Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Алқабилер институтын құрудың құқықтық және әлеуметтік мәселелері



бет32/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Алқабилер институтын құрудың құқықтық және әлеуметтік мәселелері.

Алқабилер институтын енгізу мүмкіндігі ҚР Конституциясының 75 бабының 2 бөлігінде: «Заңда көрсетілген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдердің қатысуымен жүзеге асырылады» - деп айқын көрсетілді. Елбасы 2005 ж. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде сот билігін алқабилердің қатысуымен жүзеге асыру керектігін атап өткен.



Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мами еліміздегі демократиялық құқықтық реформаларды жетілдіру үшін сот ісін алқабилердің қатысуымен жүргізудің мәні ерекше екендігін баса айтқан болатын. Сондай-ақ болашақта алқабилердің қарауына отбасылық істерді де беруге болатыны жайлы мәселе көтерген. Сөйтіп, Алматы қаласында 2004 ж-ң 23 желтоқсанында сот ісін алқа билердің қатысуымен қарайтын институт құру жөніндегі заң жобасын талқылайтын жұмысшы тобы құрылды. Олардың ұйымдастыруымен болған жиналыста қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарудың іс жүргізушілік бағыттары Жоғарғы Сот судьяларының, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі және саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен талданды. Алғашқы мәжілісте сотталушының, айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігін анықтау мәселелерін қарау кезінде кәсіби судья мен алқа заседательдері бірігіп жүзеге асыру үшін алқабилердің қатысуымен өтетін соттың құрлықтық жүйесі ҚР Конституциясының 75 бабының 2 тармағына сәйкес енгізілуі қажеттігі туралы айтылды. Құрлықтық үлгіде сот ісін алқабилердің қатысуымен емес, шеффендердің (асессорлардың) қатысуымен өткізу жүйесі ұсынылған. Ал, ҚР үшін құрлықтық және классикалық үлгілерді саралай отырып, шетел үлгілерін нақ солай көшірмей, біздің қоғамымыздың ерекшеліктеріне лайықты, қолайлы жүйені таңдау маңызды. Жалпы, әлемде сот ісін жүргізудің бірнеше үлгілері бар. Олардың қатарына: классикалық немесе англо-американдық, франко-германдық немесе құрлықтық үлгілерді жатқызуға болады. Бұл ретте құқықтық жүйесінің дамуы жөнінен көптеген шетел мемлекеттерінде алқабилер соты тиімді түрде жалғасын тауып келеді. Австарлия, Дания, Бельгия, Испания, Норвегия, Швейцария секілді елдерде құрлықтық жүйе бойынша іс қараудың тәсілдері пайдаланылуда. Әлемдік тәжірибелерге сүйенсек, бүгінде кейбір елдер алқабилер сотының классикалық үлгісінен бас тартуда. Мысалы, Францияда халық заседательдерінің өзіндік мәні болса да, іске шеффедердің құқықғында (кәсіби судьямен бірыңғай алқа) қатысуы орны алған. Германияда жеке шеффендердің ұлттық институты құрыла отырып, аудандық соттарда судьямен бірге халық өкілдері алқа заседательдері құқығында емес, алқа заседательдерінің қатысуымен қаралады деп көрсетіледі. Ұзақ пікірталас пен талқылаулардан кейін біздің еліміз үшін құрлықтық жүйе лайық деп табылды. 2006 ж. 16 қаңтарда «Алқабилер туралы» Заңға қол қойылды. Ол Заң 2007 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енеді.

Алқабилер соты дегеніміз – заңды басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлі немесе кінәсіздігі туралы ар-ұятқа жүгіне отырып кесім шығаратын халық өкілдерінің соты болып табылады. Ресей ғалымы М.И.Клеандаров: «Алқабилер тікелей сот актісін шығаруға қатыспайды, олар оны жазбайды және оған қолдарын қоймайды, бірақ олар қылмыс жасаудағы айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы ішкі сеніммен кәсіби судьяның қатысуынсыз өз бастамаларымен кесім шығарады» - деп көрсетеді.яғни кесімді ар-ұятқа сүйене отырып, өзінің көзқарастары мен өмірлік тәжірибесінің негізінде шығарады. Жалпы, алқабилер деп тиісті ценздік жағдайлардағы талаптар сақталған, қабылданған тізімдегі адамдар санынан тұратын, таңдалып тағайындалатын тұлғалар тобын айтуға болады. Алқабилерді тағайындау мәселесі де терең қарастыруды талап етеді. Билер мемлекеттік тілді толық меңгерген, жоғары зерделі, ойлы, жан-жақты, білімді, өмірден түйгені мол, ұйымдастырушылық қабілетке ие, парасатты, шешен әрі жасанды мінез-құлықтан жат, жалған әрекеттерге жол бермейтін, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын, ел мүддесін ойлайтын, тиісті тексерістен өткен тұлғалар болуы қажет. Алқабилер міндетін атқару - әрбір тізім бойынша тағайындалған азаматтың міндетті борышы. Сондықтан әрбір сайланушы алқаби алқаби әділ сот билігін жүзеге асыруға өз үлесін қосып, мемлекет тарапынан жүктелген міндетке құрметпен қарауы керек.

ҚР алқабилер институтын құруда алқабилер институтын құрудың тәртібіне, алқабилер мен кәсіби судьялардың өкілеттіктеріне, алқабилердің қатысуымен өтетін ерекшеліктеріне, сондай-ақ іс жүргізу барысындағы іс-әрекеттерге, алқабилер шешуге жататын мәселелердің қалыптасуына (дайындалуына), алқабилер сотында қойылатын сұрақтардың мазмұына, сондай-ақ, ол сұрақ іске қатысушы алқабилерге түсінікті болуына, мемлекеттік тілді толық меңгермеген адамдарға алқа заседательдері болып қатысуына жол бермеу мәселесіне, алқабилердің іске қатысу кезіндегі этикасына, алқаби шешімінің әрі қарай шағымдалу, шағымдалмау мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Алқабилерге қатысты заң мен кез келген нормативті актілер міндетті түрде алдымен мемлекеттік тілде қабылдануы өте маңызды.

Алқабилер институты ҚР-да құқықтық негізде құрылған жағдайда оның құрамына тағайындалатын әрбір алқабилердің адамгершілік қасиетіне ерекше көңіл бөлінген дұрыс. Себебі, объективті шешім шығару саналы, ақылды парасатты байыпты адамлардың ғана қолынан келетінін ескерген дұрыс. Алқаби өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық істің мән-жайын бағалауға міндетті. Алқаби сот ісін жүргізу кезінде өзіне қойылған талаптарды мүлтіксіз орындауға тиіс.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның сот жүйесіне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу құқықтық реформаларды одан әрі жетілдіру және сот билігінің халықпен бірге бірлесіп жұмыс істеуіне, сот процесінің жұртшылық өкілдеріне жариялы болуына ықпал етері сөзсіз.

Мемлекетімізде құрылған алқабилер институты моделі халқымыздың ұлттық, тарихи, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Бұл ретте біздің еліміздегі басым көпшіліктің пікірін ескеріп, құрлықтық жүйені енгізу ыңғайлы. Сонымен қатар, алқабилер тек кесім шығарып, заң нормалары бойынша талап етілетін үкімді кәсіби судьяның шығарғаны жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет