Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Құқықытық норманың логикалық құрылымы



бет39/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Құқықытық норманың логикалық құрылымы.

Әрбір құқықтық норманың ішкі құрылысы бар. Оның құрылысы белгілі құрамды бөлшектерден тұрады: гипотеза (болжам), диспозиция (мінез-құлық ережесі) және санкция (жаза, шара). Құқықытық норманың мұндай құрылысын логикалық құрылым деп атайды.

Құқықтық норманың гипотезасы – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы варианты нақтылы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық норманы тірілтеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса, заңды бұзушы тиісті жауапқа тартылады. Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы ҚР-ң азаматтары болса, бала да Қазақстан азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі дейді. Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама гипотеза дейді.

Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлшегі. Диспозиция – құқықтық норманың ұйытқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза және санкциямен бір байланыста болғанда ғана диспозиция өзінің реттеушісі қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; ә) бейнеленген диспозиция, егер мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; б) сілтеме диспозиция – егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтесе.

Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемелекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығынкөрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті – анық; ә) баламалы; б) салыстырмалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет