Несиелік қабілеттілікті арттыру механизмі.
Соңғы уақытта экономикалық көрсеткіштердің ішінде несие саласында айтарлықтай өсу байқалуда. әлемдік тәжірибеде ипотекалық несиелерге кепілдік беру (сақтандыру) ипотекалық нарықтың дамуында маңызды рөл атқарады. Қазақстандағы ипотекалық нарықтың даму қарқынының жылдам болуына қарамастан, халық үшін ипотекалық несие беру бұрынғысынша шектеулі болып қалуда. Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры (Қор) 2003 жылдың аяғында ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық банкінің бастамасы бойынша коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде құрылған.
Қордың мақсаты халықтың ипотекалық несие алуын кеңейту, яғни халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін жоғарылату және жүйенің қызмет етуінің сапасын жақсарту болып табылады.
Нысанаға жету үшін Қор өз серіктестерінің ипотекалық несиелер беру кезіндегі тәуекелін азайта отырып, екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының несие көлемін ұлғайтуына мүмкіндік береді. Ипотекалық несиелер берумен айналысатын екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының негізгі басым көпшілігі – Қордың серіктестері болып табылады.
Қорды құрудың және қызмететуінің негізгі міндеттері ипотекалық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейлерін төмендету үшін, несиелердің мерзімін ұлғайту үшін және ипотекалық несие беру кезінде бастапқы жарнаны төмендету үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ ипотекалық несиелерге кепілдік беру (сақтандыру) жүйелерін және сақтандыру нарығының сәйкес сегментін құру болып табылады. Қордың алғашқы жарғылық капиталы 500 млн. теңгені құраса, қазіргі таңда 2005-2007 жылдарда тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жарғылық капитал 2,0 млрд. теңгеге дейін жетіп отыр, алдағы жылы жарғылық капитал 4,3 млрд. теңгеге дейін өседі деп көзделуде. Қазіргі уақытта Қор акцияларының 75 %-ы ҚР Қаржы Министрлігінің, ал қалған 25 %-ы ҚР Ұлттық Банкі иелігінде.
Қор кепілдігін алу үшін, несие алушы ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы – банк арқылы, қорға сыйақысын төлеу жөніндегі келісім-шартқа тұрады. Қор тікелей заем алушымен /несие алушы/ жұмыс істемейді.
Қор сыйақысын несие алушы төлейді. Сыйақылар үлестірімі: несие мерзімдері бойынша 3 жылдан 20 жылға дейін; несиенің кепілзатқа қатынасы 70 %-дан 93%-ға дейін бөлінген. Сыйақының екі түрі бар: біржолғы және жыл сайынғы. Біржолғы сыйақылар қайтарымды болып келеді. Сыйақы мөлшері: 0,23 %-дан 2,24 %; жыл сайынғы 0,05 %-дан 0,17 % дейін (Мысалы: 2-ші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарынан 1 млн.теңге сомасында 20 жылдық мерзімдік несие алған жағдайда Қордың кепілдігін алу үшін орташа бір жолға тек қана 14 000 теңге төлеу қажет).
Қазақстанда бәсекелесетін банктің секторы мен ипотекалық несиелер нарығының болуы ипотекалық несиелерге кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін құрудың маңызды шарты болып табылады. Жүйенің қызметі көптеген азаматтардың, қазіргі кездегі жоғарғы бастапқы жарнаны төлеуге мүмкіндігі жоқ жастардың, сондай-ақ жоғары емес, бірақ тұрақты еңбекақысы бар тұлғалардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға көмектесу. Мысалы: Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға кепілдік берудің заемщик (қарыз алушы) және кредиторлар үшін тиімділігі: атап айтқанда:
қарыз алушының 10 % құрайтын бастапқы жарнама несие алуына мүмкіндігі;
қарыз алушының 20 жылға дейін несие алу мүмкіндігі;
несие алушының дефолтқа ұшыраған жағдайын кредитордың несие бойынша залалын қысқарту т.б.
Сонымен қатар,
ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесін енгізу;
тттұрғын үйге деген сұранысты жоғарылатуға тұрғын үй құрылысын кеңейтуге, сәйкес салалардың дамуына жағдай жасай отырып, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесу;
тттабысы орташа, жжинағаны аз мөлшердегі халықты, соның ішінде жас отбасыларын тарту, сондай-ақ тұрғын үй нарығын кеңейту елдің аймағындағы жұмыс күшінің жұмылдырылуын жоғарылатуға көмектесу.
Сонда несиелік механизмінің арттыру жолын шешуге мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |