Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет36/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Құқық туралы негізгі түсініктер.

«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъектитік (тұлғалық) мағынада қолданылады.

Субъективтік (тұлғалық) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндет де болады. Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан, ҚР Конституциясында былай жазылған: «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс» (6 бап). Яғни бұдан шығатын қортынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті баянды етеді.Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет – құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет