінде көптеген қызметкерлердің жеткілікті тәжірибелерінің болмауы;

  • тергеу жағдайының қиындығы, бірегейлігі, олардың көптеген қылмыстық істерден тұратындығы, қабылданған шешімдердің соңғы нәтижелерінің жетіспейтіндігі, сонымен қатар басқа да көптеген назар аударатын әртүрлі жиынтық факторлардың болуы;

  • осындай әрекетте ғылымның басқа саласынан күрделі техникалық құралдарды және әдістерді пайдаланудың қажеттілігі, әсіресе бұл қылмыстық-техникалық жұмыстарды және сонымен қоса сот сараптамасын жүргізгенде өзіндік мәні бар;

  • қиын шешімдерді қабылдау кезінде, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде, уақыттың шектеулі болуы.

Қылмысты ашу және тергеу барысында шешім қабылдау ісі өзінің мазмұны жағынан алуан түрлі болады. Ол – қылмыстық процессуалды, қылмыстық-құқықтылық, әдістілік, сараптылық, шұғыл іздестіру, ұйымдастыру – басқарма шешімдері болып келеді. Қылмыстық мағлұматтар басқа білім жиынтығынан алынған мәліметтермен бірге тактикалық, сараптылық, шұғыл іздестіру мақсаттарында іске асырылады. Барлық қабылданған шешімдер интеллектуалды компьютерлік жүйе құру негізінде болған жағдайда тек бір ғана тәсілді пайдалану керек. Әшкерелеу мен тергеу барысында пайдаланатын интеллектуалды компьютерлік жүйенің жалпы аты – қабылданған шешімді қолдау үрдісінің жүйесі.

Қазіргі компьютерлік бағдарлама жоғары оқу орындарында, сонымен қатар тергеушілер мен қызметкерлердің мамандығын жоғарылату мекемелерінде жеткілікті түрде пайдаланылады.

Сөйтіп, айқындау техника құралдарының негізінде алынған информатиканың мәліметтерін пайдалану ғылыми мағлұматтарды енгізуді жеделдетеді, олар қылмыстық істерде ғылыми зерттеуден және қылмысты ашу және тергеу тәжірибесінен өткен істер ретінде қарастырылады.

Информатиканы пайдалану әдісінің нәтижесі, тергеушілер мен жедел-іздестіру қызметкерлерінің жұмысына қажетті жеткілікті жетілдірілген, кең және бірыңғайлау бағдарламасы арқылы қамтамасыз ететін аппарат жасағанға әсері болуы керек.

Қылмыстық және сараптылық тәжірибесінде информатика берген мәліметтерді пайдаланудың тиімді әсері мынадай жағдайда іске асады: біріншіден, еңбектік операцияларды реттеуден; екіншіден, дәлелдемені әдістемелік қамтамасыз етуді жақсарту; үшіншіден, әртүрлі қиын көп сатылы шешім қабылданғанда мағлұматтарға негізделген жүйе пайдалануды оңтайлы етуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет