Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы.
Оқыту – динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтвйтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді. Рейтинг – ағылшын тілінде torat – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.рейтинг жүйесінің мақсаты:
оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әдәлдәгән орнықтыру;
оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;
оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру;
тексеруде уақытты үнемдеу.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты бодырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орныдау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.
Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу матариалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндерінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалының белгілі бір бөліктерінен тұрады. әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өз бетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.
Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:
а) күнделікті немесе ағымдық (текущий);
ә) аралық (рубежный);
б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдьдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тараулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.
Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жргізіледі. Ол аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын қолдануға болады. Дегенменде, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі,
тест бақылау нәтижесін нақты көрсетеді;
уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;
бақылау бір мезгілде барлық оқушылардықамтуға қол жеткізеді;
тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.
Қорытынды бақылау: сынақ (зачет), емтихан.
сынақ (зачет) жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі;
емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.
Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықталады. Ол бірнеше нұсқада жасалуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |